Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Пирогов бойыншасүйекті-пластикалық ампутация



бет81/85
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452250
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Пирогов бойыншасүйекті-пластикалық ампутация

  1. Табан жұмсақ ұлпаларын сүйекке дейін бір тобықтың ұшынан бастап табан арқылы екінші тобықтың ұшына дейін кеседі. 2. Аяқ басының үстінен доға тәрізді шығыңқы /томпақ/ жағын саусаққа қаратып бірінші тіліктің соңымен біріктіре тігеді. 3. Буынның қабығын, бүйірлік байламдарды кесіп, аяқ басын қатты бүгеді. Бұл кезде буын қуысы қатты ашылады. 4. Табандағы жұмсақ ұлпалардың тілігі бойынша өкше сүйегін доғалы арамен аралап және аяқ басын алып тастайды. 5. Балтыр сүйектерінің буынды соңынан tibiae-ның шеміршекті бетінен 2-3 см жоғары жұмсақ тканьдерді кесіп алып тастайды. Ішкі тобық аймағында a. tibialis posterior тармақтарын зақымдамауға тырысу керек. 6. Жұмсақ ұлпаларды жоғары көтеріп және балтыр сүйектерінің буынды соңдарын аралайды. Бұл кезде Фарабеф қысқышымен ұстап тұрады. Кейде сүйектерді тобықтардан жоғары аралайды. 7. A. dosalis pedis, aa. plantares medialis және lateralis –терді байлайды. 8. Пайда болған тері-сүйек кесіндісін, өкше сүйегінің жартысын балтыр сүйектеріне, calcanei tibiae-ның сынығына сай келетін етіп жабады және тігістермен бекітеді. Бұл операция кезінде аяқ қысқармайды, ал өкше сүйегі қисаюы мүмкін, сондықтан ахиллов сіңірін кесуге немесе өкше сүйегін шегемен бекітуге тура келеді. Тірек нүктесін өкше төмпешігінің арасындағы кілегейлі сөмке қабынуы мүмкін. Соны болдырмау үшін, Пирогов операциясының әр түрлі модификациясы ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет