БЖСМ оқу бағдарламасында 3-кесте дайындық түрлері бойынша уақытты бөлу
Дайындық түрлері
|
Топтарына қарай уақытты бөлу
|
Бастапқы дайындық
|
Оқу-жаттықтыру
|
Спорттық жетілдіру
|
Ілімдік
Жалпы дене
Арнайы дене
Әдістік
Тәсілдік
Интегралдық
Инструкторлық
Және төрешілік тәжірибе емтихандары мен сынақтары
|
|
|
|
Баскетболшыларды көпжылдық дайындау түзу жүйені көрсетеді, ол оқу материалы мен жаттығу жүктемесін біртіндеп, мүмкіндігіне қарай қатаң қадағалап өсірумен сипатта болады.
2.2. Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс жасау ерекшеліктері
Жас баскетболшыларды дайындауда өскелең ағзаның физиологиялық ерекшеліктері мен дайындық міндеттерін осы ерекшеліктерге сәйкестендіруге негізделеді.
Негізгі дағды мен білікті қалыптастырумен сәйкестендіріп, дене және қызметтік дайындықтың дұрыс әрі дер кезінде негізін қалау жоғары спорт нәтижелеріне жеткізетін жұмыстарды жүргізуге көмектеседі.
Мына жағдайларды ескеру қажет:
Жасына қарай бала ағзасы өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сан жағынан да (салмағы, бойы), сапа жағынан да әсер етеді. Сондықтан балаларға үлкендерге қоятындай емес, талаптардың көлемін азайтып, оларды баланың жасына лайықтап беру қажет.
Бала ағзасының дамуы үздіксіз әрі әрқалыпта жүреді. Белгілі бір кезеңдерде түбегейлі өзгерістер болады (өсу екпіні мен процестеріне қарай бойдың, бұлшықет салмағының өсуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы түрлі жас кезеңдерінде әртүрлі). Мысалы, жыныстық жетілу кезеңі ұлдарға қарағанда қыздарда ерте болады; 11-13 жаста қыздар бой мен салмақ жағынан ұлдардан озып кетеді; ұлдарда бұлшықет күші 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жаста қарқынды дамиды.
Балалардың дене сапаларының даму қарқыны мен басқа да қабілеттері белгілі бір кезеңдерге сәйкес келеді. Нәтижесінде белгілі бір дене сапалары мен басқа да қасиеттерін дамыту үшін қолайлы алғы шарт жасауға болады. Жауап беру шапшаңдығы, мысалы, 15-жасқа дейін дамиды, жоғары жылдамдықты арттыру 13-14 жаста барынша қарқынды жүргізіледі. Биікке секіруден жоғары нәтижелерге өсу ұлдарда 9-13 жаста байқалып, сосын бұл тұрақталады, ал бұл 15 жастан соң уақытша төмендейді.
Қимылдың әрбір түрінде ұлдар мен қыздардың жас ерекшелігі топтарына қарай көрсеткіші де әртүрлі. Сондықтан жас ерекшелігі дамуына қарай құрылған алғы шарттарды ескеру қажет.
Әрбір ағза жеке дамитынын есте ұстаған жөн. Күнтізбелік, құжаттың жасымен қатар, дене дамуы деңгейін, қимыл мүмкіндіктерін, жыныстық жетілу деңгейін, т.б. сипаттайтын биологиялық жасын да ескеру қажеттігі ұсынылады. Күнтізбелік жасы биологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |