Қожаберген Сабира. Мфпко-301 тобы Академиялық жазу. Жеке жұмыс 1-апта Рефлексия



бет2/2
Дата28.09.2023
өлшемі0.9 Mb.
#479011
1   2
Қожаберген Сабира Академиялық жазу

БӨЖ


Эссе
«Академиялық жазу» пәні мен үшін неге қажет?

«Академиялық жазылым» ұғымы нені білдіреді? Жалпы жазу, жазылым деген не? Жазу не үшін керек? Интернеттің дамыған заманында жазудың қажеті қанша? Электронды құралдардың, ұялы телефондардың мүмкіндігі орасан үлкен және баршаға қолжетімді қазіргі кезеңде жазудың қажеттігі аз болып көрінуі рас. «Алыс-жақын жерлерден жылдам хабар алғызған» электронды құрылғылар жазудың біраз түрін керексіз етіп шығарғанымен, жазу, оның ішінде академиялық жазылым, студенттік ортада, жұмыс кезінде кең қолданылады. Қазақ жастарының шетелдік оқу орындарында білім алуы, мектеп оқушыларының төменгі сыныптардан бастап шағын ғылыми жобалар орындауы, студенттер мен магистранттардың күрделі ғылыми зерттеулер жасауы, осының бәрі жазу әрекетінің маңызын жоймағанын, тіпті артып отырғанын көрсетеді. Оқушылар мен студенттер, магистранттар, докторанттар конспект, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік, докторлық диссертация жазу керек болса, жұмысқа тұрған кезде жазу қызметкердің нақты қызметтік міндеттеріне кіреді. Қандай да бір жұмыс туралы сараптамалық талдаулар, қорытындылар, есептер, қызметтік хаттар жаза білуі тиіс, сауатты жаза білу күнделікті өмірде де қажет.


Қазіргі студент – болашақ маман академиялық сауаттылық дағдыларын терең меңгермейінше, әлеуметтік кеңістікке шығуы мүмкін еместігін, кәсіби және ғылыми ортада оның бәсекеге қабілеттілігінің шектеулі болатындығын жоғары оқу орнына түскен кезінен бастап түсіне білу керек.

Глоссарий

Термин

Мағынасы

Риторика

Тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал ету

Ритор

Ұстаз, яғни риторика теориясының дамуымен қатар шешен сөйлеу өнеріне үйретуші кәсібінің түрі

Оратор

Шешен

Монография

белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек

Стиль

Қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі

Проза

әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман)

Тезистер

 дауласудағы кез келген тұжырымдар немесе біршама теорияға келетін мазмұндар

Дискурс

Белгілі бір саладағы қарым-қатынастың жүзеге асу тәсілдерін анықтайтын коммуникативтк және тілдік белгілердің жиынтығы

Лингвистика

 әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

Диалог

Екі не бірнеше адамның сөйлесуі

Субъект

 Болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші

Шешен

Тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері

Сауаттылық

 ана тілінің заңдары мен ережелерін оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде пайдаланудың берік дағдыларымен үйлестіре отырып білуі.

Декорация

Сөйлеуді өңдеу

Құзыреттілік

Жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе

Патенттер

Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат

Логика

Ойлау және оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым

Коммуникация

адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады

Эмоция

Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіргендіргіштер әсеріне реакциясы, қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл күй

Мимика

Бет әлпеттің қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір формасы

Инвенция

Имитациялық тәсіл негізінде шығарылған екі, үш дауысты аспаптық шағын пьеса



Лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет