2.3.Тиокөмірқышқылдары және олардың туындылары.
Органикалық химиямен техникада көмір қышқылының күкіртті аналогтарының және туындыларының маңызы бар. Күкіртті көміртек — көміртек қос тотығының аналогы. Күкіртті көміртекпен сілтілік металдардың алкоголяттарымен әрекеттестірсе дитио-көмірқышқылының қышқыл эфирлерінің тұздары алынады. Дигиокөмір қышқылының, сол қышқыл зфирлері ксантоген қышқылдары деп аталған, ал олардың тұздары ксантогенаттар деп аталады.
1. Галогеналкилдермен әрекеттестірілсе ксантогенаттар дигиокөмір қышқылының толық эфирлерін береді:
2. Қыздыру кезінде қанықпаған көмірсутектерді түзіп ыдырайды (Л. А. Чугаевтың этиленді көмірсутектерді ксантогенатты синтездеу әдісі осыған негізделген):
Ксантогенаттар техникада флотациялағыш құрал эмульгатор ретінде және жасанды вискоз жібек өндірісінде кеңінен қолданылады.
Тиокөмір кышқылының толық емес амиді — тиокарбамин қышқылы карбамин қышқылы тәрізді бос күйінде болмайды. Каучук вулканизация процесінік мақызды тездеткіші—тиурамды өндіргенде диметилдитиокарбамин қышқылының натрий тұзы қолданылады. Ол тұз күкіртті көмірге диметиламинмен және сілтімен әрекеттестіріп алады. Осы тұзды тотықтырып тиурам алынады.
Тиофосгенді аммиакпен әрекеттестірсе немесе роданды аммонийді қыз-дырса тиокөмір қышқылының толық амиді — тиомочевина түзіледі.
Бұл — суда оңай еритін, балқу температурасы 172° С, кристалды зат. Көптеген реакцияларда имидті таутамер түрінде қатысады. Мысалы:
Тиомочевина пластмассалар, бояулар, дәрі-дәрмектер жасау өндірістерін-де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |