Қолданбалы экология



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Глоссарий
Аллель – бұл гомологты хромосомалардың бір локусының түр
өзгерушілігі.
Альтернативті белгілері – екі қарама-қайшы пікірлерді біріктіретін
белгілер.
Анеуплоидия – хромосомалық жиынтықтағы жеке хромосоманың
қосылуы немесе жойылуы.
Аутосома – əр түрлі жыныстағы бірдей хромосомалар.
Ақуыз – тірі материяның құрылымдық элементі.
Белгі – бір категорияның екіншісінен ерекшеленуімен білінетін қасиет.
Белгінің жалпы дисперсиясы – бір уақытта əсер ететін факторлардан
пайда болатын өзгергіштік.
Гаметалар – жыныс клеткалары.
Гаплоидты жиынтық – құрамында əр аутосоманың бір көшірмесі жəне
бір жыныстық хромосомасы болады.
Ген – тұқым қуалау ақпаратының бірлігі, яғни бір ақуыздың түзілуін
кодирлейтін ДНҚ молекуласының бөлігі (қиындысы).
Генералді жиынтық – зерттеушіні қызықтыратын жануарлардың үлкен
тобы (зерттелетін популяцияның особьтары).
Геном – сапалы əр түрлі хромосомалар жиынтығы.
Генотип – организм гендерінің жиынтығы.
Гетерохроматин – генетикалық инертті гендер.
Гомогамета – жыныстық хромосома бойынша гаметалардың бір ғана
типін түзетін жыныс.
Гомозигота – аллелді гендердің бірдей жай-күйі.
Делеция – хромосоманың орташа бөлігінің жоғалуы.
Дефишенси – хромосоманың ақырғы жетіспеушілігі.
Диплоидты жиынтық - құрамында əр аутосоманың екі көшірмесі жəне
бір жұп жыныстық хромосомасы болады.
ДНҚ – тұқым қуалаушылық ақпарат сақталған (кодирленген) молекула.
ДНҚ репликациясы – ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ-ға тасымалдануы
(өздігінен екі еселену).
Дупликация – хромосоманың жеке бөлігінің екі еселенуі.
Жұмыртқа клеткасы – эукариоттардың аналық жыныс клеткасы.
Зигота – хромосоманың толық жиынтығымен ұрықтанған жұмыртқа
клеткасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет