«Қолөнер» (7сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)



бет4/5
Дата04.09.2023
өлшемі76.5 Kb.
#476508
1   2   3   4   5
ол нер Буранбаева К

Тоқыма өнері — 2 сағат.
Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

  • қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

  • сурет сала білуі;

  • бұйымды эскизін орындай білуі;

  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;

  2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;

  3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;

  4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;

  5. Сынған инені жерге тастауға болмайды.

Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;

  2. Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.

  3. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

  2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;

  2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;

  3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет