Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет49/85
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452250
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Санның артқы аймағы

Шекаралары: Жоғарыдан–бөксе қатпары, төменнен-тізе ұршығынан екі елі жоғары жүргізілген көлденең сызықпен, ішінен симфизді ішкі сан айдаршығымен /m. gracilis/ байланыстыратын ұзынша сызықпен, сыртынан – spina iliaca anterior superior-ден сыртқы айдаршыққа жүргізілген сызықпен шектелген.

Қабаттары:



  1. Терісі жұқа, қозғалғыш, едәуір шаштармен жабылған.

  2. Тері асты клетчаткасы семіз адамдарда жақсы жетілген, қалыңдығы соңғы жағына таман қалыңдайды.

  3. Беткі шандыр тері асты клетчаткасының ішінде жатады.

  4. Fascia lata бір қабатты, тығыз. Ішкі жағынан septum intermusculare posterius шығады, ол алып келуші бұлшық ет арнасын, бүккіш бұлшық ет арнасынан бөліп тұрады.

  5. Бұлшық етті қабатты екі топ, ішкі жағынан – mm. semitendinosus, semimembranosus және сыртынан m. biceps femoris құрайды. Санның жоғарғы және ортаңғы бөлігіндегі бұлшық еттер бір-біріне жабысып жатады. Төменгі бөлігінде аталған бұлшық еттердің сіңірлері әр жаққа кетеді: ішкі жаққа-жартылай сіңірлі бұлшық еттің және жартылай жарғақты бұлшық еттің сіңірі, сыртқы жаққа-екі басты бұлшық еттің сіңірі кетеді. Бүккіш бұлшық еттің сіңірлерінің бас жағында қиғаш кететін үлкен бөксе бұлшық еті жауып тұрады. Санның бүккіш бұлшық еттердің арасында борпылдақ дәнекер тканьді және клетчатка жатады. Ол жоғарыдан бөксе аймағының клетчаткасымен төменнен тақым асты ойысының клетчаткасымен, тесік арқылы үлкен алып келуші бұлшық ет санның алдыңғы аймағының клетчаткалық кеңістігімен байланысады.

  6. N. ischiaducus. Санның артқы аймағының жоғарғы бөлігінде екі басты бұлшық еттің ұзын басының сыртқы жағында жатады. M. gluteus maximus –тен төмен жүйке санның жалпақ шандырының астында борпылдақ клетчаткада жатады. Осы жерде оны табу оңайға түседі. Отырықшы жүйкесі соңғы жағында m. bicipitis femoris-тің ұзын басының астында, сосын mm. semitenionosus пен m. biceps femoris-тің сыртқы жағына өтеді. Тақым асты ойысының жоғарғы бұрышында n. ischiadicus екіге, n. tibialis және n. peroneus communis-ке бөлінеді. Кейде жүйкенің бөлінуі жоғарыда for. Infrapiriformis деңгейінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет