Ойлаудың философиялық түрі сын және күмандау Жоспар: Философия – ақыл-ой мәдениеті Сыни ойлаудың тұлға дамуындағы ролі «Сыни көзқарас психологиясы»



бет3/4
Дата27.02.2022
өлшемі17.2 Kb.
#455804
1   2   3   4
БӨЖ1 Шамша Айшолпан

«Сыни көзқарас психологиясы»


Сыни ойлау теориясының беталып, дамуына елеулі үлес қосқан, танымал американдық психолог Д.Халперн өзінің «Сыни көзқарас психологиясы» атты жұмысын жариялады. Онда Д.Халперн критикалық ойлауға мынадай түсіндірме береді — бұл «қажетті нәтиже алу ықтималдығын арттыратын танымдық техниканы немесе стратегияларды қолдану». Аталған анықтамада ойлауды басқару қабілетіне, негізділігіне және мақсаттылығына қарай ерекшеленетін нәрсе ретінде сипаттайды. Д.Халпернның пікірінше, бұл «мәселені шешуде, тұжырымдарды қалыптастыруда, ықтималдық бағалауда және шешім қабылдауда қолданылған» деген ойдың түрі. Бұл жағдайда ойшыл нақты жағдай мен шешілетін мәселенің түрі үшін негізделген және тиімді болатын дағдыларды пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау тұжырымдамасы Д.Клустердің еңбегінде терең сипатталған, өз еңбегінде Д.Клустер сыни ойлаудың бес таңбалық белгілерін қарастырады. Ең алдымен, автор сыни ойлаудың тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл сипаттама сыни ойлаудың жеке сипатын білдіреді, сонымен қатар «сыни ойлаудың түпнұсқа болуы міндетті емес: біз басқа адамның идеясын немесе наным-сенімін өзіміздікі ретінде қабылдауға құқығымыз бар» дегенді білдіреді. Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың соңғы нүктесі емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Сыни ойлаудың нәтижесінде жаңа идеяларды шығару кейбір фактілерге, мәтіндерге, теорияға, деректерге негізделгендігін бекітеді. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтарды қоюдан басталады және шешілуі керек мәселелерді түсінеді. Алайда кез-келген кезеңде шынайы когнитивтік процесс проблемаларды шешуге және өз мүдделері мен қажеттіліктерінен туындайтын сұрақтарға жауап беретін когнитивті ұмтылумен сипатталады. Төртіншіден, сыни ойлау дәлелдемелерді дәлелдейді. Сыни ойшыл бұл мәселеде өз шешімін табады және бұл шешімді негізді, ақылға қонымды дәлелдермен қолдайды. Сондай-ақ, ол бір проблемаға басқа шешімдердің мүмкін екенін түсінеді және ол таңдаған шешімнің басқаларға қарағанда қисынды және ұтымды екенін дәлелдеуге тырысады. Бесіншіден, сыни ойлау — бұл әлеуметтік ойлау. Ең соңында, кез-келген сын ойшыл белгілі бір қоғамда жұмыс істейді және өз жеке басын қалыптастырудан гөрі кең проблемаларды шешеді делінген. Отандық зерттеулерде сыни ойлау мәселесін А.Алимовтың еңбектерінде Сыни ойлаудың мынандай жағдайларда болатыны айтылған: − кез келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда; − кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда; − кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында; − өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде; − кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда; − бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада); − өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда. Бұл орайда түйіндейтін болсақ, тұлғаның жеке іс-әрекеті, өз тәжірибесіне сүйеніп мәселеге сыни пікір білдіріп, сонымен қатар пайымдарын дәлелді тұырымдармен жан-жақты жеке және топ ішінде басқалардың пікірін ескеріп, бағалап қабылданған шешімдер деп білеміз.

Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлері


Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлерін А.Алимовтың еңбегінде төмендегідей деңгейлерге бөліп қарастырған екен:

Бастапқы деңгей:


− өз көзқарасы мен ұстанымын жан-жақты тұрғыдан қалыптастыра алмайды,

− өз ұстанымын толық дәлелдей алмайды, оның артықшылықтарын толық көрсетпейді,


− жан-жақты салыстырмайды,


ұтымды мысалдар келтірмейді,


− себеп-салдарын дәлелді түрде келтіре алмайды,


− талдау мен синтездеуді толық жасамайды,


− жан-жақты баға бере алмайды.


Орта деңгей:


− ойлау қадамдарын ретімен қолданады,

− өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастырғанымен оларды ұтымды түрде дәлелдей алмайды,


− өз ұстанымдарын өзгелермен салыстырады, оның артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады,


− өзіне айтылған сынды сабырмен қабылдай алмайды,


− өзге ұстанымдарды жан-жақты талдамайды, олардың олқылықтарын ажырата алмайды,


− өзге ұстанымдарды өз мақсатында пайдалана алмайды,


− өз ұстанымын икемді түрде өзгерте алмайды.


Жоғары деңгей:
− негізгі ойлау қадамдарын ретімен, логикалы түрде және тереңінен қолданады,

− өз көзқарасы мен ұстанымдарын ұтымды түрде дәлелдей алады,


− өзіне өзі нақты баға бере алады,


− өзге пікірлерді бағалай біледі,


− ұсыныстар мен гипотезалар жасай біледі,


− айтылған сынға байыппен қарайды: өз ұстанымдарын икемді түрде өзгерте алады,


− өз жұмысын жақсарту жолдарын іздестіреді.


Жоғары оқу орнының білімгерлері, болашақ мамандар ЖОО тәмәмдағанда сыни ойлаудың жоғары деңгейіне сәйкес болуы шарт. Ал бұл мамандардың осы деңгейге жетіп шығуына жағдай жасау тікелей оқу орнынының профессорлық-оқытушылық құрамына байланысты. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, сыни ойлау арқылы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетінің жоғары деңгейін анықтайтын қасиеттер мен дағдыларды біріктіруді білдіреді.


Р. Декарттың “күмәндану” принципiнiң маңыздылығы


Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:


1. Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.


2. Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.


3. Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.


Осы қағидалардан – ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.


Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:


1) күмәндануға жол бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде қабылдау;


2) күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге жіктеу;


3) қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру;


4) осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу.


Білімнің ақиқаттығының өлшемі – ақыл.


Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды)Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.Жалпыдан жекеге өту арқылы логикалық тұжырым жасау керек деп Декарт дедукциялық әдісті дамытты.Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді. Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет