Өндірістік-педагогикалық практиканы



бет3/7
Дата04.06.2024
өлшемі52.88 Kb.
#502313
1   2   3   4   5   6   7
Күнделік (1) жази

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 
Сабақтың мақсаты: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану;
шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Оқушылар сабақ барысында шығарманы сыни тұрғыдан талдады. Мұғалім романда көтерілген мәселелерді «проблемалық сұрақтар» қою арқылы бүгінгі күнмен байланыстырды.

Апайдың бұл салада білікті маман екеніне көз жеткіздім.Оқушылармен өте жүйелі жұмыс жасай білетін ұстаз екенін ұғындым.Оқушылар шығарма кейіпкерлері мен оқиға желісімен танысты.
.

22.01.2024


22.01.2024





3.

«Жақсы кітап - жан азығы» атты тақырыпта оқу сағаты жүргізілді. Оқу сағатында оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын түсіндіріп, кітапқа қызықтырудың әдіс-тәсілдерін қолдандық.

23.01.2024

23.01.2024



4.

Б.Майлин өмірі мен шығармашылығын оқушыларға таныстырдық. Оқушыларды қызықтыру мақсатында әр топқа бөліп «Балық қаңқасы» әдісін қолдандық.Үй тапсырмасына «Шұғаның белгісі» хикаятын толықтай оқып келуге бердік.

24.01.2024

24.01.2024


5.

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятының мазмұнын оқушылармен бірге талдадық. Оқушылардың шығарманың қаншалықты түсінгенін білу үшін «KAHOOT» ойыны бойынша тексердік.Үй тапсырмасына «Шұғаның белгісі» хикаятының желісімен қойылым қою берілді.

25.01.2024

25.01.2024


6.

Келесі кезекте романдағы кейіпкерлер образына мінездеме берумен жалғастырдық. Басты кейіпкер Шұғаның өлімі, жігіті Әбдірахманмен қосыла алмауы, әкесінің тиген залалы бойынша оқушылар әр кейіпкерге мінездеме берді. Яғни, бұл сабақта кейіпкерлер жүйесіне мінездеме беруді үйрете алдық. Сондай-ақ, оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының желісімен қойылым қойды. Қойылымдағы детальдарды талдау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

29.01.2024

29.01.2024


7.

Шұғаның белгісі» хикаятындағы салт-дәстүр, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қарастырдық.Оқушыларды «пазл» әдісімен топқа бөлдім. «Блум түймедағы» арқылы хикаядағы жоқтау, атастыру, бесік құда, бел құда салт-дәстүрлерін талдадық. Келесі кезекте әр топ берілген үзіндіден мақалдар мен тұрақты тіркестерді тауып, олардың мағынасын ашты.

31.01.2024

31.01.2024


8.

Хикая бойынша дайындалған сұрақтармен бекіту тесті алынды. Жауаптары тексеріліп, нәтижесінде сыныптың 85-90% -ы жақсы нәтиже көрсетті. Осылай романды тамаша қарқынмен қорытындыладық.



01.02.2024

01.02.2024


9.

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романын бастадық. Оқушылар сабақ барысында өткен мағлұматтарын жүйелеу үшін «3Б» кестесін толтырды.Романның сюжеті мен негізгі идеясын ашып, оқушыларға әрі қарай іздену мақсатында, романды толық оқып келуге тапсырма бердік.

05.02.2024

05.02.2024


10.

«Ұлпан» романының мазмұнына шолуды «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» форматында жасаттым. Оқушылардан туындының ұнаған тұсы мен ұнамаған тұстары және автордың шеберлігі туралы ой тарқаттық. Оқушылар қазіргі қоғаммен байланыстыра отыра, тұщымды мәселелер қозғады.

06.02.2024

06.02.2024


11.

Оқушылар Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы туралы үш топқа бөлініп, постер қорғады. Әр топ өзге топтарға «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдана отырып сын-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты шағын пікірталас өткіздік.



08.02.2024

08.02.2024


12.

«Жусан иісі» повесі«Ұлпан» романындағы кесек тұлға Ұлпан бейнесіне талдау жасадық. Оқушыларға туындыдан жағымды және жағымсыз кейіпкерлер бейнесін ашудағы автордың суреттеу ерекшеліктерін тапты. 
Роман бойынша тапсырмалар: 
Топқа бөліну арқылы Ұлпанның өмір кезеңдерін талқыладық. 
І топ- Балалық және бойжеткен шағы
ІІ топ – Ел анасы болған кезі
III топ – Қартайған шағы

12.02.2024

12.02.2024


13.

Ұлпан» романындағы мәселелердің қазіргі таңдағы өзектілігін тілге тиек етіп алдық. Оқушылар топтарға бөлініп, өз ойларын ортаға салды.  «Әлеуметтік мәселелердің бүгінгі кездегі көріністері Махаббат жасқа қарай ма?. Ұлпанның  іс –әрекетінің халыққа әсері, бүгінде Ұлпан сынды қандай адамдарды білеміз?» осы мәселелер аясында сөз қозғадық.

13.02.2024

13.02.2024


14.

9 «ә сынып» оқушыларының «Қазақстан тарихы» сабағына қатыстым. Қатыса отырып, тарих пәні мұғалімінің оқушыларға тақырып айналасында сабақ түсіндіре отырып, кері байланысты креативті түрде жасата алғаны ұнады.

14.02.2024

14.02.2024


15.

Оқушыларға Ұларбек Нұрғалымұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат бердік. Жазушының «Дайағашшы» туындысы туралы қызықты мәліметтерді презентация арқылы таныстырдық.Жазушының «Тізгін қағу» әңгімесінен оқушылар ауылдағы жылы естеліктерін ортаға салып, еркін форматта әңгіме қозғадық.



15.02.2024

15.02.2024


16.

1 – наурыз – «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында оқушылармен бейнеролик дайындадық. Оқушыларға «Алғыс» стикерін тараттым.



19.02.2024

19.02.2024


17.

Оқушыларға «Тізгін қағу » шығармасына композициялық талдау жасаттық. Әңгімені оқушылардың түсінігін білу мақсатында «Сұрақ-жауап» ойынын ойнаттық.

20.02.2024

20.02.2024


18.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сынып жігіттері «СЫЙЫНАР ЕМ АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ» атты мерекелік іс-шара өткізді. Кеш қонақтары ретінде сабақ беретін мұғалім апайлар және оқушылардың аналары мен әжелері келді. Ұлдар қыздарға арнап ізгі ниетпен жасалған сыйлықтарын тарту етті.



21.02.2024

21.02.2024


19.

Өткен тақырыптарды саралау мақсатында БЖБ өтті. БЖБ тақырыбы: «Әпке», «Қар қызы» «Шұғаның белгісі».
Оқушылар берілген критерий бойынша 15-20 минут ішінде бжб жұмыстарын жазды.
Бағалау критерийі:  негізгі, қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайды, нақтылау сұрақтар құрастырады. Кейіпкерлерді талдайды, берілген сұрақтарға өз ойын жазады.

22.02.2024

22.02.2024




20.

9 «Ә» сынып оқушыларымен Әз Наурызға арналған «Наурыз – құт-береке бастауы» атты тәрбие – сағатын ұйымдастырдық. Оқушылар түгелімен қатысып, ұлттық ойындар ойнады, ұл-қыздар өз өнерлерін ортаға көрсетті.

26.02.2024

26.02.2024


21.

Қазақ тілінен «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» тақырыбын өткіздім. Оқушылар арасынан топқа бөліп, тақырыпқа қатысты жарыстар ұйымдастырдым. Оқушылардың белсенділігін, тақырыпты түсінгендігін бақыладым. Кері байланыс жасау арқылы оқушылардың ойларын тыңдадым.

27.02.2024

27.02.2024


22.

Тақырыпты түйіндеу үшін оқушыларға «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ- ҰЛАНЫМЫН» тақырыбында эссе жазуға тапсырма бердім.

28.02.2024

28.02.2024


23.

«Жау тылындағы бала» мазмұнын талқылап болып, С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» шығармасындағы өткен ғасыр ауылына бардық.

29.02.2024

29.02.2024


24.

Бала Шаншатайдың қалайша Тәмпіш қара атанғанына жауап іздедік.

01.03.2024

01.03.2024


25.

Нәтиже сабақта 6-бөлімді пысықтап, соңғы сабақтарымды өткіздім.

04.03.2024

04.03.2024


26.

Бөлім бойынша жаттығуларды саралап, шығармашылық тапсырмалар орындадық.

05.03.2024

05.03.2024


27.

М. Шахановтың өмірбаянымен танысып, «Нарынқұм зауалы» өлеңін бастадық.

07.03.2024

07.03.2024






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет