Иық белдеуін қолмен бірге алып тастау
Бұл операция кезінде қолды жауырын мен бұғананың жартысымен қосып алып тастайды. Көрсеткіштері қатерлі ісік /саркома/ болып табылады. Операция көп зақым келтіреді. Асқынулары қанның көп ағуы, шок, ауа эмболиясы. Ісік кезінде негізгі тамырлармен бірге қосымша көптеген тамырлар болады.
Берже әдісі. Науқасты арқасымен, иығын үстелдің жиегіне қойып жатқызады, жауырын астына жастықша қояды. Тілікті бұғананың кеуделік жиегәнен екі елі сыртқары басталып және бұғана бойымен, оның акромиалды соңына дейін кеседі. Одан распатормен бүйрек қабығын сыдырады. Оның ішкі және ортаңғы бөліктерінің арасынан Жигли арасымен аралайды. Ілмекпен араланған ұшының сыртқы ұшын ұстап, бұғананы сыртқа қайырып және ортаңғы-сыртқы 3/1 бөлігінен аралайды. M. subclavius және fascis coracoclaviocostalis-ті кеседі. V және a. subclaviae a. transversa colli және transversa scapulae-ларды лигатурамен байлайды, сосын кеседі. Бірінші тіліктің ортасынан екінші тілікті үлкен бұлшық етінің сыртқы жиегінен сыртқары төмен қарай жүргізеді, осы жерден қолтық асты ойысына көлденең арқаның жалпақ бұлшық етінің төменгі жиегінен mm. pectoralis major minor-ді кеседі. Иық өрімінің жүйкелерін іздеп тауып кеседі. Кеуденің бүйір қабырғасының ұлпаларын ажыратып, а. thoracalis lateralis-тің іздеп тауып кеседі. Жауырынның төменгі бұрышын босату үшін m. latissimi dorsi-дің төменгі жиегін кеседі. Науқасты бүйірінен аударып артқы-жоғарғы кесіндіні кеседі. Бұл үшін кесіндіні бұғананың акромиальды шетінен бастап, жауырынның омыртқа шетімен немесе оның сыртымен, тканьге байланысты жауырынның үстімен, төменгі бұрышына келеді. Spinnae scapulae-нің үстіндегі теріні ажыратып m. trapesius-ті кесіп, а. transversa scapulae-нің тармақтарын іздеп тауып кеседі. Одан әрі жауырынның жоғарғы және ішкі жағындағы барлық бұлшық еттерді кесіп және жауырынды қолдан бөліп алып тастайды. Сызықты тігісті қиғаш жоғарыдан төменге бағыттайды.
Аяқтың топографиялық анатомияссы
Аяқ келесі аймақтарға бөлінеді:
1. Regio glutae,
2. Regio femoralis (anterior, posterior)
3. Regio genu (anterior, posterior)
4. Regio cruris (anterior, posterior)
5. Тізе-аяқ басы аймағының буыны,
6. Regio pedis dorsalis
7. Regio pedis planioris
Достарыңызбен бөлісу: |