Олимпиада есептері 5-сынып
ІІ кезең
1.Санды өрнектің мәнін тап:
2010∙20092009-2009∙20102010
Жауабы: 0
2.Бөрененің ұзындығы 150см, оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?
Теңдеуді шеш:
5(х+26)=2(2х+102) Жауабы: х=66
18 кубиктерден биіктігі 3 кубиктен тұратын тік бұрышты параллелипед құрастырылды . егер бір кубиктің бетінің ауданы 19 см² болса, параллелипедтің бетінің ауданы қандай?
Жауабы: S= 19 ∙18 = 342 см²
Арман, Ардақ Әсем 5- сыныпта оқиды. Олардың ішінде математик, суретші шахматшы бар. Егер: а) суретші өз суретін салмай , Ардақтың портретін салса; б) Әсем ұлдардан шахматтан жеңілмесе;Сыныпта кім шахматшы, кім суретші, кім математик?
Жауабы : Әсем шахматшы; Ардақ метематик; Арман суретші.
6.Өрнекті ықшамдаңдар:
10х+7х-х+4х∙2 Жауабы: 24х
Олимпиада есептері 6-сынып
І кезең
Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат,Жанат. Қыздардың біреуі бала- бақшаға барады. Жәнібектен үлкен,Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұл ма?
Жауабы: (5+13)=18:3 Райхан > Жәнібек. Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте, ол-Жанат, демек ол балабақшаға барады. Жанат-қыз
Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
Шешімі: 12-3=9 9-3=6 6=6
10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?
Шешімі: 10-7=3 7-2=5 2+3=5
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут
10 011 + 100 110 010 өрнегінен 0 мен 1 ді ауыстыруға рұқсат етіледі. Солай неше алмастыру жасап, 18-ге бөлінетін санды шығаруға болады. Жауабы:2 алмастыру
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?
Шешімі: (((x+1)*2)/4)-3=1
x=7
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл
Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша?
Достарыңызбен бөлісу: |