Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет37/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
toponimkaz

«Парижская коммуна» – село. Орталық мекені Қараой селосы. 1930 жылы 18 
наурызда Киевка селосында шаруалардың жиналысында колхоз құруға шешім қабылдады. 
Бұл күн календарьда Париж коммунасының еске алу күні болған. 
Плаховское – село. Ақмола қоныс аударушылар басқармасының жұмыскері болған 
Плахов фамилиясынан пайда болған. Ол уездің бір шаруа учаскесін басқарған. Қоныс 
аударушылар әскер чиновнигі қамқорлық пен көмек жасап отырады деген үмітпен 
өздерінің селосын Плаховка деп атаған. 
Пржевальское – село. 1954 жылы Н.М.Пржевальскийдің басқаруымен бірінші 
ашушы-саяхатшылар экспедициясы болған. Сондықтан, жаңа село Н.М.Пржевалскийдің 
құрметіне аталған. 
Сарыала – ауданның шығыс жағындағы, Киевкаден оңтүстік-шығысында 25 км. 
жерде орналасқан көл. «Ала көл» қазақтардың Сары руының көлі болған мәнындегі атау. 
Сарыалаат – Қарағанды облысының Нұра ауданында Қолаң, Кертінді, Қарт (Жақсы 
Қарт, Жаман Қарт) деген тау, шоқылар, Сарыалаат, Күреңалаат, Маржанкөл атты көлдер 
кездеседі. Міне, осы жер-су атауларына байланысты халық ішінен мынадай аңыз-әңгіме 
бар: 
Ертеде Қолаң деген қыз бен Кертінді деген жігіт бірін-бірі ұнатып, көңіл қосады. 
Алайда дәуірдің өмір салты екеуінің қосылуына кедергі болады. Қыздың бұрыннан 
айттырған жігіті бар екен. Ата-ананың ақ батасын, рұқсатын алып қосыла алмайтынына 
көздері жеткен Қолаң мен Кертінді бір түнде жасырынып ауылдарынан кашып шығады. 
Олардың қашқанын білгеннен соң, арттарынан бір сары ала атты, бір күрең ала атты 
қуғыншы шығады. Аңызға қарағанда Сарыалаат, Күреңалаат деген көл атаулары содан 
қалған. Қолаң қыз бен Кертінді қашып келе жатып, бір таудың тұсына келгенде алдарынан 
қарт кісі жолығып, жөн сұрайды. Жағдайларын білген соң, қария: «Осы беттеріңмен жүре 
беріңдер, қуғыннан құтыласыңдар» депті. қарт сөзіне риза болған қыз бен жігіт ол тауға 
«Жақсы қарт» деген ат қойыпты. Содан жүре-жүре қашқындар тағы бір тауға келгенде 
қарт кісі жолығып, ол: «қашқандарыңмен бәрібір құтылмайсыңдар» депті. Ол тауға 
қарияның сөзін ұнатпаған қыз бен жігіт «Жаман қарт» деген ат береді. Осылай жүріп 
отырып бір көлге келіп тоқтайды. қыз демалып, беті-қолын жуып отырып, мойынындағы 
моншағын көлге түсіріп алыпты. Содан көлге қыз «Маржанкөл» деп ат қойған екен. 
Халық аңызына қарағанда, Қолаң Нұра өзеніне жақын жердегі жалғыз төбеге жерленген. 
Ол төбе қазір де Қолаң деп аталады. Ал жігіт жерленген жер Кертінді аталып кеткен. Ол 
қазір Чкалов кеңшарының орталығы, «Казгородок» деп аталады. Ал аңыздағы басқа жер-
су атаулары өзгермей, сол қалпында бізге жеткен, Жақсы қарт, Жаман қарт деген таулар, 
Сарыалаат, Күреңалаат, «Маржанкөл» деген көлдер қазір де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет