А дәрумені - Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді;
- Ферменттер жұмысын күшейтеді;
- Көру пигменті –родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
- Өсу витамині деп атайды;
- Жануартекті өнімдерде-бауыр,сарымай,балық майында көп.
- Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз,қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш,өрікте көп.
- Тәуліктік мөлшері 1-1,5мг.
-
Қызғылт пигмент – каротин - КАРОТИНОИДТАР ( лат. carota -сәбіз және грек. eidos - түр), қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
- Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады; сперматозоидтың қалыптасуына;
- Эндоплазмалық тордың жарғақшасында сіңіріліп , секреттік, тасымалдаушы нәруыздардың қалыптасуына әсер етеді;
- Митоз үрдісінде жасушаның бөлінуін реттейді.
- Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А дәрумені түзіледі.
Сізге А витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер: - Күндізгі жарық көзіңізге әдеттен тыс көп әсер етсе;
- Сізге қарсы келе жатқан көлік жарығы көзіңізге қатты әсер етсе;
- Ымыртта немесе түнде көруіңіз нашарласа, яғни ақшам сокырлықты байқасаңыз;
- Шынтағыңыз, тізеңіз, бөксеңіз қызарып кетсе;
- Тамағыңыздың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынса;
- Басыңызда қайызғақ пайда болса.
D дәрумені (кальциферол) - Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
- Бұлшықет тонусын күшейтеді;
- Ферменттер жұмысына әсер етеді;
- Ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады;
- Күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;
- Тәуліктік қажеттілігі 1 мг;
- Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т.б. кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |