• Шульте кестелерімен үздіксіз жұмыс істеу көздің көру аймағын
кеңейтеді. Көздің көру аймағының кеңейуі кітаптан 5-6 сөзді бір
уақытта көруге мүмкіндік береді;
• Сонымен қатар осындай кестелермен жұмыстың арқасында көздің
іздеу қимыл
жылдамдығы артады, ал бұл жылдам оқудың басты тәсілі
екені белгілі;
• Есте сақтау қабілетін дамытады;
Жаттығуды орындау әдісі:
Көзімізді ортада тұрған санға бағыттаймыз. Кестеде 5
саны дәл ортасында
тұр. Сіздің мақсат сол 5 санынан көзіңізді тайдырмай, ешқайда жылжытпай
қалған сандарды өсу ретімен табу керек.
Басты мәселе - тез табу.
Жаттығуды жасау барысында көзді ортадағы саннан тайдырмаңыз. Оңға,
солға, жоғары-төмен жылжытуға болмайды.
Жаттығудың қате орындалуы
Жаттығудың дұрыс орындалуы
Жаттығуды жасағанда мына ережелер есте болсын:
• Шульте кестесін А4 қағазға шығарып алып пайдаланыңыз;
• Шульте кестесін тек телефон арқылы жұмыс жасау нәтиже бермейді;
• Шульте кестесі мен көздің арақашықтығы 30-35 сантиметр болу керек;
• Бір дайындалғанда 10-20 минут ішінде бірнеше
кестемен жұмыс жасау
қажет болады;
• Шульте кестесімен жаттыққан соң міндетті түрде кітап оқу керек;
• Ең жақсы көрсеткіш: 1 санға 1 секунд уақыт арнағаныңыз. Сәйкесінше
25 саны бар шультені 25 секундта тапсаңыз, бұл жақсы көрсеткіш;
Сізді күтетін нәтиже:
Кестемен тұрақты жұмыс жасасаңыз көзіңіздің көру аймағы кеңейеді. Көздің
көру аймағы кеңейуі үшін кем дегенде 3-4 апта
кестемен тұрақты
жаттығуыңыз қажет. Сонда кітаптан 5-6 сөзді бір уақытта көресіз.
Егер 25 саны бар шультені еркін тауып жатсаңыз, 36 саны бар, 90 саны бар
шультелермен жаттығыңыз. Сәйкесінше көзіңіздің көру аймағы одан сайын
кеңейеді. 7-10 сөзді көретін боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: