Өндірістік бөлмелерді жарықтандыру үшін келесі жарық көздерін қолданады: қыздыру шамдары және газды разрядты шамдар – төмен (люминисцентті) және жоғары (доғалы сынапты люминисцентті – ДСЛ ДСИ) қысымды.
Қыздыру шамдарына вакуумды (НВ), галогенді (ГЛН) шамдар және т.б. жатады.
Люминисцентті шамдар жарық ағымын спектрлар бойынша тарату сипатымен ерекшеленеді: ЛБ – люминисцентті, ақ түсті; ЛД – люминисцентті, күндізгі жарықтық; ЛТД – люминисцентті, жылы-ақ түсті; ЛХБ – люминисцентті суық-ақ түсті; ЛБЦТ – люминисцентті, ақ түсті жақсартылған түстерді бергіштері бар; ЛЕ – люминисцентті, спектрі бойынша табиғи күн жарығына ең жақын.
Табиғи жарықтандыруға баға беру
Адамдар тұрақты түрде болатын бөлмелер, ережеге сай, баға беруде 23-05-95 ҚНмЕ –де келтірілген талаптарға сай келетін табиғи жарықтануы болуы керек.
Жаңадан салынып жатқан немесе қайтадан құрастырылып жатқан өнеркәсіптік нысандардың жобаларына баға беруде табиғи жарықтануды есептеуді ТЖК анықтау жолымен жүргізеді.
Желдендіру өндірістік бөлмелердің ауа ортасын сауықтыру бойынша шаралар жүйесін толықтайтын санитарлық-техникалық құрал болып табылады. Желдендіру көмегімен жылу мен ылғалдылықтың, сонымен қатар газдардың, булардың және шаңның артық мөлшерімен күрес жүргізеді.