Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі есптері шешілуі тиіс. Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар: - Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі есптері шешілуі тиіс. Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар:
- ақпаратты, кіріс пен шығыс сигналдарының түрлері мен номенклатуралары бойынша, информативті параметрлері мен деңгейлері бойынша үйлесімділігін алдын-ала қарастырады;
- конструктивті, блоктардың эстетикалық талаптарының, конструктивті параметрлерінің, бірігіп қолданылуы кезіндегі механикалық бірігуінің үйлесімділігімен қамтамасыз етеді;
- энергетикалық, блоктар қоректенетін кернеулер мен токтардың үйлесімділігін алдын ала қарастырады;
- метрологиялық, блоктардың метрологиялық сипаттамаларының рационалды таңдап алынуы мен мөлшерленуін, өлшеу нәтижелерінің салыстырмаларын, сонымен қатар кіріс пен шығыс тізбектерінің параметрлерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
- эксплуатациялық, яғни блоктардың сенімділігі мен тұрақтылық сипаттамаларының, сонымен қатар сыртқы факторлардың әсерін анықтайтын сипаттамаларының үйлесімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |