Ойдамын. Жылдам оқу дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата27.10.2022
өлшемі449.47 Kb.
#463478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жылдам оқу кітабы

 
Сөздерді топтастырып оқу
 
 
Кітап оқығанда сөзден - сөзге секіріп оқимыз деп алдыңғы бөлімде айтқан 
болатынмын. Секіру уақыты 0,3 - 0,5 секундты құрайды.
Бұлай оқығанда көбірек уақыт жоғалтамыз. Әрі тиімсіз оқу жүйесі.
Мектеп кезінде бізге мынадай түсінік қалыптасқан: кітапты барынша мұқият 
әрі асықпай оқитын болсақ көбірек есте сақтаймыз деген. Бұлай оқу кітап 
мәнін түсінуге кедергі келтіреді.
Нейробиолог ғалымдардың зерттеуінше кітапты неғұрлым тезірек оқысақ, 
соғұрлым көбірек есте сақтаймыз.


Мектеп кезінде қалыптасқан оқу жүйесін тағы бір мәрте еске алып тексеріп 
көріңіз. Төмендегі сөйлемді асықпай әрі мұқият оқыңыз:
<<Таң ертең аш қарын ға бал жеу есте сақ тау қабі летін артты рады. Әрі 
адам ағ засын та зар та ды.Сиыр сү тін жиі ішу ол жүрек ті қайрат 
тандыра ды. Ұмыт шақ тық ты кетіре ді.>> 
Өзіңіз байқағаныңыздай бұлай оқу миды жалықтырады. 
Егер ылғи осылай баяу оқитын болсаңыз, онда миды баяу қабылдауға 
бейімдеп тастайсыз. Сіз асықпай оқыған сайын миыңыз ұйқыға кете 
бастайды. Көп оқырманның кітап оқығанда ұйқым келеді дейтіні сондықтан. 
Кітап мәтіндерін топтастырып оқуға дағдыланыңыз. Топтастырып оқу 
кезінде ми ақпартты еркін қабылдайды. Әрі мәтінмен жұмыс жасау ыңғайлы.
Сізге “ми жұмысын жақсартатын тағамдар” тақырыбындағы мәтін дайындап 
қойдым. Ол мәтіннің ерекшелігі сөздер топ - топ боп берілген. Қалай 
топталып берілсе солай оқыңыз: 
Күнделікті тұтынатын азық-түлік құрамында адам ағзасына
пайдалы түрлі дәрумендер болады. Соның ішінде миға пайдасы бар
азық та болуы керек. Біз тұтынатын азық-түліктің кейбірі 
миға пайдалы болса, кейбірі зиян екен.
Сарапшылар оны үш топқа бөлген: 
 
1. Мидың жұмысын арттыратын міндетті түрде жеу керек 
тағамдар. 
2. Күнделікті тұтынбайтын, бірақ миға қажетті дәрумендерді бере 
алатын тағамдар. 
3. Миға кері әсерін тигізетін тағамдар.
 
Бірінші топқа: жаңғақ, балық пен теңіз өнімдері, зәйтүн майы, 
көкөністер мен жеміс-жидектер кіреді. 
 
Бұл өнімдер миға оң әсер ететіндіктен, оларда сақталатын 
дәрумендер мен микроэлементтердің көп болуына байланысты
мүмкіндігінше тұтыну маңызды. 
 
Екінші топқа жеміс-жидек, майсыз сүт өнімдері, құс еті мен 
жарма өнімдерін қосамыз. Бұларды күнделікті тұтынудың 
қажеті жоқ, бірақ олар мидың қызметіне оң әсер етеді. 
 


Ал үшінші топқа мамандар тек, миға ғана емес, сонымен бірге 
бүкіл ағзаға зиян келтіретін – қуырылған тағамдар, қызыл ет, майлы
сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар мен тұзды жатқызған. 
--- 
Бұлай оқу сізге оңайға соққанын білемін. Себебі адам миы минутына 1000 
сөзді еркін қабылдайды. Жалықпай, ұйқы келмей т,б кедергіге ұшырамай 
оқиды.
Бұдан кейін қолыңызға кітап алып, мәтіндегі сөздерді 2-4 сөзге бөліп 
топтастырып оқыңыз. Топтастырып оқуға үйренгенше кітап мәтінін 
карандашпен бөліп алсаңыз болады. Кейін мәтінді ойша бөліп тастайсыз. 
Жаттығуды жасай келе кітаптағы сөздерді топтастырып көруге миыңыз 
дағдыланады.
Сөздерді топтастырып оқу арқылы оқу жылдамдығыңыз 3-4 есеге артады. 
Бұрын сіз кітаптың бір жолында 12 сөз болса, 12 рет секіретін едіңіз
топтастырып оқу арқылы 3-4 рет секіресіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет