Он үшінші ғасыр Европа мен Азия халқы үшін елеулі оқиғаларға толы, халықтың тарихында елеулі із қалдырған кезең болды



бет2/4
Дата28.12.2023
өлшемі19.31 Kb.
#488234
1   2   3   4
stud.kz-43544

Хронологиялық шеңбері: П. Карпини мен Г. Рубруктың монғол жеріне жасаған саяхаттары ХІІІ ғасырдың орта шеніне жатады, және саяхат кезіндегі қолжазбалар осы кезеңге тура келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндет: Европа саяхатышылары еңбектерін зерттеудегі негізгі мақсатым, сол куездегі Шығыс өңірінің тарихын батыстық көзқарас тұрғысынан берген бағасын жан – жақты талдау, және сол кездегі бірден бір дерек көзі арықлы Монғолдар мен оларға бағынышты халықтың тарихымен танысу. Сонымен қатар саяхатшылардың не мақсатпен келгенін атықтау менің негізгі міндетім болып табылады.
Ортағасырлық еуропалық саяхатшылардың еңбектері тарихи
дерек ретінде

ХІІІ ғасырда Монғол мемлекеті, яғни саяхатшылар жазбасындағы Татар мемлекеті нағыз өзінің күші шарықтап, бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, алдындағының барлығын басып алып жойқын жаулаушылық жорықтар жасап, әлемді мойындатқан кезі болатын. Батудың басшылығымен жасалған Батыс жорығының салдарынан монғол атының тұяғы Европа жеріне дейін аяқ басудың сәл алдында ғана болатын және бұл Европалық мемлекеттердің үрейін туғызды. Сонымен қатар Шығыс мемлектінен көп хабардар болмаған Евролпалықтар алғашында өздерінің барлаушылары ретінде саяхатшыларды жіберуді жөн көріп, П. Карпини бастаған саяхатшыларды аттандыруды жөн деп санады.


Плано Карпини Итальядық, Перуджи әулетінің атақты жанұясынан шыққан болатын. Оның итальяндық аты Джовани дель Пьяно Карпини, бірақ тарихи әдебиеттерде оны әдетте Плано Карпини деп атайды. Ол француздық сопылық орденінің негізін қалаушылардың бірі болды және Франциск Ассизсктің жақын досы болған. Плано Карпини римдік шіркеуде өзіндік ерекше қызметте болып, королдің бұйрығы бойынша Германия мен Испанияға барып тұрған, сондықтан да Иннокентий ІҮ – нің неліктен оны таңдағандығы еш таңданыс тудырмайды. Плано Карпини өзінің ұзақ саяғатына жалғыз аттанбады. Бұл ұзақ сапарға тағы екі монах – франциск кірді: Польшадан Беннидикт пен Богомеядан Стефан. Соңғысы П.Карпинимен тек Киев Русіне дейін ғана барып, қайта оралған. Ал Бенидикт Карпинимен үнемі бірге жүрген, бірақ ешқандай саяхан туралы жазбалар қалдырмаған.
Плано Карпинидің миссиясы, Иннокентия ІҮ булласын монғол ханына жеткізу болатын, ол 1245 ж. 16 сәуірде аттанады. Екі жыл бойы әртүрлі елдер мен жерлер арқылы саяхаттайды. Карпини Волгаға жеткен кезде, Батудың сарайына келіп, рим папасының хатын монғол князіне табыс еткісі келеді, бірақ Бату Ұлы ханға табыс етілген хатты қабылдамай, миссияны әрі қарай Монғолияға жібереді. Ол әрі қарай ұзақ уақыт Хорезм, Жетісу, Тарбағатай мен Орталық Монғолия арқылы жалықтыратын саяхатты жүре отырып, Күйік ханды Ұлы хан тағына отырғызу салтанатының еріксіз көрермені болды. Осы жерде олар төрт айға жуық уақыт тұрып, 1246 ж. 13 қарашада кері қайтты. Тек жарты жылдан кейін ғана Монғолиядан Киевке жетті, ал 1247 жылдың күзінде Плано Карпини Лионда болып, папа Иннокентий ІҮ – ге монғол ханы Күйіктің жауабын табыстап, саяхат жөнінде толық есеп берді. Плано Карпинидің латын тілінде жазылған есебі, арнайы кітап болып, ол “Libellus historicus” деп аталып, бізге бірнеше рет басылып жеткен болатын.
Плано Карпині Иннокентия ІҮ сарайында үш ай болып, Антивари қаласына архиепископ болып тағайындалады, және сол жерде қаза табады. Оның нақты өлген жылы белгісіз, бірақ ол 1248 жылдан ерте емес, 1252 жылдан кеш болмаған. Плано Карпини өзінің алдына қойылған тыңшылық міндетін айтарлықтай көлемде орындаған. Ол монғолдардың қарулануы мен әскерін олардың соғыс жүргізу тактикасын егжей – тегжейлі суреттеп берген.
Плано Карпиниге берілген қысқаша суреттеме итальян қоймаларында сақталған, ол 1247 ж. қарашада Карпиниді рим папасы сарайында көрген. Оның Плано Карпиниді суреттеуі бойынша: “Карпини білімді, тапқыр, шешен, және әртүрлі істерді шешуге бейім адам болды; ол татар жерінен көрген таңғажайп жерлер мен тағы басқа қызықты жайттарын үлкен кітап бетіне жазып қалдырды.”
Плано Карпинидің еңбегі ХІІІ ғасырдың өзінде кең тарап, оның қолмен жазылған көшірмелері көп болғанымен бізге тек бесеуі ғана жетті. Оның ең жақсы жасалған көшірмесі ХІІІ ғ. соңында немесе ХІҮ ғасырдың басында жасалған Лейденскийдің көшірмесі. Бұл еңбек көптеген тілдерге аударылып, ал бұл еңбек орыс тіліне тек ХҮІІІ ғ. ғана француз тілінен жасалған аудармасы жарық көрді.
Ал Плано Карпини келгеннен соң бірнеше жыл өткеннен кейін, Орталық Азияға монғолдың Ұлы ханына ұзақ сапарға тағы да минорит орденінен монахтардан құралған миссия аттандырылды. Бірақ олардың алдына қойған мақсаты өзгеше болды. Монғолдар арасында христиан дінін уағыздаумен қатар, Ұлы ханмен Кіші Азияда ұзаққа созылған ислам дініне қарсы соғыста одақ құруға мүмкіндік болатынын анықтау керек болды. Людовик ІХ осы кезде Кіші Азияға 1248 жылы лтыншы крест жорығын ұйымдастырып, ол жеңіліс тапты. Сондықтан ол жетінші жорықты ұйымдастыруды көздеді. Ал монғолдарды одақтас ретінде соғысқа тарту арқылы өз жоспарын жүзеге асыруды көздеген болдатын.
Людовик ІХ – ның осы жоспарын жүзеге асыру үшін Монғолияға ерекше дипломатиялық миссияны жіберуді көздеді, оның басшысы етіп, атақты монах – минорит, алтыншы крест жорығына қатысқан, жігерлі, ақылды әрі жоғарғы білімді Вилгельм Рубрукті тағайындады.
1253 – 1255 жж. Монғолияға жасалған саяхатының суреттемесі тек монғол тарихы үшн ғана маңызды емес, сонымен қатар географиялық білім үшін де маңызды. Рубруктың аңғарымпаздығы арқасында оның ХІІІ ғасырдағы жазбасы құнды дүнелермен толықты. Оның бұл дүниесі ортағасырдағы Шығыс тарихынан хабардар ететін батыс европа әдебиетіндегі құнды дерек көзі болып табылады.
Ол өзіне дейінгі Плано Карпиниге қарағында білімдірек болды, сонымен қатар өзіне дейін жасалған саяхат жайындағы мәліметтермен танысып, алдын – ала дайындалған болатын. Сондықтан ол Плано Карпиниге қарағанда құрылымы бойынша толығарақ суреттеген болатын. Рубрук жазбасы орта ғасырлық Шығыс тарихын баяндау бойынша алдыңғы орындардың бірінде, ол тек Марко Полоның кітабына ғана жол береді.
Рубрук биографиясы жөнінен деректер өте аз, тек өз шығармасынан берген мәліметтерден ғана хабардар бола аламыз. Тіпті оның тегінің өзі 11 түрлі айтылады. Ал “Рубрук” деген лақап атау өзінің туылған Фландриядағы бір ауылдың атымен байланысты. Рубрук көп жыл бойы Францияда тұрған және француз короліне қызмет еткен. Оның нақты өмір сүрген жылдары анық емес, ол 1215 пен 1220 жж. аралығында туылған, 1270 жылы дүние салған. Ол атақты саяхатына 40 жас шамасында аттанған. Ол минорит орденінің заңдылықтарын қатаң сақтаған, үнемі жалаң аяқ жүрген және бұл Монғолияның қатал қысында қиындық соқтырған. Өзінің жазбасында ол жолдың бір бөлігін жаяу жүріп өткен. Оның жол серігі Бартоломео саяхат кезіндегі кедергілерге шыдамай, Қарақорымда қалып қояды, ал ол бар ерік – жігерін жинақтап, басқа жолмен кері қайтады.
Рубрук өз заманында атақты адамдармен кездескен, ағылшын ғалымы Роджер Бэкон өзінің Рубрукпен Парижде кездескенін айтады. Рубрук саяхатқа аттанбас бұрын Дешті – Қыпшақтар туралы мәлімет жинақтап, Ол Таяу Шығыста біренше жыл тұрып, Монғол елшісінен хабар алғанда, Палестинада болып, сол жерден саяхатын бастайды.
Плано Карпини апостоль Престолының бұйрығы бойынша, татар және өзге де шығыс халықтарына барып, Папа мен өзге де кардиналдардың әмірі бойынша Татар жеріне саяхатқа барады. Себебі солардан жақын арада Құдайдың шіркеуіне қауіп төне бастаған болатын. Біз Татарлардан және басқа да халықтар бізді өлтіріп тастау, аштан өлтіру, ауыр еңбекке салу және т.б. үрейленгенімізбен Құдай жолындағы папаның әмірін орындап, христиан дініне өз пайдамызды келтіру жолында біз өз - өзімізді аяған жоқпыз. Марко Поло өз еңбегінде татар жерін, халқын, салт – дәстүрін, олардың державасы мен соғысын, оларға бағынышты елдер мен өзіміздің саяхатымыз бен император сарайы жөнінен мәліметтер жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет