Өмірбаяны садуақас қазіретінің отбасы


С.Садуақасұлы – комунистік такаппарлық құрбаны



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі395.5 Kb.
#139351
1   2   3   4   5

1.2. С.Садуақасұлы – комунистік такаппарлық құрбаны
ХХ ғасырдың беташар жылы өмірге келіп бар болғаны он шақты жыл саяси өмірге араласқан С.Садуақасұлы осы ғасырдың соңында кейінгі ұрпақтардың назарына ілінетіндей қаншама еңбек сіңірді. Голощекиндік зорлықпен, тар тапшылық көзқараспен жаңа қалыптасып келе жатқан тотаритарлық жүйемен күресін және басқа ерлік істерін тізіп шығуға болар еді. Бірақ олардың барлығы да мәселенің ең негізгі қырын, негізгі мәнін ашып бере алмайды [6,93-б].

«Садуақасовшылдардың» жаулары өлердей қорыққан ең басты «міні» өткінші бір күндік, бірер жылдық, науқандық шаралардан мәңгі елдік, ұлттық мүддені дер кезінде ажырата алуында, саяси басшылықпен назарын соған аударып, сол үшін еңбек етіп күрес жүргізуінде еді. Дәлірек айтқанда, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық мемлекеттік биліктің сұранысына сай жаңа саладағы қайраткер болып қалыптаса бастауында еді. Оның таптық, интернационалдық мүдделерді ұлттық мүддеге қарсы қойған орталық билікпен және халық мүддесімен санаспаған не оны алған қызметімен айырбастаған жергілікті басшылық пен келісе алмауы да сондықтан болатын. Қазақ тарихында «голощекиншілдік» пен «Садуақасовшылдық» мемлекеттік басқарудағы бір-бірімен бітісе алмайтын екі ағым космополиттік және табиғи патриоттық көзқарастар болатын. Тотаритарлық жүйе жағдайында бұлардың алғашқысының үстемдік алуы да таңданыс тудырмайтыны сондықтан.

Голощекин өлкелік комитетке келгенде С.садуақасов Бюро мүшелігіне кандидат, Оқу ағарту Халколы, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы міндеттерін бір мезгілде атқарып жүрген 25 жасар жігіт еді. Ол жасына қарамастан саяси күресте тәжірибелі республика, өміріндегі өзекті мәселелер бойынша қалыптасқан өз пікірі бар, қалың қауым мойындаған белсенді қайраткер болатын [2,36-б].

Ф.Голощекин С.Садуақасов пен жоғарғы билік құрамындағы оның серіктеріне шешуші шабуылға 1926 жылдың соңына қарай көшті. Мәскеуде өткен ұлт өкілдері кеңесі мен Садуақасов, Қожанов және Мыңбаевтың тапшылдық әрекеті туралы мәселе қараған. ВВКП(б) Қазақ Өлкелік комитетімен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумының өзара байланысы бар ма? Мәскеудегі кеңес 1926 жылдың 12 және 14 қараша аралығында өтсе Қызылордадағы пленум осы айдың 25-30 аралығында болды. Демек, ұлт өкілдері кеңесіне байланысты Мәскеудегі басшылардың пікірін біліп алғаннан соң, Голощекин үшін Қазақстандағы «ұлтшылдармен» есеп айырысуға нағыз қолайлы сәт туған еді. Орғасырлық ақын айтқандай «қолайлы сәт бұлт сияқты, сәл кідіріп ұшады да кетеді».

Осы тарихи кезеңдегі қазақ ұлттық интеллигенциясының өзара жікшілдікке бейімділігі, оның белгілі бір бөлігінің құрған шырмауға түсіп ұлттық мүддені тірекк еткендігі болды. Әрине ұлттық интеллигенцияның бұл кемшіліктері, белгілі дәрежеде оның босаңдығына, қоғамдық саяси күресте тәжірибесіздігіне байланысты екендігі даусыз.

Голощекин жалпы одақ көлемінде және Қазақстанда қалыптасқан өзіне қолайлы ұтымды пайдалана отырып, өз қарсыластарымен күрес барысында түрлі әдістерге барды [27,9-б].

Солардың бірі Алаштың интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі құйтырғыларынан хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы қоюы болатын. Бұл әдісті 20-шы жылдардың барысында жоғарғы билікке енді ғана араласа бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте қолдана бастаған. Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып жатқан түрлі топтар (Садуақасовшылар, Мендешевшылар, Сейфулиншілдер т.б.) біріне-бірі алашордалықтармен байланыста болдың сияқты айып таққан.

Билікте жүрген ұлттық интеллигенцияның өзара бақталастықта саяси күрестен алстаған алаштық интеллигенциямен байланысты көлденең тартуы, түптеп келгенде, оның өзіне бәле боп жабысқанын сезбей де қалды, ал қоғамдық саяси күресте оның тәжірибелі қарсыластары қазақ зиялыларының бұл кемшілігін үлкен шеберлікпен пайдалан білді.

Дегенмен әртүрлі айлақорлықпен қазақ интеллигенциясы түрлі топтарға бөліп тастап оларды өзара қырқыстырып қоюды ерекше «табысқа жеткен», әрине Голощекин еді. Ол қазақ интеллигенттерін ескі, яғни алаштық және жаңа яғни советтік интеллигенция деп бөліп, соңғысын оңшыл және солшыл деп тағы да жіктеді.

1926 жылғы қараша пленумында жасаған баяндамасында Голощекин «алашордалықтардың екі буынын» анықтап оларға мынандай баға берді: Алашордалықтардың екі түрі бар – ескі басшылары және алашордалықтардың жаңа буыны. Олар өткен уақытта, қазақ жағдайында, қазақ болмысында революционер, буржуазиялық революционерлер болды. Ал жастарда ол жоқ, оларда ашу-ыза басым, олар советтік билікпен күресте есейді».

Әңгіме кім туралы болып отырғанын түсінген С.Садуақасов осы пленумда сөйлеген сөзінде: «Мен осы мінбеден алашорда идеологиясымен ортақ ештеңе де істегем жоқ екендігін мәлімдеймін, өйткені мен коммуниспін. Біздің сорымызға қарай ондай жағдайлар ісімізден, кейде сөзімізден сезіліп жатса, сол қиындықтарды жеңу үшін өсіп жетілуіміз керек қой», -деп көрсетті. Сонымен қатар «біз 100% коммунист емес екенімізді түсінеміз», -деді ол, өйткені біз патшалық тәртіптің жер аудару, каторга сияқты азабын бастан өткізгеніміз жоқ, кемшіліксіз де емес екендігімізді мойындаймыз бірақ біз ол қателіктерді жеңу үшін әрекет жасаудамыз» [25,75-б].

Бірақ С.Садуақасұлының бұл жан айқайы Голощкин емес, залда отырған комунистердің де жол тапты деп айту қиын. Пленум барысындағы пікір алысу соны көрсетіп берді.

Х.Жүсіпбеков: «С.Садуақасұлы редактор болып жүргенде де оның партияда жоқ интеллигенттердің партияға қарсы жазылған мақалаларын жариялауы кездей-соқ емес. Біздің советтік интеллигенция – бұл қазақ мұғалімдері. «Еңбекші қазақта» ол мұғалімдерді – атқамінерлер жариялаған материалдар басты. Сөйтіп жаңа теория жасамақ болды, мен өз қызметіме байланысты мұғалімдерді мұндай етіп көрсетуге қарсы шықтым. Садуақасов жолдастың интеллигенцияға қатынасы осыдан көрінсе керек», -деді.

....«Мен Орталық Комитетте қызметте жүргенде Садуқас жолдас маған келіп, жалғыз ленинизммен қазақ халқын басқаруға болмайды деп дәлелдеуге тырысты. Біз осы күнге дейін тек ленинизм арқылы ғана басқаруға болады деген көзқараста тұрмыз, ал ол болса болмайды дейді», -деді Ғ.Тоғжанов мырза. Сонымен қатар С.садуақасовтың «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған бас мақаласында ХІV съездің шешімдеріне сүйене отырып, біздің Қазақстанда оңшылдық жоқ, керісінше солшылдық басым, сонымен белсенді күрес жүргізу қажет деп жазды [25,186-б].

1926 жылғы қарашадағы Лениннің материалдарымен таныса отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады. Голощекин қазақ интеллигенциясын бөліп – жару саясатын жүргізе отырып мынадай мақсаттар көздеп, оған қол жеткізді: «Алдымен ұлттық интеллигенцияның түрлі буындары арасындағы табиғи сабақтастығы бұзылды, соның нәтижесінде жас буын интеллигенцияның азаматтық кемелдену процесі тежелді. Ал бұл жағдай өз ретінде жалпы ұлттық міндеттерді анықтауға, оларды бүкіл ел көлемінде ұғынып, солар үшін саналы түрде мақсатты күрес жүргізіп, еңбек ету мүмкіндігінен айырды».

Осы пленум барысында «садуақасовшыларды» әшкерелеуде алдымен белсенділік танытқан «жаңа қабаттағылар» болды. Бұлар Қазақстанның болашағын партия ұйымының қазақ бөлігін көркейтетін жаңа кадрлар қабаты болу есептелді.

Енді солардың сөздерінен алынған мынадай пікірлерге назар аударалық. О.Исаев: «Мен енді біздің садуақасовшылдықпен үлкен принциптік айырмашылығымыз бар кейбір мәселелерге өтейік. Бірінші – жергіліктендіру мәселесі. Олар жергіліктендіруді іс –жүзіне неге айналдырмақшы? Олар жергіліктендіруді басып алу құралы мен әдісіне айналдырып, содан кейін Мәскеудің пролетарлық партиялық басшылығынан жалт бермек. сонысымен олар қазақ байларын идеологиясы мен талабын білдірушілер.

Голощекин мен оның серіктері С.Садуақасовқа әлеуметтік-экономикалық саясатта ұстанған бағыты үшін «байлардың идеологы» деген баға берсе, ол оның республикадағы мемлекеттік және партиялық аппаратты жергіліктендіруге байланысты айтқан пікірлері мен жүргізген күресі үшін «буржуазиялық ұлтшыл» деген атақ берді.

Енді бірер жылдан соң, жергілікті интеллигенциямен күрес сырын менгеріп қалған Голощекин «садуақасовшылдық», «садуақасовшылар» сияқты ұғымдарды оңды-солды қолданып, оларға тіптен анықтама да бере бастайды. Солардың бірін келтірейік: «Что такое садуакасовщина?».

«Садуакасовщина – это советский аппарат вырывающийся из – пор партийного влияния и идущий на поводу умелко – буржуазных идеологов, садуакасовщина – это «самоопределение» в рамках демократии, это самодовлиящий открывающий от СССР Казахстан» (Доклад и заключательное слово тов. Голощекина Кызыл-Орда 1928г. с.189).

Голощекин түрлі анықтамалар беріп даурыққанымен шын мәнінде С.Садуақасовтық халық мүддесінде іс-қимылын көрсете аларлық нақты фактілері жоқ болатын. Ондай фактілердің болуы мүмкін емес еді. Тіптен мәселег терең қарайтын болсақ Голощекин мен Садуақасовтың жергіліктендіру процесіне көзқарастары арасында принциптік айырмашылықтың барлығын байқауға болады және ол айырмашылық олардың халық өмірімен тарихына қала берді тағдырына қатынастарынан туындап жатты.

Смағұл Садуақасовтың Ташкенттегі өкілдік жұмысы да ұзаққа созылмады. Бұдан кейін ол Қазақ жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалады. С.Садуақасұлының бұл кезеңдегі саяси көзқарасы туралы нақты фактілері арқылы баяндау қиын. Өйткені ондай фактілер тым аз. Мәселен, тиесілі орындарға жіберілген ресми құжаттардың бірінде С.Садуақасов бұрынғы алашордалықтардың тобына жатқызып, «отаршылдардың соқыр қаруы, карьерист», Мендешов, Сейфуллин, Асылбековтерге қарсы күресушілер ретінде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл кез қазақ интеллигенциясы арасында алауыздық жікшілдік отының өршіп тұрған уақыты еді.

Мәселен, осы аталған құжатта ішкі істер халкомы Ә.Әйтиевтің Қазақстанда сол тұстағы қазақ обкомының мүшесі Ә.Байділдин мен ҚазОАК-ның мүшесі С.Садуақасов бастаған жас қазақ интеллигенттерінің құпия ұйымы бар екендігі ақпар тапқандығы айтылған [27,5-б].

С.Садуақасов осы кездің өзінде-ақ тар топшылдық өресіз ұлтшылдықтан ада және ондай түсініктерден анағұрлым биік болатын.

С.Садуақасовтың кемел қайраткер ретінде көрінуі 1923 жылы наурызда Орынборда ІІІ облыстық партия конференциясына байланысты болатын. Мұнда С.Садуақасов Қазақстанда совет және партия жұмысының әлеуметтік базасын нығайту жолдарына арналған Вайнштейннің баяндамасын талқылау барысында «база» деген сөздің оның ұйқысын қашырғандығын осы сөзді теріс оқығанда қазақтың «азабы» сөзі болып шығатындығы, егер ол қазақ кедейлерінің ауыр халін көтеруге бағытталған нақты шаралармен толықтырылмаса, шынымен оның қазақ бұқарасы үшін «азапқа» айналуы толық мүмкін екендігіне көңіл аударған еді [5,186-б].

«Қазіргі уақытта, деді С.Садуақас – қырғыз кедейлері біреудің қанауынан емес жұмыссыздықтан азап шегуде. Сондықтан да қырғыз кедейлерінің бірінші кезекте тура осы тұрғыдан қарау қажет... Қырғыздағы ат шөп косилка беріңіз, сол арқылы оның қожалығын нығайтыңыз, ал бұл шара барды қарадүрсін бөлуден жүз есе тиімді болмақ», -деген.

Екіншіден сондай-ақ мұндағы негізгі, С.Садуақасұлының пікірінше түпкі мақсатқа, яғни еңбекші бұқараны оның қанаушысы байлардан азат етуге дәстүрлі қазақ шаруашылығын терең күйзеліске ұшыратуы мүмкін жасандаы «дауылсыз ақ» жетуге болады. Бұл белгісі Ф.И.Голощекиннің кіші октябріріне, жалпы сол күздегі Қазақстандағы коммунистер арасындағы орын алған коммунизмнің «солшылдық ауруына» қарсы қойылған бағыт еді.

Сонымен С.Садуақасұлы «кіші октябрь» концепциясына қарсы. Осында өзі не ұсынды деген сауалдың тууы толық негізді. Бұл ретте оның жоғарыда аталған мақаласында, сөйлеген сөздерінде айтқан пікірі мынаған саяды. Елдің байлығын арттыру, шаруашылығын көтеру біздің негізгі міндетіміз. Еңбекшілердің мүддесі де осы мақсаттардың орындалуына тәуелді болып отыр. Міне, осы тұрғыдан алғанда тапаралы жұмыстың міндеті кедейлерді түрлі тонаудан құтқару, кедейлермен орташаларға қажет болса жер үлесін қажет болса, шаруашылық кредит беру, ауылда кооперативтер ұйымдастыру, кедейлерді санылып жатқан өнеркәсіп орындарына, темір жол жұмысына тарту, еңбекші бұқараның балаларына білім беру т.с.с. ал бұл жұмыстарды атқару үшін мемлекет қаржысы жетімсіз. Сондықтан да мәселен, егер жаңа құрылып жатқан кооперативтің қаржысы тапшы болыа жатса байлардан неге ақша алмасқа? Егер бір жерде тектеп құрылысы қазына қаржысы аздық қылып жатса, жетпей жатқанын неге байдан алмасқа?

Байлар қаржысын пайдалана отырып, неге кедейлерге көмек қорын жасамасқа? Міне осы сияқты шаруаны құр дақыртсыз дау-жанжалсыз, барды қиратусыз-ақ істеуге болады ғой? Әрине, болады.

Конфискация жүргізу мәселесінде де Голощекин мен Садуақасұлы керегер келеді. Садуақасұлы: «Қазақ аулының социализмге барар жолды – кооперация деп санайды. ауылда кооперацияны неғұрлым көп ашсақ кедейлер мен байлардың ара жігі жайылады, бәрі бір келкі болады деп ойлады. Әркім еңбегіне қарай өмір сүре алады деген пікірге келеді. Оның үстіне С.Садуақасұлы орташа шаруаларды байлардың қатарына қоспай, кедейлермен бірге санау керек дейді. Міне осы мәселеде Голощекиннің басқаша пікір де болғанын және ойларын қалай жүзеге асырғаны тарихтан белгілі. «Кіші октябрдің» қазақ халқын қандай күйге ұшыратқаны, байлармен бірге орта шаруалардың қуғынға ұшырағандығы да қазір белгілі болып отыр. С.Садуақасұлының Голощекинмен келіспеген тағы бір мәселесі – Қазақстанда өнеркәсіп орындарын ашу проблемасы. Смағұл Қазақстан қазан төңкерісіне дейін Ресейге шикізат беретін отар ел болса, қазірде солай болып отыр», - дейді. Республика өндіріп отырған өнімнің бәрі орталыққа жіберіледі, өте арзанға сатылады, егер ол өнімдер жергілікті жерде өңделетін болса, Қазақстан пайдаға батар еді дейді [5,7-б].

Ал Голощекин болса оған: «С.Садуақасов Қазақстанда орталықтан бөліп алғысы келді. Россиямен экономикалық байланысты мүлдем үзгісі келеді», -деген айып тағумен болады.

Сонымен қатар Ф.И.Голощекин әуелі оны С.Қожановпен бірге, кейін Ж.Мыңбаев екеуіңнің «жігің» бар деген «жік» жік шығарып жүрсің деп айыптаса, кейін Ж.Мыңбаев екеуіңнің «жігің» бар деген жала жабады.

Ақыр соңында өлкелік ІV партия конференциясында ол барлық қызметінен босатылып, Ташкентке Қазпедвуздың директорлығына жіберіледі.

1926 жылдың 29 қазанында Ташкент қаласындағы педагогикалық институттың салтанатты ашылуында «Жоғарғы оқу орнының Қазақстан үшін маңызы» деген тақырыпта баяндама жасады. С.Садуақасұлы Ташкентте жүргенде оның «Большевик» журналына жарияланған «Ұлттар және өкілдері туралы» деген мақаласы жарияланады. Онда былай делінген: «Бұл жерде шаруашылық жағдайымен бірге, мәселенің саяси мәнін ескеруге тура келеді. Шаруашылықты жабық түрде құру идеясын қолдаушылар бізге тап ретінде бізге жау элементтер болып табылады». «Большевик» журналына жарияланған мақалаға жауап ретінде осы сонда Москвалық ғылым К.Таболовтың «Против линии национальной демократии» атты мақаласын қоса береді. Арнайы тапсырма бойынша жазылған бұл мақала С.Садуақасұлының орында және дәлелді айтқан ойларын жоққа шығарып, өзін партияның сара жолына, интернационализм принциптеріне қарсы шыққан «буржуазиялық демократ» екенін көрсетуді көздеген жұмыс болатын.

Бұл С.Садуақасұлына жайлы тимегендігі түсінікті. Ол көп қзамай редакторлық жұмыстан босанып, Мәскеуге ауысады. Мәскеуде ол алдымен өз уақыт Шығыстану институтында ғылыми қызметкер болып істеп, содан соң Мәскеудің инженерлік транспорт институтына оқуға түседі.

Университетті 1827 жылы бітірген Елизавета 1928 жылы аспирантураға түседі.

Смағұлдың баласы Ескендір 1826 жылы туылған екен. Асперантураны Елизавета 1931 жылы бітіріп шығады.

Смағұл институтты бітірген кезде «өз мамандығы бойынша жұмыс істесін деген желеумен салынып жатқан Москва-Донбас теміржолына инженер-құрылысшы қызметіне жіберіледі.

Осы қызметті істеп жүргенде, 1993 жылдың күзінде Воронеж тұсында іш-сүзегін жұқтырып алады. Ауруы асқынып С.Садуақасұлы Кремльдің ауруханасында 1933 жылдың 16 желтоқсаны күні өмірден қайтады.

С.Садуақасұлының өлімі қазақ елі, қазақ интеллигенциясы үшін әрине қатардағы хабар еместін. «Известие» газеті 16 желтоқсанғы санында оның қаза болуына байланысты Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, М.Мырзағалиев, В.Шатов, А.Абдеев сияқты қайраткерлер қол қойған қайғылы хабар жарияланады.

Лагерьден Мәскеуге қайтып келсе, шешесін әскери дәрігер ретінде майданға алып кетіпті.

Ескердір көп ойланбай-ақ, жасым 17-де деп, военкаматқа барады да, өз еркімен майданға кетеді [2,65-б].

Шешемен бала бұдан кейін кездесе алмайды. Қанша жыл іздеседе баласының бір дерегін таба алмай Елизавета Әлиханқызы 1971 жылдың 23 маусымында Москвада көз жұмады. Жаратылысында күрескер Смағұл Садуақасұлы өлкелік комитеттің әлеуметтік – экономикалық және саяси мәселелерде ұстанған жақсаң бағытымен күресін Қызыл-Ордадан кеткен бетте тоқтата салған жоқ.

С.Садуақасұлы голощекиндік зорлыққа, тар тапшылдық көз қарасқа және жаңа қалыптасып келе жатқан тоталитарлық жүйеге қарсы белсене күресе білді.

Халқыныңжарқын болашағы үшін осылайша жан қиярлықпен күрескен С.садуақасұлы өз елінде қызметінен айырылып, өмірінің соңына дейін қуғын көреді [1,70-б].

ІІ.СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ АТҚАРҒАН

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ
2.1. Смағұл Садуақасұлының қоғамдық-саяси көзқарастары
С.Садуақасұлының қоғамдық көзқарастары 1916 жылы «Бірлік» ұйымына мүше болғаннан басталады. С.Саадуақасұлының саяси өмірбаяны мен жолына үңілгенде Омбылық кезеңнің алатын орны ерекше. 1917 жылы 1-4 қазан аралығында «бірліктің» кеңейтілген жиылысы өтеді. Оған Ақмоладан «Жас қазақ», Спасскіден «Жас дәурен» және басқа жастар ұйымынан шамамен 100-ге жуық өкілдер қатысады. Жиылыс қаулы қабылдап, ұйымның басшылық органын сайлайды. Оның құрамына М.Саматов, А.М.Сейіповтар, О.Темірбеков, М.Бейсенов, Ә.Байділдин, Д.Әділов, Ғ.Садуақасов және басқа жастар кіреді. Ал жиылыстың төрағалығына және «Бірліктің» үні «Балапан» журналының редакторлығына М.Жұмабаев сайланады.

Жиналыс қаулысында мынадай сөздер жазылған еді: «Жиылыс Орынборда өткен жалпы съезінің қаулысын қуаттайды... Жиылыс қазақ саяси партиясы «Алашты» заман талабына сай және көздеген мақсатқа тез қол жеткізе алатын партия санайды. Сондықтан да қолдайды, халық арасында оның пікірлерін тарауды өз міндетіне алады» [6,48-б].

1918 жылы «Бірлік» ұйымының мүшелері «ұлт мүддесіне бірігіп қызмет ету» мақсатында жалпы қазақ жастар съезін өткізуге ұмтылыс жасайды. Тіпті оған қатысатын делегаттар анықтайды. Олардың арасында С.Садуақасұлы да бар еді. Қазан төңкерісінен кейін екі бағытқа бөлініп кеткен ұйым мүшелері бастапқы кезеңде өзара жалпы демократиялық платформа негізінде біріккені, ал олардың көзқарастарында ағартушылық, ұлт азаттық мүдденің үстемдік алғаны да тарихи шындық болатын. Және оған өмірлік себептерде жеткілікті еді.

Ол туралы С.Садуақасұлы 1821 жылы жарық көрген «Жастарға жаңа жол» деген кітапшасында қазақ жастарының ұлт жандылық жолға түсуін объективтік себептерін, яғни отарлық езгідегі қазақ қоғамының жағдайы алдыңғы қатарлы саналы жастарды ұлт намысын қорғауға итермелегенін нанымды баяндап береді [9,545-б].

С.Садуақасұлының ауыл шаруашылық, экономика саласында атқарған қызметі көп. Соның дәлелі ретінде алатын еңбегі – «Кооперация һәм – қазақ шаруасы». Кооперация – Смағұл аса жетік меңгерген саласы. Ол мұны арнайы оқыды, қазақ шаруасына ыңғайлы жерін сол шәкірт күнінде-ақ басына тоқыды. Бұл туралы әжептәуір мақалалар жазды. Мына еңбек солардың қорытындысы секілді. Кітапшаның алғы сөзінде Смағұл «алты жыл ұдайымен арпалысқан заманның» зардаптарын айта келе «Қазақ шаруасының қазіргі халін тексеріп, ... кооперация ашу керек» деген тақтан жасағанын мәлімдеді.

Қаламгер атғашқы бөлімінде кооперацияның мән-мағынасын, оның түрі мен саласы қайдан шығып, жұрты қалай көркейткені жөнінде түсіндіреді. Бұл ретте ол кооперацияның кіндігін кескен Англиядан бастап, Германия, Дания, Голландия, Швеция, Ресейге дейінгі елдердің бой тәжірибесін тілге тиек етіп, олардың қазақ тұрмысына жанасатын жерлерін межелейді және саяси сапырылыстарының алдында Омбы, Орынбор жеріндегі ауылдарда құрылған шаруа дүкендері мен ұяттық дәстүрде ертеден бар дәстүрді жандандырудың, жетілдірудің жолын қарастырады.

Еңбектің күре тамыры – қазақтың шаруа түрлерінен тыңғылықты статистикалық мағлұмат берген бөлімдер. Мұнда экономист Смағұл қазақ түріндегі мал, егін шаруашылдығының 1913-1922 жылдар аралығындағы көрсеткіштеріне талдау жасайды.

Бұл туындыға С.Садуақасұлының ұстаған бағыты-қазақ шаруасының негізін сақтай отырып, жаңа түр тұрпат беру. Оның ойынша, туралаған шаруаға сан сипат берілмесе, ол мүлде құлдырайды. Мұны Смағұл: Шаруаның өзгерісі – тарихтың сыны. Мұндай өзгерісте халық не жер жүзінде жоғалып кетеді, не екінші рет қайта дәуірлегенде шаруасы бұрынғыдан орнықты тәртіпке түседі, - деп орынды түсіндіреді [16,72-б].

С.Садуақасұлы қазақ ішінде бұрын да бар, енді тағы құрылғалы отырған кооперация халық тұрмысының бауырын бұрынғыдан бүтіндейтін үш нәрсе іске асырады деп жасайды. Екінші қазақта әзірше зауыт-фабрика жоқ болғандықтан, шет жұрттың өндіріс бұйымдарын тек айырбас негізінде ауылға жеткізеді. Үшінші, нашарлардың әл-ауқатын түзерту үшін несие қаржы береді.

Қайраткердің пікірінше, осы түрдегі кооперация ұйымдары бойы келе, бірігіп, орталарынан банк ашып оның қаржысымен фабрика-зауыт сала алады.

Тарихтан белгілі, Қазақстанда шаруаны оңдау С.Садуақасұлының «Кооперация һәм қазақ шаруасы» атты еңбегінде көрсетілген жолмен жүрмеді.

Әкімшіл-әміршіл жолмен жүре берді. Смағұл бұл ойды 1921 жылғы аштықтың қайталанбауы үшін айтқан болатын. Алайда қазақ елі кеңес үкіметінің кінәсінен 1932 жылы ашаршылыққа тағы ұрынып, сансыз малы мен жанынан бірдей айрылды.

Осы ауыл шаруашылық училищесінде оқып жүріп қазақ жастарының алғашқы жасырын ұйымына қатысады. Бұл ұйым «Бірлік» деп аталып, 1914 жылы құрылған екен. Оның негізін қалаушылардың және жұмысын ілгері бастырушылардың арасында Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошмұхамед Кеменгеровтар болды.

Смағұл да оқуға түскен соң «Бірліктің» жұмысына қатыса бастайды. Бұл ұйымның бағдарламасы мен істеген істері жөнінде С.Садуақасұлы 1921 жылы жарық көрген «Жастарға жаңа жол» деген кітапшасында жазған. Кітапша он төрт тараудан тұрады [20,350-б].

«Мен үшінші курста оқып жүргенде Омбыға тоқтаған әскер көпірі училищенің оқу үшін өздеріне күштеп тартып, дәрісімізді еріксіз үзді», - дейді С.Садуақасұлы. Училищеде оқу үзілгенде ол қарап жатпаған. 1918 жылдың басында Омбы политехникалық институты жанынан ашылған кооперация курсы, Омбыда жеке дара ашылған кооператив курсынан дәріс тыңдаған [21,260-б].

1818 жылдың жазында Ақмола облыстық жер-су басқармасы ұйымдастырған қысқа мерзімді екі айлық қазақ оқытушыларын дайындайтын курста кооперация қисыны және табиғат танудан сабақ береді.

1918 жылдың желтоқсан айының 2-сінен бастап Ақмола облыстық жер-су басқармасы жанындағы қазақ бөлімінің оқу-ісі бойынша, меңгерушісі қызметін атқарады. Сонымен бірге осы мекеменің құзырындағы екі жылдық оқытушылар әзірлейтін курста жаратылыстану мен физика пәндерінен дәріс оқитын мұғалім болды.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қалың ұйқыда жатқан қазақ даласы да оянып, қимылға енеді. Уақытша үкіметтің шешімі бойынша жер-жерден жергілікті басқару органдары – комитеттер сайлана бастады. Сондай комитеттің бірі Омбыда құрылған болатын. Ақмола губерниялық қазақ комитеті деп аталатын бұл өзін-өзі басқару мекемесінің құрамына біраз оқыған жігіттермен бірге М.Жұмабаев пен С.Садуақасұлы да кіреді.

С.Садуақасұлының бұл комитетте нақты қандай іспен айналысқаны жөнінде ешқандай дерек жоқ, бірақ жанама фактілерге қарағанда ол бұл ұйымда жастар арасындағы жұмысқа жауапты болса керек. Мысалы, 1818 жылы майда «Бірлік» ұйымы жалпы қазақ жастарының съезін шақырады. Съезге қатысушылар өздерінің кеңес өкіметін танитындығы жөнінде арнаулы қаулы қабылдайды. Осында барлық жастар ұйымы бірігіп «жас азамат» деген жаңа ұйым болып қайта құрылады. Оның басқармасына мына кісілер кіреді: төрағасы Мырзаұлы, мүшелері: С.Садуақасұлы, М.Сейітұлы, Ғалия Досымбекова, Ә.Байділдәұлы.

«Жас азамат» деген газет шығатын болған. Оның редакторы болып Қ.Кеменгеров сайланады. 1918 жылғы чехословак лаңы, одан кейін Колчак шапқыншылығы кезінде С.Садуақасұлы елге кетіп, Омбыға кеңес өкіметі орнаған соң қайтып оралады. Осы кезден бастап ол әлеуметтік жұмысына белсене араласады. Смағұл Садуақасұлы 1918 жылы 2 желтоқсанда «Орта Сібір» атты Батыс Сібір кооперативтер бірлестігі одағына қызметке кіруге бел бұрды.

С.Садуақасұлы бұл тұста да көрегенділік қадам жасады. Яғни қазақ өз алдына мемлекет боламын деп қадам жасап жатыр. Өтпелі кезеңде жүргенде алауы бар шешен көсемдер керек-ақ шығар. Бірақ саяси ахуал қалыпқа түскенде, ел бастаған көсемге от тілді, орақ ауызды болу аз. Алашқа енді іскер адамдар, істің адамдары қажет күн туды. Сонда Бөкейханұлы Әлихан сынды білімді де іскер адамдар санаулы ғана болып жүрмес пе екен? Қазақ үшін жанын құрбан етуге бар үркетдей аға толық зиялыларға кім демеу болмақ, ісін кім жалғастырмақ? С.Садуақасұлын осылай ойлар мазалағаны ақиқат [18,304-б].

Бұл пікірі оның сібір шаруашылық кәсіпкер мамандары жиылған «Орта Сібір» бірлестігі басшылығы атына жазған хатынан сезіледі. «Сіздер даңғайыр Сібірдің тұрғылықты халықтың басым көпшілігі қазақтар екенін білесіз?», -деді ол.

С.Садуақасұлы 1918 жылдың 14 желтоқсанында «Орта Сібір» бірлестігі басқармасының саудадан басқа істермен шұғылданатын бөліміне «шет ұлттар арасында кооперация жұмысын жүргізуші стажер – нұсқаушы қызметіне алынады».

Бұл қызметте С.Садуақасұлы қазақ арасындағы ұйым дүкендерінің жанданушыларына себепші болып, мал баққан қандастарына мал өнімін құнттау мен еңбегінің есеп-қисабын қалай білуді үйренкені де тарихи шындық. С.Садуақасұлы «Орта Сібір» бірлестігінде 1920 жылдың 6 мамырына дейін қызмет жасап, «қазақ еліндегі кооперация құру мәселесіндегі көзқараста басқарма әкімшілігімен ымыраға келе алмайтындығын айтып және бұл істі ары қарай жалғастыруды ұлтының келешегі үшін негізсіз деп тауып» өз еркімен ұйымнан босайды.

1920 жылы Қазақстан автономия болып жеке енші алған кезде, ал бүкіл қазақстандық кеңестерінің съезіне Ақмола губерниясынан делегат болып сайланады. Осы жылы РКП (б) қатарына өтеді.

Қазақстан кеңестерінің І съезінде С.Садуақасұлы Қазақ Орталық Атқару комитетінің президиумы мүшесі сайланады. Артынша БЦИК-ке мүше болады. Осы кездерден кейін Қазақ АССР үкіметі тағайындалған ол халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың орынбасары болып тағайындалады. Сөйтіп біржолата Қазақстан астанасы Орынборға орнығады. Келесі, 1921 жылы, ол Қазақстан кеңестерінің ІІ съезіне тағы да Ақмола губерниясына делегат болып сайланады. Тағы да Орталық Атқару комитетінің президиумы мүшесі болады. 1921 жылдың 12 қазан күні міндет бөліскенде президиум мүшесі Садуақасовқа ешқандай міндет жүктелмейді, бірақ ол көп ұзамай 22 қазан күні Москваға бүкіл россиялық кеңестер съезіне жүріп кетеді, 1992 жылдың 4 ақпан күні Қазақстан Орталық Атқару комитеті С.Садуақасұлын Түркістан республикасындағы ҚазЦик-тің өкілі етіп тағайындайды. Сол жылдың 22 наурыз күні оны ҚазЦик аштыққа ұшыраған Торғай уезіне жібереді. С.Садуақасұлына ҚазЦик-тің айрықша өкілі ретінде аштыққа ұрынған елге төтенше көмек көрсету міндеті жүктеледі. Осы наурыз айында С.Садуақасұлын әскер қатарына шақырады, бірақ ҚазЦик төрағасы С.Мендешев РКП (б) [15,12-б].

РКП (б) орталық комитетіне хат жолдап, оны мобилизациядан алып қалады. 1922 жылдың 4 қарашасын жер-су комисариатының орынбасары міндетін уақытша атқару жүктеледі. Міне, осыларға қарағанда С.Садуақасұлы 1921-24 жылдар ҚазЦик-тің арнаулы жұмыстар атқаратын президиум мүшесі болғанға ұқсайды. Ол 1923 жылы ҚазЦик-тің секретары міндесін де атқарады.

Осы жылдың қараша айында қабылданған «Қазақстанда іс-қағаздарын орыс тілімен қатар қазақ тілінде жүргізу мәселесі» қаулыда С.Мендешевпен бірге С.Садуақасұлының қолы бар [14,478-б].

С.Садуақасұлы 1923 жылы Әлихан Бөкейханұлының қызы – Елизаветаға үйленеді. Бұл кезде Елизавета Әлиханқызы – Москва университетінің медицина факультетінің студенті еді.

1924 жылы ол мемлекеттік жоспарлау комитетінде председательдің орынбасары қызметін де атқарады. Міне осындай әр түрлі қызметтерде жүріп, С.Садуақасұлы мемлекет істеріне де араласып, қайраткер ретінде қалыптаса бастайды.

1925 жылы қаңтардың басында «Еңбекші қазақ» газеттің жауапты шығарушысы тағайындалады.

1928 жылдың 8 қаңтары мен 1928 жылдың 20 ақпанына дейін редакторлық қызмет атқарады. «Еңбекші қазақтың» мәдениеті өсті. Газет тек ресми материалдар жариялап, танымдық, ғылыми дүниелер дер болды.

С.Садуақасұлының көсем сөздік мұрасының ішіндегі бір ғылыми-көпшілік еңбегі «Жастармен әңгіме» деп аталады.

Бұл туынды қаламгердің «Жастарға жаңа жол» еңбегінің заңды жалғасы секілді. Біріндегі тұжырымдаманы екінші дамытқандай. Смағұл еңбегінде «Қазақ ұлтына жаңа заманда дәстүрлі қалпын ескере отырып, жаңаша көзқараспен қарау керек» деген ой жиі аталады.

Осы пікірді «Жастармен әңгіме» еңбегінен де ұштастырамыз. Смағұл қазақ жастарына сенеді. Өйткені Қазақстан жерінің асты үстіндегі байлықты солар ғана игермек. Өндіріс салып, өнім өндіруге олар бүгін жұмылмаса, ертең біреуге қор болары анық. Қаламгер білім оған жастарының қазірден зауыт-фаурика тетігін білетін, шаруаны ұқсата білетін мамандықтарды меңгергенін қалайды. Алайда ол жастарға қол байлау болып тұрған екі жайтты көреді: 1. Психологиялық кедергілер, 2. Білімнің жоқтығы. Осыларды жеңсе, тұрмыс пен шаруа оңалады деген қорытынды жасайды [13,240-б].

Зерделеп қарасақ көмем сөзші С.Садуақасұлы өз тұсындағы қазақ қоғамның қыруар зәруліктерін арқау етіп, жүйелі түрде еңбек еткені аңғарылады. Ғұлама А.Байтұрсынұлы сипаттаған көсем сөздің мақсат міндеті де сол – халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап «Елдің өзінен шыққан, қаны мен қаны, жаны мен жаны бір дерлік ақын елдің мұңын айтпай қалай тұрсын?» - деді көрнекті ғалым Х.Досмұхасадұлы.

Қайраткер – қаламгер С.Садуақасұлы да көрген білгенін, тоқығанын қағаздарға түсірмей тұра алмады. Ол мұның өзінің адамшылдық миссиям деп түсінді.

1920 жылы жиырма жасар С.Садуақасұлы үлкен сайысқа келеді. Омбыда Сібір РСМ-ның қазақ-татар секциясында қызмет жасап жүргенде Қазақстан басшылары оны қазақ жастарының көшбасшысы болуға шақырады. Сол жылдың қазан айында өткен Қазақстан кеңестерінің І съезі оны республика атқару комитетінің хатшылығына сайлады.

20 жылдардағы қазақ халқы ұғымында айтсақ, ол – «Қазақстан кіндік қызметінің орынбасары».

1921 жылы бұған дейін Сібір төңкеріс комитетіне қарап келген Ақмола, Семей губернияларын қазақ автономиялы республикаға қосуды тездету жөнінде комиссия құрылады.

Мамыр айында С.Садуақасұлы Семейге басшы болып барады. Қой терісін жамылып, губерниялық атқару комитеті басшылығын қолынан жібермей отырған отаршыл пиғылдарды қызметтен аластау, ондағы саяси ахуалды түзеу С.Саудақсұлы оңай тиген жоқ. Сондай кеңейтілген бір жиын 21 мамырда өтеді. С.Садуақасұлы бұл бас қосуда ұзақ баяндама жасайды. Баяндаманың үлкен бір бөлігі: Қазақ қандай ұлт? Тарихы қандай? Орыс пен қазақ арасы неткен күрделі? – дейтін сұрақтарға берілген жауаптан тұрады.

1923 жылы С.Садуақасұлы республикалық жоспарлы комитетінің жерді аудандастыру бөлімін басқарады. Осы жылы «Совесткая Киргизия» журналына «Қазақ өлкесін аудандастыру кезінде туындаған негізгі проблемалар» атты еңбегін жариялай бастады. Мақалада қаламгер қазақ жерін аудандастыру мәселесін көтереді. Кеңес билігі тұсында аса нәзік территориялық айырым мәселесі туралы салиқалы пікірді С.Садуақасұлы санды санаулы қайраткерлер айта алғаны белгілі. Жер мәселесі С.Садуақасұлының осы жобасынан Петропавл, Көкшетау, Ақбасар, Ақмола, Қарқаралы, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының дүниеге келу тарихын біле аламыз.

С.Садуақасұлы Қазақстанда жаңа өмірін арнағаннан бастап, оның нығайып беки түсуіне бар қажыр-қайратынмен ат салысқан. Дегенмен С.Садуақасұлының бүкіл қайраткерлік азаматтық потенциалы толық ашылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Яғни оның халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болған кезі. Бұл кезең сонымен бірге Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетінің жауапты секретары болып істей бастаған кезімен дәлме-дәл келеді [23,64-б].

Бұл екі қайраткердің қарым-қатынасы туралы айрықша айтып өткен жөн сияқты. Өйткені республика өміріндегі белгілі оқиғалар кезінде бұл екеуінің қарым-қатынасы шешуші роль атқарады. С.Садуақасұлы мен Голощекиннің қатты ұстанған төрт мәселесі болған. Олар: 1. Мекемелерді қазақыландыру. 2. Оқығандарға көзқарас. 3. Байларға көзқарас. 4. Өнеркәсіпті дамыту.

20 жылдардың бас кезінен республикада жүргізілген жұмыстардың бірі мекемелерді қазақыландыру, яғни мекемелердегі іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу және онда келген адамдармен қызметкерлердің ұлт тілінде сөйлесе білу мәселесі. Әрбір конференция не болмаса съезд сайын осы мәселе көтерілмей қоймайды. Соның бәрін қазақыландыруды қай бағытта жүргізу керек деген мәселені үнемі айтып отырған Голощекин: «Қазақыландыру жұмысы партиядан басқа мекемелердің бәрінде жүру керек, партия қазақыландырудың қажеті жоқ, өйткені партия Россиянікі, оның тілі орысша болса да жетеді», дейді. Ол Смағұл болса былай дейді: «Партия қазақ жұршылығымен жұмыс істейді, қазақ коммунистерімен қарым-қатынаста болады, ол неге өз жұмысын қазақ тілінде жүргізе алмайды» [17,274-б].

Осы кездегі аса күшті дискуссия тудырған мәселелердің бірі оқығандар проблемасы. Оқығандар болғанда төңкеріске дейін ұлт-азаттық қозғалысына ол революция кезінде «Алашорда» қозғалысына қатысқандар туралы, оларға кеңес үкіметінің қандай көзқараста болуға тиіс деген мәселе [16,105-б].

С.Садуақасұьлы «Партияда жоқ болғандар туралы бір ғана саясат ұстауға тиіспіз: Олардың білімін пайдалануымыз керек. Бізде кеңес үкіметі тұсында білім алып жоғарғы оқу орнын бітіргендер әлі аз, оқу орнында сабақ беретіндер, оқу жазатындар жоқтығ қасы. Сондықтан өз мамандарымыз өсіп жетілгенше біз оқығандардан бас тарта алмаймыз».

А.Ф.И.Голощекин бұл көз қарасқа мүлдем қарсы болады, ол былай дейді: «Қазақстанда жоғарғы оқу орнын ашудың қажеті жоқ, оқимын дейтіндер Москва, Ленинградқа барып оқысын. Оқығандар жастарды бұзады, ұлттар алауыздығын қоздырады». С.Садуақасұлы үшін қазақстандағы мемлекет партиялық жергіліктендіру ғасырлар бойы отарлық ехгімен кіріптарлық болып ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне, оның аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап, қиюы қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорғап қала алатын мүлдем жаңа сападағы ұлттық мемлекет құру еді.

Жиырмасыншы жылдардың орта шенінде байларға көзқарасқалай болуы керек деген мәселе қайта-қайта күн тәртібіне қойылды. Әсіресе Голощекин Қазақстанға келгеннен кейін бұл мәселеге айрықша көңіл бөле бастады. Мәселенің өте күрделі болуының тағы бір себебі: Голощекин орыс поселкесіндегі кулак пен қазақ ауылдарындағы байлардың үлкен айырмашылығы бар екенін айтады.

«Кулак өз шаруасын мәдениетті жүргізеді, соқа – сайманы бар, ол бай болса біреуді қанайды, кеңес өкіметін мойындамайды», деген пікірге келіп, орыс кулактарына тимей-ақ қояйық, ал қазақ байларын тақымдап отыру керек деген ұсыныс енгізеді [7,102-б].

Бұл мәселеде де С.Садуақасұлы қарсы шығады: «Ауыл – поселкде» жүргізілуге тиісті біздің саясатымыз бірдей болуы керек. Қазақ ауылында әртүрлі, орыс поселкесінде басқаша саясат жүргізуіміз дұрыс емес, Қазақстан байы мен қатар орыстың да жуан жұдырықтарын (кулактарын) тақымдап отыруымыз керек». Бұл екі ұштылықтан ада, оның айтылған пікірінен қандай пікірлер жасауға болады? Біріншіден марксизмнің теориялық негізінен жақсы хабардар С.Садуақасұлы тап күресіне қарсы емес, басқаша айтқанда партия мүшесі ретінде қазақ байлары мен күрес жүргізу қажеттігін мәтіндеп қана қоймай, өзі соған ал салысуға даяр. Ол бұл бағытын саяси қайраткер ретінде іс жүзінде дәлелдеді де.

Қазақтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ділгір мақалалар жиі жарық көрді. «Еңбекші қазақтың» 1925 жылғы 8 қаңтардағы 275 саны С.Садуақасұлының қолымен шықты. Құжаттардың көрсетуіне қарағанда газеттің беделі бұл уақытқа дейін жоғары болмаған. Тартымсыздығынан оның тиражы барған сайын төмендей түкен. С.Садуақасұлы келген бетте республикалық орталық газеті қалың бұқараның үніне және оның белсенді қоғамдық санының қалыптасуына пәрменді ықпал жасай алатын қуатты құралға айналдырды. С.Садуақасұлының кезінде сынға ұшыраған» оқу ісінің кемшіліктері», оларға қарсы шаралар», «ойланатын уақыт жетті» және тағы материалдары ой еркіндігімен, батылдығымен ерекшеленеді [19,14-б].

1925 жылы сәуірде, Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға ауысқаннан кейін Қазақстан кеңестерін V съезінде ол халық ағарту комиссары болып тағайындалады, ал РКП (б) Қазақстан Өлкелік V партия конференциясында ол партия комитетінің бюро мүшелігіне сайланады. С.Садуқасұлы енді бүкіл Қазақстан тағдыры үшін жауап беретін биік дәрежеге ие болады.

1927 жылдың қарашасына дейінгі екі жарым жыл оның өміріндегі ең күрделі де жауапты кезеңі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет