Өмірбаяны Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы


Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы



бет2/3
Дата04.04.2024
өлшемі15.48 Kb.
#497735
түріРеферат
1   2   3
Дж

2. Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы.
1799 жылғы 18 брюмердегі (9-10 қараша) мемлекеттік төңкеріс Ұлы француз революциясына соңғы нүкте қойды. Мемлекет басында Наполеон Бонапарт тұрған консул режімі енгізілді. 1804 жылы консулдың орнына Бірінші империя келді, Наполеон империтор болып жарияланды.

Наполеон Францияны әлемдегі жетекші мемлекетке айналдыру мақсатында, әсіресе бірінші кезекте Еуропа елдері арасында үстемдігін арттыру үшін сыртқы саясатта басқыншылық соғыс жүргізді. Бұл Еуропалық державалар мен халықтар тарапынан қарсылық тудырды. Сондықтан да Еуропа саясаты Наполеонның 1799-1815 жылдары аралығында жасаған жорықтарын Францияның Еуропада жеке үстемдік жасау мақсатында болған деп қаулы қабылдады.


Наполеонның жаулап алу жорықтары Франциядағы капиталистік дамуды жеделдетті. Наполеонның жаулап алу жорықтары экономикалық қорды қажет етті. Үкімет елдегі кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасады. Ірі буржуазияға пайдалы мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Наполеон елдің қаржылық жүйесінде реформалар жүргізді. 1800 жылы француз банкі құрылып, жаңа ақша бірлігі – франк енгізілді.
1804 жылы Азаматтық кодекс (заңдар жинағы) немесе Наполеонның кодексі жарыққа шықты. Онда классикалық буржуазиялық модельдегі меншік қатынастары, мұрагерлік құқық, әйелдердің ерлерге, жалдамалы жұмысшының қожайынға қатынастары бекітілген. Кодексте азаматтардың заң алдында тең екені, тұлғалар еркіндігіне, мүлкіне, ар-ұят бостандығына қолсұғылмаушылық көрсетілген.
ХІХ ғ. алғашқы он жылдығында француз экономикасының барлық саласы күрт дамыды. Әсіресе өндіріс қатты қарқын алды, мануфактурамен қоса, өндірістік машиналар да қолданысқа енгізілді. 1812 жылы тек тоқыма өнеркәсібі бойынша ғана 200-ден астам фабрикалар жұмыс істеп тұрды. 1800-1811 жылдар аралығында Лионда мата өндіру үш есеге артты. Бұл машиналарды қолдану арқасында болған жетістіктер еді. Жылдам даму тек жеңіл ғана емес, ауыр өнеркәсіпте де көрініс берді.


3. Хронология
- 15 тамыз 1769 жыл–бұл күні Наполеон Бонапарт – Францияның болашақ императоры, ұлы қолбасшы және саяси қайраткері дүниеге келді.
- 1779 – Отенс колледжіне оқуға түсті.
- 1780 – 1784 – Бриенн әскери академиясында мемлекет қаржысына оқыды.
- 1784 – 1785 қазан айы – Наполеон Париждегі элиталық әскери мектепке түсті, осы кезде ол өзінің бірінші -- артиллерия кіші лейтенанты-- атағын алады.
- 1792 – Наполеон Якобин клубының мүшесі болады. Саясатпен айналысу талпынысы оған ештеме бермеді.
- 1806 жыл–«Рейн одағының» құралуы.
- 1806 – 1807 жылдар– жаңа екінші антифранцуздық коалицияның әскері талқандалды. Соңында Ресей үшін масқаралы Тильзит келісімі күшіне еніп, Ресей соғыстан шығады.
- 1809 – Австрия империясымен арадағы соғыс. Шенбрунн келісімімен аяқталды.
- 4 мамыр 1810 жыл – Наполеонның Мария Валевскаядан Александр атты баласы туылады.
- 1810 –Наполеон мен Жозефинаның ажырасуы. Австриялық принцесса Мария Луизамен некесі.
- 1811 – заңды мұрагер Франсуа Шарль Жозеф Бонапарттың (Наполеон II) туылуы.
- маусым 1812 жыл– Ресеідегі Отан соғысы. Наполеон әскерінің «өлімі».
- Қазан 1813 жыл– Лейпциг шайқасы, көбінесе «халықтар шайқасы» деп аталады. Наполеон жеңіліс табады.
- 1813 – 1814 жылдар– Наполеону предлагают ряд мирных соглашений, однако он их одно за другим отвергает, и продолжает отчаянные попытки сопротивления.
- 1815 – 1821– бұл жылдары Бонапарт Қасиетті Елена аралында өмір сүріп, өзінің бһатақты мемуарларын дүниеге әкелед
- 5 мамыр1821 жыл– Наполеон Бонапарт жалғыздықта қайтыс болды. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Наполеон қатерлі ісіктен немесе уланудан өлуі мүмкін.
- 1830 жыл– Наполеонның тоғыз томдық меуары жарық көреді.
- 1840 жыл– Наполеонның сүйегі Париждегі Мүгедектер үйіне көшіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет