Құрастырушы:
Базарбаева Гулнора
Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Құмарық ауылдық балалар кітапханасы
2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап»
/библиографиялық көрсеткіш/
Авторы: Құмарық ауылдық балалар кітапхана.
Мекен – жайы: Жамбыл облысы,
Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы,
Жібек жолы №94. Тел: 8(72631)5-14-63.
E-mail: bazarbaeva.gulnora@mail.ru
Құрастырушы:
Базарбаева Гулнора
Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Құмарық ауылдық балалар кітапханасы
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына
«Ұлағатты ұстаз»
/библиографиялық көрсеткіш/
Құмарық ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Базарбаева Г К.
Оқырманға арналған алғы сөз
Құмарық ауылдық балалар кітапханасы Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің 180 жылдығына арнап «Ұлт ұстазы» атты ұсыныстық тізім жасалынды. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Ақынның мерей тойына шығарылып отырған ұсыныстық тізім көпшілік оқырманға арналады.
Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда азіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүнеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибрагим.
Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында тәрбиеленеді.
Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850 жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады.
Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға ертіп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |