Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет10/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Алақан сүйектері аймағы
Алақанның бүйір бөліктері бас бармақтың және кішкентай саусақтың бұлшық еттерінен құралған төмпешіктен тұрады. Ортаңғы бөлігі ойысша тәрізді және бүккіш және терең бұлшық еттердің /құрт тәрізді және сүйек аралық бұлшық еттер/ сіңірлері құрайды.
Қабаттары:

  1. Терісі тығыз және жәй қозғалады, өйткені алақан апоневрозының фиброзды талшықтарымен байланысқан.

  2. Тері асты клетчаткасы, онда нашар дамыған веналар, thenar және hyppthenar-тің алақан тармақтары, nn. digitales volares communes-тің тармақтары өтеді.

  3. Алақан апоневрозы. Ортаңғы бөлігінде тығыз, ал бүйір бөліктерінде нашар дамыған. Ол m. palmaris longi сіңірлерімен бірігетін беткей көлденең талшықтардан тұрады және терең көлденең талшықтардан тұрады және апоневроздан терең сүйек аралық бұлшық етін жауып тұратын терең алақан шандырынан көлденең талшықтар шығады. Осының нәтижесінде үш арна пайда болады: екеуі бүйірлік /бұлшық ет/ және біреуі бір ортаңғы /сіңірлі/. Апоневроздың астында алақанның жоғарғы бөлігінде lig. carpi transversum жатады. Ол екі жапырақшадан беткі және терең тұрады. Оның беткей жапырақшасы os naviculare және multangulum majus пен os pisiforme және hamatum арасында тартылады. Ол терең жапырақшасы білезік сүйектерін жауып тұрады. Осының нәтижесінде остефиброзды өзек түзіледі, одан саусақтарды бүгетін сіңірлері /m. flexor digitorium sublimis, profundus және pollicis longus және n. medianus өтеді.

  4. Аймақтың бұлшық еттері. Thenar бұлшық еттеріне төрт бұлшық ет жатады. M. abductor pollici brevis /бетіне жақын жатады/, одан терең m. apponens pollicis /сыртында/ және m. flexoe pollicis brevis /сіңірлері/ екі бастың арасында бас бармақты бүгетін бұлшық еттің ұзын сіңірі өтеді, одан да ішкері қарай m. adductor pollicis орналасқан. Hypothenar бұлшық еттеріне көлденең орналасқан бұлшық ет m. palmaris brevis, m. adductor, flexor және opponeus digiti V жатады.

  5. Тамырлармен жүйкелер. Алақан апоневрозының астында volae manus, ортасында беткі алақан доғасы-arcus volaris superficialis жатады. Доғаның негізгі бөлігін a. ulnaris есебінен /беткі алақан тармағынан/ құралады. Ол a. radialis-тен r. volaris superficialis тармағымен байланысады. А. ulnaris алақанда spatium interaponeuroticum gujoni шығысында lig. carpi trancversum үстімен ары қарай өз жолымен кетеді. R. superficialis a. radialis негізгі бағанадан кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің деңгейінде бөлініп шығып, thenaris бұлшық еттерінің астымен /кейде м. abductor pollicis-ті кесіп өтеді/ өтіп а. ulnaris-ке қосылады. Доғадан үш ірі аа. шығады, алақан сүйектерінің басының деңгейінде саусақтың меншікті артерияларына бөлінеді, ІІ, ІІІ, ІV, V саусақтарын қоректендіреді. Алақан доғасының астында ортаңғы жүйкенің /сыртынан/ тармақтары және шынтақ жүйесінің ramus supericialis /ішінен/ тармақтары орналасқан. Бұл жерде сәйкес артериялармен бірге nn. digitales volares communes, өзінің nn. digitales volares proprii тармақтарына бөлінеді. Ортаңғы жүйке І, ІІ және ІІІ саусақтарымен, ІV саусақты радикальды жиегіне сезімтал тармақтар береді, шынтақ жүйкесі V және ІV саусақтың шынтақ жиегіне тармақтар береді. N. ulnaris-тің терең тармағы бастапқы кезде көлденең байламда жатады, одан кейін терең түсіп, flexor мен abductor digiti V арасымен-кәрі жілік артериясымен бірге arcus volaris profundi-дің түзілуіне қатысады. Соңғысы қолды бүгуші бұлшық еттің сіңірлерінің астында жатады. Доғаны негізінен алақанның терең жатқан тармағы а. radialis-ті құрайды, ол қолдың сыртына қарай өтіп, кәрі жілік артериясының осындай тармағымен анастомоз жасайды. Доғадан аа. metacarpeae volares шығып, алақанның сырт бетіндегі аттас аретриялармен анастомоз жасайды да, аа. digitales volares communes-ке құяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет