Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет29/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Сан өзегі
Ішкі тесігі /сақинасы/ алдыңғы жағынан-пупартов байламымен, артынан lig. cooperi, ішкі жағынан – Lig. lacunare және сыртынан сан венасын жауып тұратын шандыр қынабымен шектелген. Сан өзегінің ішкі тесігін борпылдақ клетчаткалар және розенмюллер лимфалық түйіндері толтырылып жатады. Құрсақ қуысын жағынан /ішкі тесігі жағынан/ іш пердесінде кішкене ойыс пайда болады, оны fovea femoralis деп атайды. Transversalis осы тесік аймағында жұқа, серпімді перде /septum femorale/ түзеді, онда скарпов үш бұрышынан тері лимфалық түйіндері жамбасқа өтетін көптеген тесіктер бар. Сан өзегінің сыртқы тесігі /annulus femoralis exter. Foramen ovale/ болып табылады. Осы тесік арқылы сан терісі астына сан жарығынан шығуы мүмкін. Сан өзегінің қабырғалары: алдыңғысы – fasciae latae-ның беткі жапырақшасы /оның мүйізшесі – cornu guperi/ артқысы - fasciae latae-ның терең жапырақшасы /m. pectineus-ні жауып тұрады/, ішкісі – сан венасы және оны жауып тұратын қынап /vagina vasorum/. Сан өзегінің ұзындығы 1-ден 2-3 см-ге дейін болады, ол cornu superius-дің беткі жапырақшасының fasciae latae-ға бекітіледі. Егер жоғарғы мүйізше пупартов байламына және Lig. lacunare бекітілсе онда өзек қысқа, ал егер жоғарғы мүйізше m. pectineus-ның терең жапырақшасына fasciae latae-ның үстінен бекітсе – онда өзек біршама ұзын болады. Сан өзегінің құрылымдары: өзек борпылдақ клетчаткамен, терең лимфалық түйіндермен және лимфалық тамырлармен толтырылған. Сан жарығында жарық қапшығы және оның құрылымдары жатады /шажырқай, ішек ілмектері/. Сан жарығының жалпы, негізгі белгілері пупартов байламы астынан шығу болып табылады, ал шап жарығы байламынан жоғары шығады. Қысылған сан жарығына операция жасағанда, қысатын ішкі сақинаны кескенде, сыртқы жағынан сан венасы, алдынан пупартов байламы және оның үстінде а. epigastrica inferior жататынын ескеру керек. Сондықтан сақинаның ішкі жағын – Lig. lacunare-ны кесуге болады, бұл жерде а. hypogastrica-дан шығатын а. obturatoria 28,5 процент жағдайда а. epigastrica inferior ден шығатынын ескеру керек. Бұл жағдайда сан өзегінің ішкі тесігін мына тамырлар қоршайды. v. femoralis сыртынан, а. epigastricaе алдынан және а. abturatoriea-ішкі жағынан. Тамырлардың бұл қатынасын – corono mortis деп атайды. Бұрынғы кезде қысылып қалған сақинаны аспаптың көмегімен /герниотома/ кескенде, тамырды кесіп кетіп, одан көп қан кетіп адамдар өлетін болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет