4) қанның қайта бөлінуі 5) мәйіт дақтары 3) мәйіттің кебуі 1) мәйіттің сууы Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бұл өзгерістерді анық білу және зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалған өлімді анықтауда аса қажет. Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі сағат сақтап, өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана патологиялық анатомия бөлімдеріне көшіреді.
Өліктің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу процесінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте – бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 С төменірек дәрежеге дейін түседі.
Өліктің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу процесінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте – бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 С төменірек дәрежеге дейін түседі.
Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізінде биохимиялық үрдістер жатады. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозинүшфосфат қышқылының бұлшықеттермен байланысты болуымен түсіндіріледі.
Мәйіттің кебуі - өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл үрдіс өлгеннен соң бірнеше сағаттан соң басталып, терінің шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш-сұр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып,бүрісіп, қоңыр-қызыл түс алады.
Қанның қайта бөлінуі өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруының нәтижесінде вена тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменгі бөлігінде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларында қан ұйып қалады.
Мәйіттің дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтандақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді. Бұл белгі мәйіт дақтарын тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәрдем береді.