Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті Экономика, басқару және құқық факультеті



бет5/6
Дата17.10.2023
өлшемі63.81 Kb.
#480899
1   2   3   4   5   6
хк банк иси

Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1. негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде
жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай
алады;
2. валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге
асырылады.

Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға
қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді. Ямайка келісімінде қабылданған
СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді. Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестірілді. 1944жылдың шілде айынан бастап, СДР–дың алтындық құрамы алынып тасталды. СДР курсы валюталық кәрзеңке негізінде анықталды.

Валюталық кәрзеңке – 16 ел валюталардың орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 -нен кем болмауы тиіс.
1978 жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзенкенің құрамы мұнай
экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты
түзетілді. 1981жылдын 1 қантарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға
дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат – СДР-дың шартты құнын есептеуді
жеңілдету.
Бұл валюталарға жататындар: АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені, француз
франкі, ағылшын фунт стерлингі.
Валюталық кәрзеңке – бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын
басқа валюталар жиынтығына қатысты өлшеу. Валюталық кәрзеңкені есептеуге
мынадай элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталық компоненттердің
көлемі, долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы. Көптеген
экономистердін пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрі несие болып
табылады.
Біз жоғарыда СДР резервтік валюталық бірлікті қарастырдық, сонымен бірге,
резервтік валюталық бірліктің тағы бір түрі бар. Ол – валюталар
кәрзеңкесінің құны негізінде анықталған ЭКЮ бірлігі.
 3.Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі.
Қазіргі халықаралық валюта- несиелік қатынастардың дамыған институционалдық құрылымы бар. Бұл құрылымның құрамдас бір бөлігі халықаралық валюта- қаржылық және несиелік ұйымдар болып табылады. Олар өздерінің қызмет сипатымен де, орналасқан географиялық аумағымен де ерекшеленеді. Олардың бір бөлігі тек қана валюта- қаржылық немесе несиелік мәселелермен шұғылданса, бірқатары дәл осы мәселелерді кеңейтілген контексте қарастырылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде халықаралық валюта қоры және Бүкіл
дүниежүзілік банк тобы әрекет етеді. Формалды көзқарасқа сәйкес олар БҰҰ-
ның мамандандырылған мекемелері болып есептелгенімен өздерінің іс- қимылы
мен әрекеттерінде толық дербестікке қол жеткізген.
Валюта несиелік қатынастар халықаралық сауда қатынастарымен тығыз
байланыста екендігін ескерсек, онда БҰҰ-ның сауда және даму
Конференциясының (ЮНКТАД, 1964 жылы құрылған, 3-4 жылда бір рет шақырылады) валюта- несиелік проблемаларды талқылауға қатысатындығына ешқандай таңырқаудың жөні жоқ. Дегенмен, ЮНКТАД-тың мысалы, Халықаралық валюта қоры сияқты нақты шешімдер қабылдайтын функциялары жоқ. 80-ші жылдары Солтүстік пен Оңтүстік елдері арасындағы қайшылықтардың күшеюіне байланысты ЮНКТАД қызметі өзіне халықаралық қоғамдастықтың назарын аударып, жіті бақылауға алынды. Кейінірек ЮНКТАД бүкіл әлемдік өзара тәуелділік мәселелерімен шұғылдана бастады. Айталық, ЮНКТАД қазір тауарлар мен қызмет көрсетулердің халықаралық айырбасын кешенді түрде қарастырумен қатар капиталдардың, технологиялардың, валюталық және қаржылық ресурстардың дүниежүзілік қозғалысы мәселелерін зерттеуге ауысты. Бұл ұйымның жетістіктерінің бірі ретінде дамушы елдердің сыртқы берешектерін реттеу жолдары мен әдістеріне арналған идеяларының өміршеңдігін атауға болады. БҰҰ шеңберіндегі үйлестіруші орган ролі соңғы онжылдықта ЮНКТАД ұйымының беделін арттырды және аталған проблемалар төңірегіндегі оның өкілеттігі БҰҰ-ның Бас ассамблеясының шешімімен бекітілді.

Валюта- несиелік мәселелер БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі
шеңберінде құрылған аумақтық комиссиясының қызметінде де өз көрінісін тауып
отыр.
1995 жылдан бері ГАТТ-ың орнын басып, ісін жалғастырушы Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымының қызметі басталды. Бұл ұйымның халықаралық сауда қатынастары еркіндігін өрістеуге қосар үлесі мол болары сөссіз. Мұның өзі
Б.С.Ұ.-ның валюта- қаржылық қатынастарға да зор әсері болатындығын
көрсетеді .Халықаралық валюта- несиелік қатынастардың институционалдық
құрылымдары арасында халықаралық және аумақтық даму банктері ерекше рөл
атқарады.
Манила (Филиппин) қаласында орналасқан Азиялық даму банкіне 55 мемлекет
мүше. Бұл банк ұзақ мерзімді несиелерді жүзеге асыру бағыттында қызмет
атқаратын көпжақты мекеме. 90-шы жылдардың орта шеніне қарай аталған банк
үштен бірі жеңілдікті жағдайдағы 50 млрд. доллар көлемінде несиелер берді.
Азия даму банкінің қызметінде инфрақұрылым салаларын қаржыландыру
мәселелері басымдықтарды пайдаланып отыр. Мұның өзі Азия- Тынық мұхиты
аумағы мемлекеттерінің инфрақұрылымды қаржыландыруға қажеттіктерінің өсе
түскенін көрсетеді. Егер Азия даму банкі бұдан бұрынырақ нақты жобаларды
несиелеу ісіне байқап барып, тәуекелдікті ауыздықтай отыра, несиенің бір
бөлшегіне ғана кепілдік беретін саясат ұстанып келген болса, 1995 жылдан
бастап мүдделі мемлекеттермен батыл, тығыз байланыстарға көше бастады.
Азия даму банкі бұрынғы КСРО республикаларына да несиелер беруді қолға
ала бастады. Айталық, 1995 жылдың соңында Азия даму банкінің директорлар
кеңесі Қазақстанға жалпы сомасы 120 млн. долларды құрайтын несиені беруге
дайын екендігін жариялады. Бұл несие агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын
қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған
болатын.Азия даму банкі 1973 жылы құрылған Азия даму қорын да басқарады.
Аталған қор Азияның ең кедейленген елдеріне 40 жылдық мерзімге дейін
процентсіз несиелер беруді мақсат тұтқан.

1966 жылдан бастап Африка континентінде Африка даму банкі жұмыс істейді
(штаб- пәтері Кот-д Ивуар мемлекетінің астанасы Абиджан қаласында
орналасқан). Банктің мүшелері қатарында африкалық және африкалық емес 25
мемлекет бар. Африка даму банкі қарыз несиені тек қана африкалық елдерге
береді. Сондай-ақ, ол эксперттік қызмет көрсетулер мен кадрлар даярлауда да
жәрдемдесіп келеді.
Америкааралық даму банкі (МаБР, штаб- пәтері Вашингтонда орналасқан) өз
операцияларына 1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. Банк өзіне мүше
елдердің экономикалық дамуын жеделдету мақсатында несиелер немесе
кепілдіктер беруді қарастырады.
Ислам даму банкісінің (ИБР, штаб- пәтері Сауд Арабиясының Джидда
қаласында орналасқан) мақсаты мүше елдердің экономикалық дамуына және де
мұсылман қауымдастығы мен басқа да мемлекеттердің өсіп- өркендеуіне
жәрдемдесу. Ислам конференциясы ұйымының шешімі бойынша құрылып, өз
операцияларына 1975 жылдың қазан айында кірісті.
Халықаралық валюталық- несиелік қатынастардың институционалдық
құрылымында Халықаралық есептеу банкі (Б.М.Р.) ерекше орын алады. Бұл банк
1930 жылы құрылған. Штаб- пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан.
Халықаралық есептеу банкінің ақша бірлігі болып алтын құрамында 0,29032258
г. таза алтын бар франк қызмет етеді.
Халықаралық және аймақтық валюталар
Халықаралық валюта және қаржы- несие нарықтары дүниежүзілік
шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды
буындарының бірі.

XX ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы нарықтарының қарқынды өсуімен
айқындалады. 1980 жылдан бастап дүние жүзінің дамыған елдерінің қаржы
активтері олардың ішкі жиынтық өнімдерімен салыстырғанда 2,5 есе жедел
көбейген. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара
қатысы 1980 жылы 10:1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 60:1 болған. Қаржы
нарығы дамуының негізінде қаржы айнымалының объективті заңдылықтары жатыр.

Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса, екінші жерде оған сұраныс
қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы- несие нарықтары бұл
қайшылықтарды дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді. Халықаралық
экономикалық қатынастар, соның ішінде дүниежүзілік сауда, қызмет көрсету
және капиталдар қозғалысы өздерін тұрақты түрде валютамен қамтамассыз етуді
қажетсінеді, ұлттық валюталардың сауда- саттығын талап етеді.

Дүниежүзілік валюта, несие, құнды қағаздар нарықтары қалыптасуының алғы
шарттарына мыналар жатады:
1) капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
2) шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
3) банкаралық телекоммуникациялардың дамуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет