Өмірбаяны және еңбектері Жоспары: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім



бет4/4
Дата30.10.2022
өлшемі28.77 Kb.
#463628
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
реферат imam al-Quduri

Береке дарыған еңбек
Еңбектің ерекшелігі - оның берекеті. Имам әл-Қудуриге дейін әт-Тахауи, әл-Кәрхи, әл-Хаким әш-Шәһид секілді ғалымдардың фиқһтан қысқа мәтіндері жазылған. Бірақ имам әл-Қудуридің "Мұхтасарының" "әл-Китаб" деп танылуы оның бәрінен өзгеше орынға ие болғанын көрсетеді.
Кітаптың "әл-Китаб" есімі имам әл-Марғинанидің кезінде-ақ айтылады.
Имам әл-Қудури осы кітабын бітіріп қажылық жасау барысында Алладан осы еңбегін қабыл етіп, берекелі етуін сұраған деседі.
Және кітапқа түсіндірме жасаған көптеген ғалымдар кітаптың ғылыми құндылығынан өзге ерекше берекетке ие екенін атап өтеді. Кейбір ғалымдардың сөзінше, бір іске тап болғанда осы кітапты оқыса, одан Алланың қалауымен арылады4.
Имам әл-Кәусаридің айтуынша, ханафилер бұл еңбекті ізгілермен оқу арқылы берекетке кенелуге, ризықты жеңіл табуға тырысқан. Және әл-Кәусаридің шәкірті Ахмад Хайридің айтуынша, ол имам әл-Кәусаримен бірге оншақты мәжілісте осы еңбекті оқыған, соңында одан ижаза алып, дұғасына кенелген. Нәтижесінде, Алла Тағала еш қиындықсыз оған ризықты нәсіп етіп отырған5.
Имам Бәдруддин әл-Ғайнидің жеткізуі бойынша, имам әл-Қудури бұл кітапты жазғаннан кейін қажылығын атқарып жатқанда Алладан кітапты қателерден сақтауын сұрап дұға тілеген. Қажылығын аяқтап, кітапты парақтаса, кейбір жерлерінде қателердің өшіп қалғанын байқайды. Бұл имамның әулиелік кереметі білдіреді6.
"Мұхтасар әл-Қудури" еңбегіне жазылған түсіндірмелер
1. "Шарх әл-әқтағ" ("Шарх әл-кәбир"). Шәкіртінің жазғаны әрі ең алғашқы түсіндірме кітабы болып табылады. Автор дәлелдерді талдауға көп көңіл бөлген. Имам әл-Кәусари бұл еңбекті "Мұхтасар әл-Қудуридің" ең үздік түсіндірмесі деп атаған7.
2. "әл-Муқни". Авторы – алдыңғы еңбекті жазған ғалым. Кітап тек қолжазба күйінде сақталған.
3. Жәмәлуддин әл-Әздиге (һ. 559 ж.қ.б.) тиесілі "әл-Любаб шархул-Китаб" еңбегі. Автор дәлелдерді ашып түсіндіруге қатты тоқталмайтын қысқаша түсіндірме. Кітап басылып шыққан.
4. Имам әл-Испиджабидің (һ. 591 ж.қ.б.) "Зәд әл-фуқаһа" еңбегі. Бүл кітап түрлі пікірқайшылық кезінде мәзһабтағы ең күшті немесе басым көзқарасты білу үшін маңызды қайнар болып табылады.
5. Имам әл-Марғинанидің атақты "әл-Һидая" еңбегі.
6. Хусамуддин әр-Разидің (һ. 593 ж.қ.б.) "Хуласа әд-дәләил" еңбегі. Доктор Салах Әбул-Хажждың жеке пікір білдіруімен төрт томдық баспа нұсқасы бар.
7. Хусамуддин әр-Разидің "әт-Тәкмила" еңбегі. Қолжазба күйінде сақталған.
8. Имам әл-Маусылидің "әл-Фәуәид" еңбегі. Ол "Мұхтасар" мен "әт-Тәкмила" кітаптарының тақырыптарын біріктірген. Әзірге тек қолжазба күйінде сақталған.
9. Рашидуддин әр-Румидің "әл-Янаби" еңбегі. Үш том болып басылып шыққан.
10. Имам әз-Зәһидидің "әл-Мужтәба" еңбегі. Басым, күшті пікір баяндалатын маңызды әрі пайдалы еңбек. Әзірге тек қолжазба күйінде сақталған.
11. Имам Әбу Бәкір әл-Хаддадтың (һ. 800 ж.қ.б.) "әс-Сираж әл-уәһһәж" еңбегі. Авторы нақты мәтінді түсіндіруге көңіл бөлген үлкен түсіндірме кітап. Сол арқылы түсіну үшін ең абзал шарх болып табылады. Бірақ әзірге тек қолжазба күйінде сақталған.
12. Имам Әбу Бәкір әл-Хаддадтың (һ. 800 ж.қ.б.) "әл-Жәуһара ән-нәйира" еңбегі. Алдыңғы кітаптың қысқаша баяны. Мәтіннің өзін түсінуге мән беріп, осы кітаппен сабақ берушілер үшін таптырмас нұсқа.
13. Имам Қасым ибн Құтлұбұғаның (һ. 879 ж.қ.б.) "Тасхих әл-Қудури" еңбегі.
14. Имам әл-Мәйданидің "әл-Любаб" еңбегі. Күніміздегі ең көп таралған түсіндірме кітабы. Имам әл-Мәйдани кітабында "Тасхих", "әл-Жәуһара" еңбектерін пайдаланып, көптеген жерлерін "әл-Һидая" кітабында келген сөздермен түсіндіреді.
15. Мұхаммед Ашиқ Иләһи әл-Бәрнидің "әт-Тәсһилуд-дарури" еңбегі. Бұл кітап - "Мұхтасар әл-Қудуриді" сұрақ-жауап күйінде баяндаған түрі.
Қорытынды
Имам әл-Қудуридің ғибратты өмірімен және еңбектерімен танысып шықтық. Соның ішінде, «Мұхтасар әл-Қудури» атты берекетті еңбекке қатысты жүз шақты түсіндірме, т.б. кітаптар жазылған. Бұдан имамның ерекше ықыласын байқаймыз. Ендеше, ғалымның кітаптарын меңгеріп, пайда мен берекетке кенелуді нәсіп етсін!

Қосымша ретінде, ілім ізденушіге кеңестер:


Араб әлемінде фиқһты "әл-Любаб" кітабымен бастайды. Бірақ бұл кітап мәтінді түсіндіруден гөрі қосымша мәлімет, пікірлерді таңдауға мән бергендіктен бастауыш деңгейге қиын соғады.
Имамның еңбектерінің ішінен, кем дегенде, "әл-Жәуһара ән-нәйира", ибн Құтлұбұғаның "Тасхих", Бакдаш шейхтің баспаға жіберген "әл-Любаб" нұсқасын алған дұрыс болады. Және есте ұстайтын мәселе, "Мұхтасар әл-Қудуриді" жақсылап меңгеру мәзһабымыздың негізгі кітабы "әл-Һидая" сияқты басқа да күрделі еңбектерді өнімді түрде қабылдаудың кілті болып табылады.

Аударылған мақаланың негізгі дереккөзі: https://azan.ru/maqalat/read/imam-al-kuduri-fakih-tyisyacheletiya-11025


Әбул-Хусейн Ахмад ибн Мұхаммед әл-Қудури. Мұхтасар әл-Қудури. тхқ. Мұхаммед Алауддин Зейну. Дәр әл-Бәйрути. Бейрут. 2018. 320 б.

Аударған: Елеусызбаева Н.


Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті
«Исламтану» білім беру бағдарламасы

Алматы, 2022



1 Тариху Бағдад, №4/377.

2 әл-Бидая, 12/248.

3 Тәзкиратул-хуффаз, 3/1086.

4 Мифтахус-сағада, 2/245.

5 “Мақалат” әл-Кәусари (59 б.).

6 Әл-Биная, 5/127.

7 Әт-Тахрирул-уәжиз, 109 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет