Санның жоғарғы бөлігінде жүйкеге оперативтік жету
Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды 10-15 см ұзындықта кескін сызыққа сәйкес кеседі. Кескіннің басы plicae natium-нен 2 см жоғары тұру керек. 2. Науа тәрізді зондпен санның жалпақ шандырын кеседі, бұл кезде n. cutanei femoris posterioris-ті зақымдап алмау керек. 3. Fasciae latae-нің жиектерін ілмекпен ығыстырады. Доғал жолмен клетчаткаларды бөлектейді, бұл кезде санның екі басты бұлшық етінің басы көрінеді, оның доғал жолмен /ілмекпен/ ішке қарай ығыстырады. Өзінің жуандығымен ажырататын жүйке бағанасын, осы бұлшық еттің сыртқы жағынан клетчаткадан іздейді. Санның төменгі бөлігінде шонданай жүйкесін, ашқан кезде m. bicipitis femoris-тің ұзын басын сыртқа ығыстырады. Сонымен қатар бұл жерде n. ischiadicus n. tibialis-ке және n. peroneus-ке жиі бөлінеді.
Н. tibialis-ті тақым ойысында ашу.
1. Ұзындығы 12-15 см –дей тақым ойысының ортасынан тілік жасайды. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды кеседі. Жараның төменгі бұршында v. saphena parva және онымен бірге n. cutaneus-surae medialis көрінеді. Бұл құрылымдар Fascia latae дупликатурасынан өтеді. 2. Науа тәрізді зонд бойымен тақым шандырын кеседі және майлы клетчаткадан n. tidialis-ті іздейді, одан тереңіректе және ішке жағынан v. femoris-ті, одан да ішкері және тереңіректе артерияны іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |