Сабақ: Ұлттық ойындар Мектеп: №3 Күршім гимназиясы кмм күні



бет1/6
Дата14.04.2024
өлшемі38.81 Kb.
#498619
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Қысқа мерзімді жоспар "Ұлттық ойындар




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



САБАҚ: Ұлттық ойындар

Мектеп: №3 Күршім гимназиясы КММ

Күні: 20.10.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Акиолдина Меруерт

СЫНЫП: 5

Қатысқаны: 14

Қатыспағаны: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.5.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары туралы біледі, сипаттайды.

Оқушылар көпшілігі орындай алады:

  • Ұлттық ойындардың шығу тарихын сипаттап, өзгелерге түсіндіре алады, тоғызқұмалақ ойынын ойнау тәртібін, кейбір тактикаларын біледі, практикада қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Кейбір оқушылар ұлттық ойындар шеңберіндегі стратегиялар мен тактикаларды басқа оқушыларға түсіндіріп, үйрете алады, бөлісе алады, ойын барысын есептеп жеке талдайды, бағалайды, үйлесімді нұсқалар жасайды, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:

Оң нәтижеге жету тактикасы мен стратегиясын топтарда паш ету және талқылау.
Сабақ белсенділігінің тірек сөздерін 3 тілде біледі:
ұлттық-национальный-national, ойын-игра-game; стратегия-strategy; тактика-tactics
Тоғызқұмалақ сөздігі:

  • құмалақ, отау, қазан, тақта, тақ сандар, жұп сандар, «табысты жүріс», «табыссыз немесе кезекті жүріс»

  • ойын, ойын іс-әрекеті, ойын дағдысы, стратегия, тактика, мәселе, шешім, ойынды жазу, ынтымақтастық, командадағы жұмыс

  • рөлдер мен позициялар: Бастаушы/Қостаушы, «Арт», «Тектұрмас», «Ат өтпес», «Атсыратар», «Бел», «Белбасар», «Қандықақпан», «Көкмойын», «Маңдай», «Тұздық», «Байлық жию», «ашық отау», «жабық отау»,

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай басқа ұлттық ойындарды білесіздер?

  • Ұлттық ойынның қарапайым ойыннан айырмашылығы

неде?

  • Бізде ойындарда неліктен ережелер бар? Тоғызқұмалақ ойынының ережелерін атай аласыз ба?

  • Бұл ойында қандай тактика қолдандың, оны жүзеге асыру әдістері қандай?

  • Сізге жұппен жұмыс істеген ұнай ма? Қай жұптың ойынын сәтті ойын деп атай аласыз?

  • Ережелерді қадағалау және топтық ойындарда әділ ойнау

не үшін сонша маңызды екендігін айта аласыз ба?

Не себепті «Тоғызқұмалақ» ойыны басқа ойындардан ерекше деп ойлайсыз? Ойыншының ұстанымы қандай деп ойлайсыз?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет