Бағдарламаға түсінік хат
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау.
Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану.
Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып-үйренуді қамтамасыз ету.
Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой-өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.
Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету.
Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.
Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету.
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.
Талаптары:
Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімдеу.
Күтілетін нәтиже:
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |