|
4
|
Алғы сөз
|
5
|
Қолдың топографиялық анатомиясы
|
6
|
Бұғана асты аймағы
|
6
|
Дельта тәрізді аймақ.
|
7
|
Жауырын аймағы.
|
7
|
Қолтық асты аймағы
|
8
|
Иық буыны
|
10
|
Иық аймағы
|
10
|
Шынтақ аймағы
|
11
|
Білек аймағы
|
12
|
Білезік аймағы
|
14
|
Алақан сүйектері
|
15
|
Саусақтар
|
17
|
Қолға жаслатын операциялар
|
18
|
Буындарға операция жасау
|
23
|
Ампутация және экзартикуляция
|
26
|
Аяқтың топографиялық анатомиясы
|
28
|
Сан аймағы
|
30
|
Жамбас-сан буыны
|
35
|
Тізе буыны аймағы
|
36
|
Балтыр аймағы
|
39
|
Аяқ басының топографиясы
|
42
|
Аяққа жаслатын операциялар
|
44
|
Тест сұрақтар
|
52
|
Әдебиеттер
|
55
|
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ
a – artery
v – vena
r – regio
lig – ligamentum
m – musculus
n – nerve
r - ramus
for - foramen
Алғы сөз
Қазіргі өмірдің жаңа талаптарына сәйкес медицина саласындағы табыстар мен жаңалықтар болжамы жаңа зерттеу әдістерге және операцияның тәсілдеріне сүйене отырып жасалады.
Денсаулықты сақтау және нығайту мүмкіндігінде ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып, көздеген мақсаттарға жету әркімнің ой-арманы. Ғылым мен білімнің мүмкіндіктерін адамның қажетті мақсаттарына пайдалана білуі керек. Сондықтан адамның денсаулығын сақтау жайындағы көпшіліктің мұқтажын өтей алатын қазақ тілінде оқулықтар жоққа тән. Бұл оқу құралда операция үшін қолданылатын топографиялық анатомия мәліметтері толық берілген.
Біріншіден, дәрігерлік мамандық алатын студенттерге ана тілінде оқулықты ұсыну.
Екіншіден, студенттер қауымына оперативтік хирургия мен топографиялық анатомия пәнімен жақын танысып, оны клиникада тәжірибе жүзінде қолдана білу.
Айтылған мәселелер оқырман қауымының көңілінен шығып, іс жүзінде қолдана білсе, осы алға қойған мақсаттарымыздың орындалғаны деп білеміз.
Студенттер мен оқытушылар қауымы өз пікірлерін білдірсе, өз ризашылығымызды білдіреміз.
Қолдың топографиялық анатомиясы
Жалпы сипаттама
Қол мойын мен кеуде аймағынан шартты түрде бұғананың жоғарғы жиегі, төстің төменгі жиегі, кеуденің үлкен бұлшық етінің төменгі жиегі және алдыңғы тісті бұлшық ет, жауырынның бұрышы және оның ішкі-жоғарғы жиегі арқылы өтетін сызықпен шектеледі. Қолда келесі аймақтарды бөлеміз:
Бұғана асты аймағы – regio intraclsvicularis
Дельта тәрізді бұлшық ет аймағы – r. deltoidea
Жауырын аймағы – r. scapularis
Қолтық асты ойысы аймағы – r. fossa axillaris
Иық аймағы – r. brachii, s. humeri
Шынтақ аймағы – r. cubiti
Білек аймағы – r. antibrachii
Қол басы /саусақ аймағы/ - r. manus, carpi, metacarpi, ligitorum
Қолдың қанмен қамтамасыз етілуі-бұғана асты артерия жүйесі арқылы жүзеге асады. /a. subclavia/. Веналық қанның ағысы бұғана асты венасы арқылы жүзеге асады /v. subclavia/. Жүйкеленуі-иық өрімінің қатысуымен /plxus brachialis/ жүзеге асады. Қолдың лимфакалық тамырлары лимфаны қолтық астына, сол жерден бұғана үсті және бұғана асты түйіндеріне жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |