Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет8/85
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452250
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Иық буыны

Иық буыны иық сүйегінің басынан /caput humeri/ және жауырынның буынды бетінен /cavitas glenoidalis scapulae/ құралған. Буын қабығы labrum glenoidale айналасынан басталып және иық сүйегінің анатомиялық мойнына бекітіледі. Қабық жоғарыдан Lig. gienoideobrachiale super. және Lig. gienoideobrachiale interius пен бекітілген. Сонымен қатар әр түрлі дамыған қосымша байлам Lig. coracohymerale бар /құс тұмсығы тәрізді өсіндіден басталып және сумкаға бірігеді/ үлкен төмпешікке дейін.

Буын қабығы екі синовиальды төмпешік-bursa mulosa coracadea-ны /құс тұмсық өсіндісінің астында жатады/ және /екі басты бұлшық еттің ұзын басының сіңірін орайтын және иық сүйегінің хирургиялық мойны деңгейінде аяқталады/ түзеді.

Буын қабығына иық буынын қоршап жататын және оған бекітілген бұлшық еттер жанасып жатады /алдында және ішінде mm. Subscapularis, coracobrachialis, m. bicipitis, артында pectoralis major және mm. supraspinatus, infraspinatus, буын сыртынан жауып жатады. Оның астында орналасқан, ол m. bicipitis tuberositas supraglen oidalis-ден басталып және буын қуысымен өтеді/. Одан әрі sulcus intertubercularis кетеді.

Жауырынның акромиальды және құс тұмсықты өсіндіні Lig. coracoacromiale-мен бірге иық буынының төбесін /үстіңгі бетін/ құрайды. Соңғысы иық басының жоғарғы fornix hymeri қозғалысын шектейді және буынның жоғарыға шығуына кедергі жасайды. Буынды aa. Circumflexae hymeri anterior және posterior қоректендіреді, /иық өрімінен nn. suprascapularis/ жүйкелендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет