Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті Экономика, басқару және құқық факультеті



бет3/6
Дата17.10.2023
өлшемі63.81 Kb.
#480899
1   2   3   4   5   6
хк банк иси

Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде
қалыптасты және заңды түрде 1867жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы
конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшанын жалғыз формасы болып есептеледі.

Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:
1.Бұл жүйенің негізі – алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық
құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.
2.Әрбір валютаның алтынға аыйрбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша
ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс
жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3.Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге,
алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарығында
сатылады.
4.Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында катаң
арақатынас орнатылады.

Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы
түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады,
яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды. Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
Екінші, валюталық жүйе заңды түрде 1922жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда белгіленді.

Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес,
вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта ретінде
доллар мен фунт стерлинг қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық
жүйенің құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық жүйенің
дағдарысы тереңдей түсті.
Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ)
халықаралық конференцияда бекітілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет