Ойынның сюжеті мен мазмұны


Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар



бет5/5
Дата13.09.2022
өлшемі35.62 Kb.
#460681
1   2   3   4   5
ойын технологиясы

Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар:
1)Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады. Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет.
2)Қарым-қатынас мақсатты, дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады.
3)Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді.
4)Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫН – ерте жаста қалыптасады. Бүлдіршіндер тамақтанады, серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-аяқ жуғанын, басқа шаруалар орындағанын бақылайды. Соныменбірге балалар әр түрлі заттардыөздері пайдаланып немесе ересек адамдардың пайдаланғанын бақылап отырады. Осы жаста қалыптасқан дамудың әлеуметтік жағдайына байланысты, балалар ересек адамдардың іс-әрекеттеріне емес, олардың пайдаланатын заттарына қызығады. Балалар заттардың атауларын естеріне сақтап, оларды пайдалану туралы біліп, қасиеттерімен танысады. Мысалы, мынау – тәрелке, онымен сорпа ішеді, ботқа жейді, т.б. Балалар күнделікті өмірде істей алатын әрекеттерін өздерінің ойындарында көрсете алады. Балаларды ойынға қатыстыру үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін қоюды үйретеді.
Ойын міндеттері – ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға.Осы жаста ойын міндеттері мазмұны бойынша қарапайым болып келеді. Ойын міндеттерінің мазмұны қоршаған ортадан алынады. Ойында балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл қоршаған орта туралы алған әсерлеріне байланысты. Олар неғұрлым бай болса, ойын міндеттері соғұрлым көп болады. Ойын міндеттерін көбейтуге басқару мақсаты болмау керек, бала бір-екі ойын міндеттерін қойса, соның өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті.
Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:
-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту;
-балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.
Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге болатынын көрсетеді. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек.
Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қортынды алуға көмектеседі. Сан алуан ұлттық ойындар баланың тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде күш-жігерін жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар.
Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы – ойын барысында баланы жан-жақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге, жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерешеліктеріне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады. Әрбір ойын – балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу, ол – әр бір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?»деген сөз ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті – ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттердідамыту барысында балабақшада ойынның атқарар рөлі өте жоғары. Зерттеп қарасаңыз, бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Достарымен бірге ойнау баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсер етеді. Ойын барысында бала өзінің шебер ұйымдастырушы екенін, жігерлі, тапқыр екендігін байқатса, кейбір бала өз бойындағы менмендік, өкпешілдік, қыңырлық қасиеттерін көріп, ұялып, ол қасиеттерден арылуға бел буады. Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың, ауызбіршілікпен ұйымшылдықтың не екенін түсіне бастайды. Сонымен қатар қазіргі таңда балабақшада кеңінен насихатталып жүрген өзіміздің ұлттық ойындарымыздың алар орны ерекше.
Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе, мен өз сөзімді белгілі педагогтың: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа үйрететін де – осы ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.
«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады»,- деген данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби. Данышпанымыз айтқандай, тәрбиелік мәні зор ойындар ойната отырып, бала тәрбиесіне өз үлесімізді қосайық, ағайын!

Әдебиеттер


1. Бала мен балабақша.– №№2,5,9,10. – 2013.
2. Отбасы және балабақша. – №№2,3,5. – 2011.
3. Отбасы және балабақша. – №№1,3,4. – 2012.
4. Ұстаздық еткен жалықпас. – Алматы: Үш қиян, 2003.
Бала өмірінің алғашқы алты-жеті жылы – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бұл кезде ақыл-ой қабілеті, адамгершіліқ қасиеттері, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Баланың адам ретінде қалыптасуының осы жақтары қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде тәрбиеленеді.
Ойын – тәрбие берудегі ең тиімді амалдардың бірі. «Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуының ең үлкен мүмкіндігі балалардың ойынның үлкен маңызы бар екендігі атап көрсетіледі. «Бала қоғамының қалыптасуының ең үлкен мүмкіндігі балалардың ойын әрекеті арқылы қамтамасыз етілетінін қоғамдық тәрбие беру тәжірибесін көрсетіп отырса, ал зерттеу оны дәлелдей түсті, – деп атап көрсетеді. А.П. Усова «Ойын кезінде ғана балалардың қоғамдық өмірі бойынша толыға түседі». Ойын әрекетінің осы мүмкіндігіне сүйене отырып, А.П. Усова ойынды «қоғамдық» сапалы қасиеттерді тәрбиелеу амалы ретінде қарастырады. Бағдарлама ойынның әр түріне байланысты тәрбиелік міндеттерді айқындайды: қимылды ойындар балалардың қозғалысының жетілуіне, дидактикалық ойындар ақыл–ойының қалыптасуын, сюжетті-рольді ойындар моральдық және т.б. қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Ойынға берілген сипаттаманы жетекшілікке ала отырып, бұл белгілердің шартты түрде ұсынылғанын, ойынның әрбір түріне тәрбиешілердің назар аударуы керек басқа да мүмкіндіктер бар екенін ұмытуға болмайды. Мәселен, қимылды ойындар кездерінде қозғалыстың белсенді болуы тек қимыл аппараттарын ғана нығайтып қоймайды, сонымен бірге көбіне баланың жүйкелік–психикалық тұрғыдан жетілуіне де зор әсерін тигізеді. Қимылды ойындарды өте жинақы болуға жаттығу деп санай отырып, қимылды ойындар баланың ақыл–ойының айқын да ширақ, сезімі қызу, өткір, әрекетті ұйымдасқан жағдайда қалыптастырады.
Құрастыру ойындарында конструкторлық қабілет, шығармашылық қиалдаудан, эстетикалық сезімдердің жетілуінен басқа өз қиялын бақылау, оның күшін, бағытын ескеру дағдылары тәрбиеленеді. Құрастыру жұмысында мақсатқа жету ұстамдылықты, шыдамдылықты қажет етеді. Жұмыс нәтижесінде балалар іс жүзінде эстетикалық қуанышты, еңбек қуашышын танитын болады.
Әр түрлі ойынға белсенді қатысу баланың жігерін ұштап, өз күшіне сенімін арттырады.
Ойын мен ойыншық – ажырағысыз ұғымдар. Ойыншық – балалардың ойыны үшін арнайы жасалған зат. Бірақ бұл нағыз заттың кішірейтілген көшірмесі емес, барынша көркемдеп жинақталған сол заттың шартты бейнесі. Түрінің айқындығы, икемдігі, бояуының ашық және шартты болуы – осының бәрі баланы ойынға қызықтырып, онымен ойнауға ықыласын туғызады. Ойыншық – бала қуанышының қайнар көзі.
А. С. Макаренконың анықтамасы бойынша, ойыншық ойынның материалдық негізі болып табылады. Ойын барысында бала өз ойын, сезімін іске асырады, демек, бала қандай ойыншықтарды қолына алып, нендей ойынды ойнысы, оның ойлаған ойын, іс-әрекетін іске асыруы соған байланысты болады.
Ойыншықтар – моторлы ойыншық, сюжетті ойыншық, техникалық және құрылыс материалдары ойыншықтарды, дидактикалық ойыншық, қызықты ойыншықтар, музыкалық және театр көріністері ойыншықтары болып белгіленген.
Моторлы ойыншықтар ең алдымен балалардың негізгі қимылдарын, ұсақ моториканы дамыту мен жетілдіруге, қимылдың мәдениеттілігін тәрбиелеуге арналған. Ұсақ моториканы дамытуға мүмкіндік беретін ойындар мен ойыншықтарды іріктеуге айрықша назар аудару керек, өйткені мұның баланың қолын жазуға, еңбек етуге әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.
Сюжетті немесе моторлы ойыншықтар мінез- құлықтың жақсы жақтары: нәзіктік, үйірсектік, қамқоршылдық, көмектесуге ықыластық, сондай – ақ ересек адамдар мен олардың еңбегін құрметтеу, құрдастарымен ойнай білушілік және тағы басқа қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Техникалық ойыншықтар балаларға қызықты және қолайлы түрде техника жайлы түсінік береді, оған қызығушылығын тәрбиелеуге және ойынға деген осы қызығушылығын жүзеге асыруға көмектеседі. Механизмді техникалық ойыншықтар мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды білім құмарлыққа тәрбиелейді, ойыншықты қалай қозғалтуға білуге ұмтылысып, осы ойыншыққа ұқсас нәрсені өз бетімен жасауға ынтасын оятады. Осы тұрғыдан келгенде алмалы – салмалы ойыншықтар, конструкторлық және жартылай фабрикаттар жиынтығы ерекше құнда болып табылады.
Құрлыс материалдарының маңызы ең алдымен материалдың өзіндік ерекшелігімен айқындалады. «Сәби үшін жақсы ойыншық ол алуан түрлі қылып өзгертуге келетін ойыншық», – деп К. Д. Ушинский атап көрсеткен болатын. Әр түрлі жиынтықтардан, құрылыс материалдарынан құрастырып жасау – балалардың бейнелеу шығармашылығының тікелей ойынымен байланысты түрлерінің бірі, мұның эстетикалық беруде маңызы зор. Құрылыс материалдарымен ойнау процесінде бала адамның еңбек әрекетіне ұқсас жаңа бір нәрсе жасайтын болады: Бұл ойындар қарапайым жоспарлау ісін, міндеттерді анықтауды, материалды іріктеп алуды, әрекеттің жүйелілігі мен сәйкестігін, өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыруды және басқаларды қажет етеді. Сонымен бірге балалар пішін мен көлем, кеңістікке орналастыру туралы білімді игеретін болады.
Дидактикалық ойыншықтар – жинамалы -құрастырмалы және басқа ойыншықтар балалардың сенсорлық процестері мен жалпы дамуын жетілдіруге өте маңызды.
Қызықты ойыншықтарға қимыл мен оқыс жағдайлар тән, бұл ойыншықтар баланы қуантады, көңілді күлкі мен жақсы көңіл күйге бөлейді, ал ересектеу балалардың білуге құмарлығын оятып, әзіл оспақты түсінуге тәрбиелейді.
Музыкалық ойындар есту ықыласын, музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезінуін жетілдіре түседі.
Театрлы ойыншықтар балаларды театр көрінісін тамашалауға дайындайды. Сәбилер топтарында бұл ойыншықтарды тәрбиеші ертегі, күлкілі жағдайды әңгімелегенде көрсетеді. Ал ересек топтардың балалары бұл ойыншықтарды өздері драмалық ойындар және басқа ойыншықтар әзірлегенде пайдаланады.
Өздеріңіз байқап отырғандай бала балабақшадағы барлық тәрбие негізін өз бойына ойын мен ойыншық арқылы қалайды екен. Қазіргі таңда балабақшаларда ойыншықтар саны мен түрлері жетіспейді. Еліміздің болашағын нығайтатын ұрпақ тәрбиесіне бәріміз бірге атсалысайық демекпін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет