Қонақ үйде қызмет көрсету технологиясы.
Қонақ үйде қызмет көрсету процесі қонақты күтіп алу, орналастыру, өмір сүрген уақытында қызмет көрсету ж/е шығарып салып іс шараларынан тұрады.
Қонақ үйдегі көрсетілетін қызмет жоғарғы деңгейде болу керек. Қонақ үй қызметкерлері кәсіби шыңдалған, доғары деңгейлі маман болғаны жөн. Себебі қонақ үйге келетін адамдар әртүрлі болуы мүмкін. Қонақ үйге келген адамды күтіп алғаннан кейін, оған арнайы құжат толтырылып, алғашқы күннің ақысы қабылданады. Сосын номердің кілітін беріп орналасуға көмектеседі. Швеицар оның жүктерін көтерісіп, номерге жеткізеді. Швеицарға жүкті жеткізерде арнайы бирка беріледі. Ол биркада қонақтың келген елі, қаласы, ұлты, фамилия, қоныстанған номері сияқты мағлұматтар жазылады. Әр номерде тұрмысқа қажетті заттардан бөлек, ыдыс-аяқтар болады немесе әр қабатта орналасқан ас үйден қонақтың талап тілегі бойынша ыдыс аяқ беріледі. Оның құрамына тарелка, шанышқы, қасық, пышақ, ваза, су ішетін құралдар. Қонақтар қонақ үй мейрамханасына немесе әр қабаттағы асханаларда тамақтана алады. Ол жерде тамақ әр қашан тәтті, таза, жаңа болуы керек. Егер қонақ ауырып қалса немесе номерде тамақтанғысы келсе алдын ала заказ беріп, тамақты номерге алдырады. Сонымен қатар қонақ үйде, тазалау, кір жуу, жеткізіп беру сияқты қызмет түрлері де жақсы дамыған болады. Мұның барлығы қонақ үй тарапынан көрсетілетін қызметтер саласына, жүйесіне кіреді. Егер қонақ кететін болса, бұл туралы хабарды алған админстратор немесе қабат кезекшісі, оны шығарып салуға қажетті құжаттарды толтырады. Олар есеп айрысу қағазы, чек ж/е көрсетілген қызметтер тізімі. Қонақ барлық қызмет үшін есеп айырылысып, төлеп болғаннан кейін, Швеицар оның жүгін көлікке жеткізіп береді. Қонақ кетпестен бұрын тазалаушы номерді тексеріп, қабылдап алады.
Қызмет көрсету мәдениеті.
Қонақ үй қызметінің жақсы дамуына байланысты, онда жұмыс істейтін қызметкерлерге де қойылатын талап жоғары болады. Қонақ үй қызметкері кәсіби шыңдалған, өз ісінің маманы болуы керек. Оған сабырлық, төзімділік, сыпайылық сияқты қасиеттер өте қажет. Себебі қонақ үйге келетін адамдардың мінезі әртүрлі болуы мүмкін сондықтан олармен әрқашан мәдениетті араласу керек. Қызметкер сымбатты, жақсы киінген, өзінің сөйлеу монерасымен іс-әрекеттеріне мұқият болғаны дұрыс. Себебі қонақ үй қызметі өте күрделі ж/е үздіксіз әрекеттерден тұрады. Қызметші барлық уақытта қонақтармен қарым қатынаста болғандықтан жоғарыда айтылған қасиеттер әрбір қонақ үй қызметкеріне керек. Егер қонақ үйдегі қызмет көрсету деңгейі талаптарға сай болмаса немесе қызметшілер қателік істеген жағдайда, қонақтар шағымдану кітабына өзінің арызын жаза алады. Мысалы номер тазаланбаса, заказ дер кезінде жеткізілмесе ж/е т.б.с.с. мұндай жағдайда қонақ үй басшылағы кешірім сұрап, келген шыгынды өтеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |