Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі



бет2/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

БХӨЖ


Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі

Орталық Депозитарий






Екінші деңгейдегі банктер



Қазақстан қор биржасы

9-сурет.
Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі хабарламлармен алмасу жүесінің ортасында отырып, хабарламаны жіберушілерден барлық хабарламаларды қабылдап, оларды қателері болмаған жағдайда қатысушыларға өзгеріссіз жібереді.

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ) Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).

ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айрысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден тұрады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.

Соымен қатар, Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесін енгізу бұл төлем жүйесіндегі мониторинг механизмін және банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру кезеңін сипаттайды.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі – нақты уақыт режиміндегі жұмыс жасайтын қолма-қолсыз ақшалардың электрондық аударым жүйесі болып табылады.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі пайдаланушыларға мыналар жатады:



  • ҚР Ұлттық банкі.

  • ҚР Ұлттық банкісінің монетарлық операциялар департаменті.

  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.

  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

  • Екінші деңгейдегі банктер.

  • Облыстық клирингтік палаталар.

  • Қор биржасы.

  • Орталық депозитарий.

  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің пайдаланушысы болып ҚБЕО-мен осы жүйеде қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқан банк немесе банкілік емес қаржы ұйымы табылады. Жүйенің әрбір қатысушысының Ұлттық Банкте корреспонденттік шоты болуы тиіс.

2003 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне қатысушыларының саны 71 болып, соның ішінде: 37 екінші деңгейлі банктер; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті және оның 16 аумақтық басқармалары; 15 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ монетарлық операциялар департаменті).

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігі онда мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде тәуекелдерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.

Жоғарыда аталып өткендей, Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде төлемдер пайдаланушылар шотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы позициясында төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасауға ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі жағдайында ҚБЕО-да төлем тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шеңберінде кезекте тұрған төлем тапсырымдарының орындалуы FIFO – «бірінші келген, бірінші шығысқа ие болу» қағидасы бойынша, олардың кезекке келіп түсу тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырымдарының орындалу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің құрылымы Ү ұқсас болып келеді (10-сурет)



Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі




ҚР Ұлттық банк


10-сурет.


Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің (БААЖ) қызметі төмендегідей түрде жүзеге асады:

1) Тапсырма берушінің банк - А банкі ақшалай аударымдар туралы төлем тапсырмасын банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне береді.

2) Ақшалай аударымды жасаған жағдайда БААЖ тапсырма беруші банктің, яғни А банкінің шотын дебеттегені туралы және Бенефицар банктің, яғни В банкісінің шотын кредиттегені туралы немесе ақшалай аударымдарды жасағаны туралы хабарлайды.


  1. БААЖ төлемді аударғандығын куәландыратын төлем тапсырмасын Бенефицар банкке береді.

  2. Тапсырма беруші банк хабарламаны алғаннан кейін, төлеушінің шотынан ақшаны шегереді де, оны Бенефицар банктің шотына есепке алады.

  3. Ақырғы есеп айырысу БААЖ барлық пайдаланушыларының жұмыстары бойынша ҚР Ұлттық банкінде жасалады.

БААЖ-гі хабарламалармен алмасу ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік құқықтық актілерімен бектілген ақпараттар алмасу форматы бойынша жүзеге асады.

БААЖ-нің өнімділігі орта есеппен 1 секундта 5-7 өңделген қаржылай тразакцияны құрайды. БААЖ арқылы Қазақстан төлем жүйесіндегі ақшалай аударымдар мен төлемдердің 95%-ы жасалады.

Ақшалай аударымдар ҚБЕО жасайтын және оның бекіткен SWIFT жүйесінің хабарламаларын пайдалану арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асады.

БААЖ-ны пайдаланушылардың Ұлттық банкте корреспонденттік шоты болады. БААЖ демалыс және мейрам күндерінен басқа күндері жұмыс жасайды.

Пайдаланушылар үшін ең маңызды фактор бұл төлемдердің құны. БААЖ-де төлемдердің құны жоғары болғанымен есеп айрысуға кепілдік беріледі және ең бастысы шарт мұнда ақшаның болуы.

БААЖ-ның қызмет ақыларын ҚР Ұлттық банкі белгілейді (1-кесте).


1-кесте - БААЖ-ның қызмет ақылары


Төлемдерді өткізу уақыты

Теңгедегі құны

16-00 –ден 8 –00-ге дейін

9

9-00-ден 13-00-ге дейін

11

13-00-ден 16-00-ге дейін

22

Клирингке құжаттарды тәулік бойы қабылданып, ақтық есеп айрысу15-00-ден 16-00 аралығында жасалады.

15-00-де Клирингтің операциялық күні аяқталады және төлем құжатттарын қабылдау тоқтатылады, тек қана ағымдағы төлем күнмен бір біріне қарама-қарсы жасалатын талаптар жасалып, әр пайдаланушының таза ұстанымы анықталады.

2003 жылдың 1-ші жартыжылдығында 2002 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде жасалған төлемдердің саны 1,4%-ке артып, ал төлемдер сомасының 61,7%-ке артуы болған.

ААБЖ-де 2003 жылдың 1-ші тоқсанында жасалған төлемдердің орташакүндік саны 11,7 мың трансакция болып, сомасы 72,3 млрд. теңге құрады. Бұл ретте, 2003 жылдың 1-ші тоқсанында бір төлемнің орташа сомасы 6,2 млн.тг болып, 2002 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 69,4% (2,54 млн.теңгеге) артты.
2-кесте. Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлемдер көлемі


Айы

2004


2005


саны (мың)


сомасы (млрд. теңге)


саны (мың)


сомасы (млрд. теңге)


Қаңтар


241,15


917,36


199,1


1420,8


Ақпан


252,22


883,27


244,1


1528,6


Наурыз


266,55


979,91


257,0


1389,7

I тоқсан


759,93


2 780,54


700,2


4 339,1


Сәуір


282,75


999,86


292,7


1644,3


2-кестенің жалғасы


Мамыр


273,77


1 009,04


288,4


1634,8


Маусым


277,62


1 123,47


335,0


1944,1


II тоқсан


834,14


3 132,36


916


5223,2


Шілде

278,93

1 361,56








Тамыз

229,00

1 226,81








Қыркүйек


250,87


1 421,10








III тоқсан


758,80

4 009,47








Қазан


258,97

1 549,07







Қараша


254,15

1 535,13







Желтоқсан


350,75

1 779,63







IV тоқсан


863,86

4 863,83







Жалпы нәтижесі


3 216,72

14 786,20







Көзі: www.kisc.kz.
Пайдаланушылар тобы бойынша БААЖ-гі төлем айналымының үрдісі 3-кестеде берілген.

3-кесте- Пайдаланушылар тобы бойынша БААЖ-ның төлем айналымы




Пайдаланушылар аттары

Төлемдердің көлемі (млрд. теңге)

2003ж

20045

2003ж

Сомасы

Үлесі, (%)

Сомасы

Үлесі, (%)

Сомасы

Үлесі, (%)

3-кестенің жалғасы

Бес ірі банктер

2961

30,4

4230

28,6

5030

23,2

Шетел капиталы қатысқан банктер

1468

13,1

2259

13,2

4529

20,9

Өзге қатысушылар

5280

54,1

8297

56,1

12036

55,7

Барлығы

9709

100,0

14786

100,0

21595

100,0

Ескерту - Сандық мәліметтер Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен алынған

4-кестедегі мәліметтерден соңғы жылдардағы шетел капиталы қатысқан банктердің және өзге қатысушылардың төлем айналымындағы үлесінің өсіп отырғандығын, ал бес ірі банктер үлесінің 2003 жылдары кемігендігін көруге болады. Шетел капиталы қатысқан банктердің үлесінің жоғары болуы бұл еліміздегі экономикалық және саяси тұрақтылыққа байланысты экономикаға шетел капиталының қатысуының ұлғаюы және сыртқы байланыстардың күшеюімен сипатталады.

Ұсақ төлем жүйесі бұл төлем жүйесіне қатысушылардың арасындағы белгілі мөлшерден аспайтын ақшалай аударымдар мен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Ұсақ төлемдер жүйесі Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды. Оны пайдаланушыларға мыналар жатады:



  • ҚР Ұлттық банкі.

  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.

  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

  • Екінші деңгейдегі банктер.

  • Облыстық клирингтік палаталар.

  • «Қазпошта» РМК

Ұсақ төлемдер жүйесінің басты ерекшеліктері мынадай:

  • пайдаланушылар қатарында Қазақстаннның барлық банктерімен қатар, жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік емес қаржы мекемелері (Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, Қазынашылық, банктердің филиалдары) бар;

  • тек қана электрондық төлем құжаттарын қабылдайды.

  • бір төлемнің сомасы 3 000 000 теңгеден аспауына шек қойылады;

  • пайдаланушыларға алдағы күндермен (Т+3) валюталау күнін қоя отырып, төлемдерді жіберуге мүмкіндік беріледі, яғни сол күнге дейін олар сақталады да күні жеткенде өңдеуге қабылданады;

  • пайдаланушылардың төлем жүйесіне кіруде бірнеше терминалдарды пайдалану мүмкіндіктерінің болуы, бірақ та оларды біреуі ғана негізгі болып саналады;

  • БААЖ-не қарағанда көрсетілетін қызметтердің бағасының төмен болуы.

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары төлем құжаттарын бұл жүйеге бас банктері арқылы немесе өздері тікелей бере алады. Ұсақ төлемдер жүйесі есеп айрысу жасалғаннан кейін құжаттардың өткендігі туралы ақпараттарды бас банкі арқылы филиалдарға жеткізіп отырады. Бұл жүйемен байланыс немесе оған қатысу міндетті түрде БААЖ-гі шотының болуына байланысты қалыптасады. Пайдаланушылар тобы бойынша ҰТЖ-гі төлем айналымының үрдісі 5-кестеде берілген.

5-кесте- Пайдаланушылар тобы бойынша ҰТЖ-нің төлем айналымы



Пайдаланушылар аттары

Төлемдердің көлемі (млрд. теңге)

2001ж

2002ж

2003ж

Сомасы

Үлесі, (%)

Сомасы

Үлесі, (%)

Сомасы

Үлесі, (%)

Бес ірі банктер

241

41,2

243

33,7

249

30,4

Шетел капиталы қатысқан банктер

62

10,6

89

12,9

180

22

Өзге қатысушылар

281

48,1

351

31,2

388,

47,3

Барлығы

584

100,0

685

100,0

817

100,0

Ескерту - Сандық мәліметтер Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен алынған

3. Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет