Қазақстан қарулы күштері
|
Қазақстанның Қарулы күштерінің рәмізі
|
Құрылғаны
|
1992
|
Күштер тараулары
|
Құрлық күштері
Әуе қорғанысы күштері
Әскери-теңіз күштері
Аэроұтқыр әскерлері
Ракета әскерлері мен артиллериясы
Арнайы әскерлер
|
Басшылық
|
Жоғарғы Бас Қолбасшысы
|
Нұрсұлтан Назарбаев
|
Қорғаныс министрі
|
Иманғали Тасмағамбетов[1]
|
Штаб бастықтары комитетінің төрағасы
|
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев
|
Әскери қызметі
|
Әскери қызмет жасы
|
18
|
Әскери қызметке шақыруы
|
12 ай (ең кемінде)
|
Әскери қызметке
қытынаулылар
|
3,758,255 ер, жасы 15–49 (2005 сарап.),
3,822,845 әйел, жасы 15–49 (2005сарап.)
|
Әскери қызметке
жарайтындар
|
2,473,529 ер, жасы 15–49 (2005 сарап.),
3,168,048 әйел, жасы 15–49 (2005сарап.)
|
Шақыруға жасы жеткендер,
жыл сайын
|
173,129 ер (2005сарап.),
168,697 әйел (2005сарап.)
|
Шығындары
|
Бюджеті
|
1 498 999 781 (FY01)
|
ЖІӨ пайызы
|
3.5% (2010 сарап.)
|
Қатысты баптар
|
Дәрежелер
|
1
|
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Мазмұны
[жасыру]
1Міндеттері
2Әскери доктринасы
3Өңірлік қолбасшылықтар
3.1«Астана» өңірлік қолбасшылығы
3.2«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
3.3«Батыс» өңірлік қолбасшылығы
3.4«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
4Ағымдық қару-жарағы
4.1Құрлық күштері
4.1.1Танктер
4.1.2Мотоәскер көліктері
4.1.3Сауытты көліктер
4.1.4Артиллерия
4.2Әуе қорғанысы күштері
4.3Әскери-теңіз күштері
5Сыртқы сілтемелер
Міндеттері[өңдеу]
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Бейбiт кезеңде[өңдеу]
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
маңызды әскери нысандарды күзету;
елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |