Зерттеу объектісі. Бағдарлама студенттердің баскетбол командаларының спорттық жаттығуын, баскетболды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.
Баскетболдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі.
Ақпараттық және мәселелік дәрістерде баскетболдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, баскетболдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.
І-тарау. ОЙЫННЫҢ СИПАТЫ
Ойын туралы заманауй көзқарастар
Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады.
Ойын мақсаты – қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу.
Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.
соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85 ұпай);
аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 сеундта есеп өзгеріп отырады);
тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес.
Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі, өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.
Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты бағытта жүргізіледі:
орталық ойыншы – бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді болуы тиіс;
шеткі шабуылшы – бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;
қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді болуы тиіс.
Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу – ойын әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай да ажыратады.
Ойын әрекетінің нәтижелігі мидың уақытқа шапшаң жауап беру көрсеткіштерімен байланысты. Барынша шоғырланған мидың уақытқа шапшаң жауап беруі уақытты сезіну болып табылады, оны баскетболшының арнайы қабілеттерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. «Уақытты сезінуді» дамыту негізінде сезім кешендерінің әрекеті жатыр, яғни уақытты қабылдау кеңістікті қабылдаумен байланысты. Түрлі амплуадағы баскетболшылар уақыт аралықтарын айрықша қабылдай білуі қажет. Артқы сызықтағы ойыншылар 5-10 с аралығында бағдар алуы тиіс, бұл ойынды ұйымдастырумен байланысты, орталықтағылар, айып алаңындағы белгіленген ережелермен 3с аралығында, алдыңғы сызық ойыншылары лақтырудың тұрақты аралығымен 1с.
Командалар өз ойларын жасырын ұстанып және сонымен бір сәтте қарсыласының жоспарын ашуға тырысып, қарсыласынан озуға тырысады. Ойын өз команда ойыншыларының өзара әрекетімен және допты алып қойып, шабуылды ұйымдастыруға барлық күші мен білігін салған қарсылас жүргізіледі. Осыған байланысты бірінші кезекте ойыншының жедел ойлауына талап қойылады. Спорт ойындарының өкілдері спорттың көптеген басқа түрлерімен салыстырғанда шешім қабылдау шапшаңдығымен едәуір ерекшеленеді. Ойлау шапшаңдығы, әсіресе жағдайдың өзгеруі мүмкіндігін есепке алу қажет болғандағы, сондай-ақ көңіл-күйге қысым түскен жағдайларда шешім қабылдауда өте маңызды.
Баскетболшылардың ойын әрекетінің табыстылығын анықтайтын психофизиологиялық қызметті бағалау үшін қимыл әрекеттерінің шапшаңдығы мен дәлдігін, сондай-ақ зейінді аудару, бөлу және оның көлемін зерттеу әдістері қолданылады.
Допты торға салу үшін қарсыласының қарсылығын бағындыру керек, бұл егер ойыншы белгілі бір тәсіл мен әдіс амалдарын білетін болса, шапшаң қозғалып, бағыты мен қозғалыс жылдамдығын тез өзгерте білсе ғана мүмкін болады. Баскетболшының негізгі ойын әрекеттерінің параметрлер көрсеткіші 1-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |