«Қолөнер» (7сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)


Техникалық еңбек — 2 сағат



бет3/5
Дата04.09.2023
өлшемі76.5 Kb.
#476508
1   2   3   4   5
ол нер Буранбаева К

Техникалық еңбек — 2 сағат.
Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.
Көркем еңбек — 3 сағат.
Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек ж
ұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.
Тұрмыстық еңбек — 1 сағат.
Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Жұмсақ бейне ойыншықтар — 10сағат.
Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.
Жапсырмалау жұмысы — 4 сағат.
Қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Былғарымен жұмыс жасау — 2 сағат.
Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.
Ою-өрнек бастырмалар — 4 сағат
Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сәндік қолданбалы өнер элементтері — 3 сағат.
Көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.
Адамгершілік қасиеттер — 1 сағат.
Шыншылдық, абырой, салауаттылық, жаман әдеттер, жол және өрт қауіпсіздігі, сақтық шаралар, электр құрал-саймандарын пайдалану жөнінде түсініктер. Ата-баба тәрбиесі әлеміне саяхат. Әдеппен сөйлеу дәстүрі. Отбасындағы әдеп. Қонақ күту салттары. Табиғат аясына серуен. Табиғи материалдармен жұмыс жасау. Табиғи материалдарды жинақтау, жапсырмалау.
Су моншақ тоқып үйрену — 2 сағат.
Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар кестелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет