Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Құмкөл – Заречное селосының батысында орналаскан көл. Атау «көл жағасы құмды»  деген мағынаны білдіреді.  Қызыл жұлдыз



Pdf көрінісі
бет36/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
toponimkaz

Құмкөл – Заречное селосының батысында орналаскан көл. Атау «көл жағасы құмды» 
деген мағынаны білдіреді. 
Қызыл жұлдыз – Көбетей ауылының учаскесі. Бұрынғы «Красная звезда» 
колхозының атынан қалған. 
Қызылшілік – Тассуат ауылының учаскесі. Атау «қызыл шіліктің шөптері
қызылшілік талы өскен өңір» мағынасын білдіреді. 
Қыпшақ – көл. Этнотопоним. Қыпшақтар қазақ елінің ұйтқысы болған тайпалардың 
біріне жатады. 
Майоровка – село. Село Үлкенталдысай қоныс аударушылар учаскесінде 1909 жылы 
27 қарашада құрылған. Волга жағасынан Нұра жағасына келген, немістерді қоныс 
аударуға белсенді қатысушысы Карл Андреевич Майер құрметіне аталған. 
Малай – өзен. Әрі ру аты (этноним), әрі қазақтың белгілі батырының есімі 
(антропоним), кейін бұл атау гидронимге (өзен атауына) ауысқан. 
Найза – Амантау ауылының жерінде орналасқан ең биік тау. Биіктігі 663 метр. «шың 
тау, үсті биік тау» мәніндегі атау. 
Нұра – Қостанай, Астана, Қарағанды облыстарының жері арқылы өтетін өзен. Бұл 
атаудың шығу төркіні жайлы пікірлер әр қилы. Зерттеушілер монғол тіліндегі «нураа», 
«нуруу» және «нур» сөздерін бір қатарға қойып, осы сөздердің бәрін «нұра» сөзінен 
өрбіген немесе өзгерген түрі деп жаңылыс талдайды. Бұл сөздердің монғол тілдерінде 
жеке-жеке мағынаға ие, дербес лексема екендігінде мән бере қарастырғанымыз жөн. 
Монғол тіліндегі норах – «опырылыс», «құлау; бур. нуралта – «құлау, жылжу»; монғ. 
тілінен эквенк тіліне енген «нура» – «жар». Монғ. нуру – «тау жотасы, тау сілемі», 
«тізбегі». Ғ.Қонқашбаевтың анықтамасы бойынша: «Нұра – көлбей созылған тік бетті сай 
не жыра; құлама». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Су орған жыра, терең сай». 
Е.Қойшыбаев монғ. тіліндегі нуру – «тау жотасы, төбесі», «нұра» және «нарын» 
сөздернің түбірі бір деп қарап, әрбір сөздің лексикалық мағынасы мен сырт тұлғасына мән 
бермеген. 
Демек, «Нұра» атауы – монғол тіліндегі «нураа» сөзінің тілімізге бейімделіп, өзгерген 
түрі. Мағынасы «су орған арна, сай, содан аққан өзен» дегенді білдіреді. 
Ошағанды – Нұра өзенінің саласы, Андроновка селосының қазақша аты. Қаз. 
Ошаған (бот.) сөзіне –ды қосымшасын жалғау арқылы жасалған атау. «Ошаған өсімдігі 
көп өскен жер» мәніндегі атау. 
Өндіріс – Тассуат ауылының елді мекені. «Производственный» колхозының бұрынғы 
аты. 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет