Қолданбалы курсының бағдарламасы



бет2/5
Дата06.09.2022
өлшемі28.25 Kb.
#460300
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
10 таңдау курс

Химиялық есептер:
а) жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрену;
ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;
в) проблеманеы қою және проблемалық жағдай туғызу;
г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау;
ғ) политехникалық ұстанымдарын іске асыру;
д) оқушылардың шғармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.
Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді:

  1. Сандық есептер;

  2. Сапалық және сынақ тәжірибелік есептер.

Сандық есептер өз алдына жеке типтерге бөлінеді:

  1. Формуласы бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу;

  2. Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтердің массаларының қатынастарын есептеу;

  3. Күрделі заттағы элементтердің массалық үлесін оның формуласы бойынеша есептеу;

  4. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеу;

  5. Ерітіндінің және еріген заттың белгілі массалық үлесі бойынша еріткіш пен еріген заттың массасын табу;

  6. Заттың белгілі мөлшерінің массасын табу;

  7. Заттың белгілі бір массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;

  8. Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;

  9. Газ күйіндегі қосылыстың белгілі бір мөлшерінің көлемін есептеу;

  10. Қалыпты жағдайда белгілі көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу;

  11. Массасы белгілі газ тәрізді заттың көлемін есептеу;

  12. Элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым химиялық формуласын анықтау;

  13. Реакцияға кірісетін заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша түзілген заттың массасын есептеу;

  14. Біреуі артық мөлшерде алынған реакцияға кіретін заттардың массалары бойынша түзілетін зат массасын есептеу;

  15. Басқа газдың белгілі көлемін реакцияласуға қажет газ көлемін есептеу;

  16. Теориялық мүмкіндігіне қарағанда реакция өнімі шығынын пайызбен есептеу;

  17. Құрамында белгілі бір қоспасы бар, бастапқы заттардың белгілі массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет