Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет41/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Кітапшалар

Т.Рысқұлов туралы шығармалар

1.Қоңыратбаев.О.


Т.Рысқұлов:Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі.Түркістан кезеңі.- Алматы: Қазақстан»,1994.-448бет.

2.Ш.Мұртаза


Таңдамалы шығармалар жинағы.2кітап:
Қызыл жебе.Тұрар.-Алматы:
«Inter Cinema-TY Serice»ЖШС,2012.-252бет

3.Тұрар – мәңгілік тұлға/


Құрастырған:Тұрсынхан Жаманбаев.-
Алматы: «Мерей»,2002.-160бет.

4.Жүз тұңғыш.Жинақ.2-кітап./Құраст.-Бексұлтан Нұржекеұлы.- Алматы: «Жалын» баспасы ЖШС, 2005.- 352 бет


5.Рыскулов Т.


Собр.соч.в 3-х т.Том 2.- Алматы: Казахстан, 1997.-384стр.

6.Рыскулов Т.


Собр.соч.в 3-х т.Том 3.- Алматы: Казахстан, 1997.-384стр.


3
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Луговой ауданына, 1999 жылдың наурыздың 11-жұлдызында Т.Рысқұлов есімі берілді.


Ауданымызда Т.Рысқұловқа арнайы ескерткіш орнатылды.

Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл
/1894-1943/
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының азаттық жолында күрескен зиялы азаматтардың бірі – Тұрар Рысқұлов. Оның қоғамдық саяси қызметі отаршылдыққа қарсы күреске қызмет етеді. Академик Манаш Қозыбаев аз ғана уақыт аралығында зиялы қауым ішінен бірбеткей өрлігімен көзге түскен Тұрар Рысқұлов турасында “Егер ғасыр басында реформаторлық ұрпақтың бірден бір танылған көсемі Әлихан Бөкейханов болса, ал кеңестік кезеңде дәстүр жалғастырған Тұрар Рысқұлов»деп жазды.Тұрар Рысқұлов Ресейдің екі төңкерісін, қазақ халқының өзіндік төңкерісі 1916 жылды басынан өткізіп, күрес жолының ауыр тауқыметін бастан кешірді. Тұрар бала жасынан патша үкіметінің әділетсіздігін көріп өсті. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров патша үкіметінің сойылын соққан, қазақ халқын аяусыз қанаған би-болыстарға қарсы шығып, түрмеге отырды. Тұрар да әкесінен қалмай түрмеге отырып, зорлық-зомбылықтың ащы дәмін татып, үлкен өмірге шыңдалды.
Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей біртұтас болып біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20-30 жылдары мемлекеттік саяси іске белсене араласып, белді ұйымдастырушысы болды.

Т.Рысқұловтың сан-салалы істерінің негізгі бағыттарын РКФСР Экономикалық Кеңесінің төрағасының орынбасары, Халком Кеңесінің жанындағы Мақта жөніндегі тұрақты кеңестің төрағасы (1926-1930 жж.), Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің төрағасы (1927-1930 жж.), РКФСР Халком Кеңесінің Коммуналдық шаруашылығын Бас Басқармасының бастығы (1930-1931 жж.), РКФСР Экспорттық Кеңесінің төрағасы (1930-1934 жж.), РКФСР Халком Кеңесінің жанындағы қоғамдық тамақтануға жәрдемдесу кеңесінің басшысы (1930-1934 жж.), ретіндегі оның жұмыстары сипаттайды.


Т.Рысқұлов халқын азаттық жолына бастаған қазақ зиялыларының көш басшысы бола жүріп, күрделі кезеңдерде одан шығудың жолын табуға күш салды.
Түркістан Республикасында орыс шовинизміне қарсы күресіп, ұлт мәселесін әділ шешу жолында ымырасыз күрес жүргізді.
Қорытындылай келгенде 1918 жылдардан бастап 1937 жылға дейін Қазақстан, Орта Азия, жалпы КСРО комитетінде аса жауапты қызметкер атқарған Тұрар Рысқұлов аса көрнекті мемлекет қайраткері,халқымыздың арғы-бергі тарихының өзекті мәселелерін зерттеуші.Ол өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсап күрескен, өзін сол жолда құрбандыққа шалған үлкен тұлға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет