Ойлау мәдениетінің пайда болуы



Дата07.11.2023
өлшемі0.61 Mb.
#482563
Ойлау мәдениетінің пайда болуы

Ойлау мәдениетінің пайда болуы

ОРындаған:Селеусін Әмина

Тексерген: Ағыбаев Ағыбай


Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады.
Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады
  •  Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз. Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады.
  • Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ол адамның сыртқы дүниемен қарымқатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ол қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер салу мен танып білуге деген қызығушылықтан туындайды.

Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, жаңалықты бiледi.
Ойлау - әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi.
Және ол объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.
Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көреді.
Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Жалпы философия дегеніміз адам және оның дұниедегі орны жайлы ілім.
Философия термині гректің «phileo» және «sophia» яғни, даналыққа құштарлық,даналықты сүйемін деген сөздерінен шыққан. Философия терминін алғаш қолданған Пифагор болып табылады.
Философия – даналыққа құштарлық
(Пифагор).
«Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді»
(Т. Гоббс).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет