|
4
|
Алғы сөз
|
5
|
Қолдың топографиялық анатомиясы
|
6
|
Бұғана асты аймағы
|
6
|
Дельта тәрізді аймақ.
|
7
|
Жауырын аймағы.
|
7
|
Қолтық асты аймағы
|
8
|
Иық буыны
|
10
|
Иық аймағы
|
10
|
Шынтақ аймағы
|
11
|
Білек аймағы
|
12
|
Білезік аймағы
|
14
|
Алақан сүйектері
|
15
|
Саусақтар
|
17
|
Қолға жаслатын операциялар
|
18
|
Буындарға операция жасау
|
23
|
Ампутация және экзартикуляция
|
26
|
Аяқтың топографиялық анатомиясы
|
28
|
Сан аймағы
|
30
|
Жамбас-сан буыны
|
35
|
Тізе буыны аймағы
|
36
|
Балтыр аймағы
|
39
|
Аяқ басының топографиясы
|
42
|
Аяққа жаслатын операциялар
|
44
|
Тест сұрақтар
|
52
|
Әдебиеттер
|
55
|
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ
a – artery
v – vena
r – regio
lig – ligamentum
m – musculus
n – nerve
r - ramus
for - foramen
Алғы сөз
Қазіргі өмірдің жаңа талаптарына сәйкес медицина саласындағы табыстар мен жаңалықтар болжамы жаңа зерттеу әдістерге және операцияның тәсілдеріне сүйене отырып жасалады.
Денсаулықты сақтау және нығайту мүмкіндігінде ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып, көздеген мақсаттарға жету әркімнің ой-арманы. Ғылым мен білімнің мүмкіндіктерін адамның қажетті мақсаттарына пайдалана білуі керек. Сондықтан адамның денсаулығын сақтау жайындағы көпшіліктің мұқтажын өтей алатын қазақ тілінде оқулықтар жоққа тән. Бұл оқу құралда операция үшін қолданылатын топографиялық анатомия мәліметтері толық берілген.
Біріншіден, дәрігерлік мамандық алатын студенттерге ана тілінде оқулықты ұсыну.
Екіншіден, студенттер қауымына оперативтік хирургия мен топографиялық анатомия пәнімен жақын танысып, оны клиникада тәжірибе жүзінде қолдана білу.
Айтылған мәселелер оқырман қауымының көңілінен шығып, іс жүзінде қолдана білсе, осы алға қойған мақсаттарымыздың орындалғаны деп білеміз.
Студенттер мен оқытушылар қауымы өз пікірлерін білдірсе, өз ризашылығымызды білдіреміз.
Қолдың топографиялық анатомиясы
Жалпы сипаттама
Қол мойын мен кеуде аймағынан шартты түрде бұғананың жоғарғы жиегі, төстің төменгі жиегі, кеуденің үлкен бұлшық етінің төменгі жиегі және алдыңғы тісті бұлшық ет, жауырынның бұрышы және оның ішкі-жоғарғы жиегі арқылы өтетін сызықпен шектеледі. Қолда келесі аймақтарды бөлеміз:
Бұғана асты аймағы – regio intraclsvicularis
Дельта тәрізді бұлшық ет аймағы – r. deltoidea
Жауырын аймағы – r. scapularis
Қолтық асты ойысы аймағы – r. fossa axillaris
Иық аймағы – r. brachii, s. humeri
Шынтақ аймағы – r. cubiti
Білек аймағы – r. antibrachii
Қол басы /саусақ аймағы/ - r. manus, carpi, metacarpi, ligitorum
Қолдың қанмен қамтамасыз етілуі-бұғана асты артерия жүйесі арқылы жүзеге асады. /a. subclavia/. Веналық қанның ағысы бұғана асты венасы арқылы жүзеге асады /v. subclavia/. Жүйкеленуі-иық өрімінің қатысуымен /plxus brachialis/ жүзеге асады. Қолдың лимфакалық тамырлары лимфаны қолтық астына, сол жерден бұғана үсті және бұғана асты түйіндеріне жинайды.
Бұғана асты аймағы
Бұғана асты аймағы: жоғарыдан – бұғананың төменгі жиегімен, төменнен - ерлерде ІІІ –ші қабырға арқылы өтетін сызықпен, ал әйелдерде –сүт безінің жиегімен шектеледі. Бұл аймақ ойыс түрінде болады /fossa intraclavculari/.
Қабаттары:
Тері.
Тері асты клетчаткасы–терілік тамырларымен /aa. және vv. perforantes/ және nn. supraclavicularis- пен берілген. Бұғана аймағында бұл қабат жұқа болады.
Беткі шандырда- fascia pectoralis, m. platysma-нің талшықтары орналасқан.
Кеуденің меншікті шандыры жұқа болады, бұғанадан басталып, қолтық асты шандырына жалғасып кетеді.
Үлкен кеуделік бұлшық-ет –екі бөлімнен: бұғананың ішкі жартысынан басталатын –бұғаналық бөлімнен және төстің алдыңғы бетімен V-VI қабырғаның шеміршектерінен басталатын-төс-қабырға бөлімнен тұрады.
Үлкен кеуделік және дельта тәрізді бұлшық еттердің арасында жүлге болады /sulcus deltoideopectoralis/. Ол жоғарыға және ішке-қарай кеңейіп, ойысқа айналады – fossa Mohrenheimi. Соңғысының шекарасы жоғарыдан бұғана, сыртынан дельта тәрізді бұлшық ет, ішінен үлкен кеуде бұлшық еті болып саналады. Sulcus deltoideopectoralis-те тері асты венасы /v. cephalica-нің аймағында тереңге кетеді де, fossa Mohrenheimi –ға құйылады/.
Кеуденің терең шандыры /fascia pectoralis profunda немесе fascia coracoclaviocostalis жағынан-бұғананың сүйек қабығымен және құс тұмсықты өсіндімен байланысады, ішкі жағынан-қабырғаның сүйек қабығымен, төменнен-кеуденің меншікті шандырымен бірігіп кетеді, сыртынан-қолтық асты шандырымен, ол бұл бөлімде қолтық астын ұстап тұратын байлам деп аталады/. Бұл бұғана асты және Lig. Suspensorium axillae gerdy-не кіші кеуде бұлшық етке қынап түзеді.
Кіші кеуде бұлшық еті және бұғана асты бұлшық еті. Біріншісі ІІ-V-ші немесе ІІІ- V-ші қабырғалардың алдыңғы бетінен басталып, бұғананың құс тұмсықты өсіндісіне бекітіледі. Екіншісі І қабырғаның алдыңғы бетінен басталып, бұғананың акромиалды ұшының төменгі бетіне бекітіледі. Бұғана мен бұғана асты бұлшық еттен жоғары және кіші кеуде бұлшық етінің жоғарғы жиегінің төменгі арасында үш бұрышты кеңістік түзіледі /trigonum claviopectorale/, оның бұғанадан төмен бұғана асты артериясын байлаудағы маңызы зор. Бұл үш бұрыштан vasa thoracoacromalis rr. Pectorales және m. thoracales anterior /иық өрімінен/ өтеді. Fascia coracoclaviocostalis-осы аймақтағы бұлшық еттерге қынап түзеді және тығыздығымен және сіңірлі бөлігімен ерекшеленеді. Одан аталған тамырлар мен жүйкелер, сонымен қатар v. cenhalica өтеді.
Борпылдақ клетчатка әр түрлі дамыған, айтылған құрылымдардың арасындағы кеңістікті кеуде клеткасының бұлшық еттері толтырылып тұрады, клетчатка сыртынан қолтық асты ойысына өтіп, а. және v. axillaris пен plexus brachialis- ті орап жатады. Бұғана асты аймағын қабырға аралық артериялар /аа. Intercostales және a. mammariae interna, a. thoracalis lateralis және a. thoracoacromialis-тің тармақтары бір-бірімен анастомоз жасап қанмен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |