Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Қолтық асты артерияны байлау



бет15/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Қолтық асты артерияны байлау
Тікелей немесе айналмалы жолмен жүргізіледі. Қолтық асты веналарын беткі қабатқа жақын жатқанына байланысты алғашқы әдісті қолданғанда венаны кесіп кету қаупі бар, сондықтан тікелей әдісті қолдану қолайсыз болып табылады.
Артерияның кескінді сызығы қолтық асты ойысының алдыңғы және ортаңғы үштен бір енінің шекарасынан /Лисфранк бойынша/ немесе шаш өскен аймақтың алдыңғы шекарасында /Пирогов бойынша/ немесе sulci bicipitalis medialis бойынша жоғарыға жалғасуы /Лангенбек бойынша/ өтеді. Операция жасаушы қолын бүйір жағына созып науқасқа бетпе-бет отырып жұмыс істейді.

  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткейлік шандырды 8 см ұзындықта m. coracobrachialis-пен үлкен қолтық бұлшық етінің төменгі жиегіне қиылысқан жерінен бастап қолтық асты ойысының ең терең нүктесіне дейін кесу жүргізіледі. Кесу сызығы артерия кесіндісінің алдынан өтеді.

  2. m. coracobrachialis-тің және m. bicipitis-дің қысқа басын науа тәрізді зонд бойымен шандырлы қынабын кеседі және жараның ілмекпен кеңейтеді.

  3. m. coracobrachialis және m. bicipitis-дің қысқа басын доғал жолмен алып, алға қарай итереді.

  4. Зонд арқылы ортаңғы жүйкенің жолымен осы бұлшық еттердің қынабының ішкі қабырғасының жұқа жапырақшасын кесіп тастайды.

  5. Май клетчаткасының шамалы қабатынан, орталық жүйкенің артында жатқан артерияны ашады n. musculocutaneus артериядан сыртқары nn. ulnaris, cutaneus antibrachii және brachii medialis ішкері, ал n. radialis артында жатады.

Жұқа қабықтың қолтық асты венаны операциялық жарақаттан тыс және одан ішке қарай орналасқан. Бұл венаны жарақаттау, ауа эмболиясының даму мүмкіндігіне байланысты қауіпті болады /себебі кеуде клеткасының сорылу әдеті мен оның қабырғасының жан-жақты тканьдерімен созылуына байланысты/.
Артерияның тікелей жолмен ашқанда /кескінді сызыпен/, қолтық асты шандырын кесіп ажыратқанда /байқап жасау керек/, өйткені бәрінен бұрын axillaris кездеседі. Соңғысын доғал ілмекпен ішке қарай ығыстырып, содан соң жүйкелерді жылжытып артерияны іздейді. Қолтық асты артериясының жоғарғы бөлімі, яғни aa. sub-scapularis және circumflexae humeri ant. post.-тің ортаңғы таралау орнын байлағанда коллатериальды қан айналым алыста жатқан коллатеральды доғалар арқылы қалпына келеді, олардың ең негізгілері: 1. ramus descendens, a. transversae colli a. sub-scapularis оның бұтағы арқылы a. circumflexae scapules, 2. a. transversa scapulae /a. scapulavia-дан/-аа. circumflexae scapulae және humeri posterius, 3. A. mammariae internae, a. thoracalis lateralis қабырғалық тармақтары /кейбір жағдайларда a. thoracoacromialis/, жақын жатқан бұлшық еттерге бекітілетін жергілікті доғалар арқылы да, тең болады. Қолтық асты артериясын жоғарыда аталған негізгі тармақтардан шеткері байланысса, қан айналымның толық қалпына келу мүмкіндігі аз, себебі тек a. profunda brachii және aa. circumflexae hymeri anterior және posterior арасындағы коллатериальдар ғана қосылады және жергілікті бұлшық ет коллатериальды /салыстырмалы әлсіз дамыған/. Қолтық асты аретрияларын байлағанда қолдардың өлуі 8,3 процент шамасындай кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет