Жамбас-сан буыны(artculatio coxae)
Жамбас-сан буыны барлық жағынан жақсы жетілген бұлшық еттермен жабылған, ол сүйек құрылымдарын /ортан жіліктің басын, ұршық ойысын/ сипап табуды қиындатады. Trochanter minor-ді сипап сезуге болады. Олар пупартов байламынан төмен орналасқан. Fossa acetabuli мықын, шат, отырықшы сүйектерінің біріккен жерінде орналасқан. Алдыңғы –төменгі сегментінде ұршық ойысының жиегінде incisura acetabuli /ойыс/ бар, ол тесікке айналады, өйткені үстінде Lig. transversum acetabuli орналасқан. Acetabuli-дің жиектеріне Labrum glenoidale бекітіледі, ол шеміршек талшықтарынан тұрады. Шеміршектің беті жарты ай тәрізді пішіндес болады. caput femoris-ті гиаинді шеміршек жауып тұрады және ойысы бар, оған Lig. terets бекітіледі. Ортан жіліктің басы мойнына ажыратылады, мойын ортан жіліктің денесінен екі ұршық арқылы бөлініп тұрады.
Буын сөмкесі. Lacum glenoidale-ден басталып алдынан – linea interochanterica-ға, артынан ортан жіліктің мойнының сыртқы және ортаңғы бөлігінің арасына бекітіледі. Ортан жіліктің көп бөлігі жамбас-сан буынының қуысында жатады. Ол синовиальды қабықпен жабылған. Буынды сөмке-сыртқысы–ұзынша және ішкісі-циркулярлы талшықтардан құралған тығыз фиброзды тканьннен құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |