Алақан мен саусақтардың синовиалді қынаптары
Саусақтарды бүгуші бұлшық ет сіңірлерінің синовиалды қынабы болады. ІІ, ІІІ және ІV саусақтардың дисталды шекарасы саусақ бақайшығымен, оның негізінен табылады, проксималды шекарасы-алақан сүйектерінің басы маңайында орналасқан.
Әр бір қынапта беткей және терең саусақтарды бүгуші бұлшық еттің сіңірлері жатады. І және V саусақтарға қарағанда, мұнда синовиальды қынаптың сіңірге қатынасы әлде қайда күрделі. Бұл қынаптар бүгуші бұлшық еттің сіңірлері тек саусақ бойында ғана қоршап қоймайды, сонымен қатар алақан-білезік аймақтарында орайды, сирек жағдайларда ғана бұл қынаптың саусақтық бөлімі алақан бөлгіштерімен бөлінеді. Қынаптың алақандық бөлімі синовиалды қапшық ажыратылады: радиалді және ульнарлы. Радиалді қапшықта бір сіңір жатады-бас бармақтың бүккіш бұлшық етінің сіңірі, ульнарлы қапшықта V саусақтың бойында кішкентай саусақты бүккіш бұлшық еттердің екі сіңірі жатады, ал жоғарғы жағында, яғни білезік аймағында бұны ІІ, ІІІ, IV саусақтардың бүккіш бұлшық еттерінің сіңірлерінің проксималды бөлігін қосып алады, сонымен қатар жалпы алғанда 8 сіңір кіреді: төртеуі беткей, төртеуі терең жатқан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері. Қол басының проксималды бөлімінде екі қапшықта-радиалды және ульнарлы, lig. carpi transversum-нің астында карпалды өзекте орналасады, олардың арасынан – n. medianus өтеді. Білезік аймағында екі синовиалді қапшықта шаршы пронаторда жатады, олардың проксималді шекарасы кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің ұшынан – 2 см жоғары өтеді. Осыған байланысты синовиалді қапшықтардың проксималді соңы білек аймағында орналасады. Кей жағдайда радиалді қапшық білек аймағына ульнарлыға қарағанда жоғарырақ көрінеді. Шамамен 10 процент жағдайда екі қапшықтың арасында байланыс болады.
Алақанның синовиалді қынабының басқышы болуы сирек емес, кейде үшінші қапшық /сумка/ болуы мүмкін. Ол радиалді және ульнарлы қынаптың артында орналасады, оның сұқ саусақтың сіңірі құрайды. Басқа жағдайда бір жалпы синовиалді қапшық болады, оның құрамында І және V саусақтардың сіңірлері және басқа сіңірлердің де проксималді бөлімі құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |