Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |