Қолдың топографиялық анатомиясы Жалпы сипаттама



бет2/12
Дата05.11.2023
өлшемі34.45 Kb.
#482405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-113131

Дельта тәрізді аймақ
Дельта тәрізді аймақ m. deltoidei-тің орналасуына сәйкес келеді. Аймақтың пішіні үш бұрыш тәрізді ұшы төменге және сыртқа, негізі-жоғары және ішке қараған.
Қабаттары:

  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы, терімен және тереңірек жатқан шандырмен тығыз байланысқан.

  3. Беткі шандыр.

  4. Апоневроз /шандыр/ /fascia brachii/ оның сыртқы жапырақшасы бұлшық етке қынап түзеді және оның шоғырларының арасына өсінділер береді.

  5. дельта тәрізді бұлшық ет бағананың акромиальды ұшынан басталып, acromion, spinae scapule, tuberositas deltoidea humeri-ке бекітіледі.

  6. Борпылдақ клетчатка қабаты: мұнда 3 шырышты сумка орналасқан: bursa subdeltoidea-әлде қайда тұрақты, tuberculum majus-та жатады, bursa subacromalis-біріншіден сәл жоғарыда орналасқан, bursa subccapularis буын қуысымен байланысады.

  7. Иық буынын қоршап жататын бұлшық еттер қабаты: иық буынын екі басты бұлшық еттің ұзын басының сіңірі, mm. Supraspinatus, intraspinatus, teres minor және subscapularis қоршап жатады.

  8. тамырлар және жүйкелер –аймақтың басты тамыры болып саналатын a. arcumflexahumeri /a. axillaris-тің тармағы/. Өзімен бірге жүретін венадан /vv. cominartes/ иық сүйегінің хирургиялық мойынның аймағының артқы бөлігін орап жатады. Артерияның жоғарғы жағында n. axillaris орналасқан, ол m. deltoideus-ты және teres minor-мен осы аймақтың терісін жүйкелендіреді.



Жауырын аймағы
Жауырын аймағы орналасуы мен пішіні жағынан жауырынға сәйкес келеді. Алдыңғы және артқы жауырын аймағына бөлінеді соңғысы өз кезеніне қыр үсті және қыр асты ойыс аймағына бөлінеді.
Жауырынның артқы аймағы жауырынның артқы бетіне сәйкес келеді.
Қабаттары:

  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы.

  3. Беткі шандыр.

  4. Трапеция тәрізді бұлшық ет жауырынының жоғарғы жағынан түсіп, арқаның жалпақ бұлшық етін төменнен орап жатады.

  5. Апоневроз қыр үсті ойысының жиегіне бекіп, жауырынмен қоса қыр асты, қыр үсті бұлшық еттеріне және оларды қанмен қамтамасыз ететін тамырлар мен жүйкелерге тығыз остеофиброзды қынап түзеді.

  6. Қыр үсті бұлшық еті /m. supraspinatus/ қыр үсті ойысы қабырғасымен, шандырдан басталып, иықтың /tuberculum majous/ үлкен төмпешігінің жоғарғы бөлігіне бекітіледі, /жүйкеленуі n. suprasсарularis-тен/. Қыр асты бұлшық еті /m. intraspinatus/ өзі аттас ойыс қабырғасымен, шандырдын басталып, иықтың tuberculi majoris-тің ортаңғы алаңына бекітіледі /жүйкеленуі – n. suorascapularis/. Екі бұлшық етте a. transversa scapulae-мен қоректенеді, /truncus thyreocervicalis-тан бұғана асты артериясы/, ол бұл аймаққа incisura scapalae арқылы шығады. Сонымен қатар қыр асты бұлшық етін- a. circumflexa scapulae қанмен қамтамасыз етеді, бұл артерия transversa colli-мен анастомоз жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет