Тарихы
Жылқының кескіні, Үңгір суреті, Ласко үңгірі, шамамен 16 000 жб
Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 – 8-мыңжылдық) саяды (мысалы, Оңтүстік Франциядағы Фон-де-Гэм, Солтүстік Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір Кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі Кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние Кескіндемесі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара теңіздің солтүстік жағалауында сақталған) архитектуралық кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы Кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндеме сінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мысалы, Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б.з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орталық Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументтік Кескіндеме дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орт. Азия мен Әзірбайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс К-сі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды.
Адам атаның жаралуы, Сикстин капеллесіндегі Микеланджелоның фрескасынан алынған бөлшек кескін. (1511)
Ренессанс дәуірінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған Кескіндеменің маңызы артты. 14 ғ-да италиялық суретші Джоттоның Кескіндемелері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланд) Кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда).
Леонардо да Винчи
17 – 18 ғ-ларда Еуропада К-нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя). Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді.
Психол. мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. 17 ғ-да жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. 17 – 18 ғасырларда монументтік-сәндік Кескіндеме (әсіресе, барокко стилінде) өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеум. жіктелу – осының бәрі кескіндеме де жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, т.б.). 19 ғ-да Еуропа (Балқан елдерінде) мен Америкада Кескіндеме нің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония, т.б.) Кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері: Т.Жерико, Э.Делакруа, Г.Курбе, Ж.Ф. Милле, О.Домье, К.Коро (Францияда); Дж.Констебл (Англияда); А.Менцель, В.Лейбль (Германияда), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, А.Г. Венецианов, П.А. Федотов (Ресейде), т.б. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В.Г. Перов, И.П. Крамской, И.В. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, И.И. Левитанның, т.б. туындылары Кескіндемеде жаңа бағыт туғызды.
Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. 19 ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы Кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы Кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру (негізінен, “модерн” өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік Кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық Кескіндеме техникасы жасала бастады.
19 ғ-дың аяғында және 20 ғасырдада дүние жүзі бойынша Кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат. Америкасы елдерінде Кескіндеменің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм К-сінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), ішінара “модерн” Кескіндемесінде де 20 ғ-ға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады.
Мона Лиза (Ritratto di Monna Lisa del Giocondo), Леонардо да Винчи
20 ғ-дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Батыс Еуропа мен Америка Кескіндемесі “топ-арттың” бір саласының бөлігін құрады. 20 ғ-да монументтік-сәндік Кескіндеменің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік Кескіндеме де жаңа бояулар – Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органик. бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.
Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі Кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 – 3 ғ-лар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады.
Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше Кескіндеме шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғ-лар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді.
Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: “Сырымбет” (1850), “Сартайдың портреті” (1856), “Шақырым бағандары” (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В.Штернберг(“Түйе”, “Киіз үй тұсындағы көрініс”), А.Горнович (“Ақмешітті алу”), А.Чернышев (“Қазақтардың көші”, “Қонып жатқан қазақтар”, т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып (“Аңшы қырғыз (қазақ)”, “Лепсі даласындағы таулар”, т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты “Байғұстар”, “Киіз үйде”, “Мемлекет жұдырығы” деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ Кескіндеме мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ Кескіндеме өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ Кескіндеме өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ Кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). Кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең (Төлепбаев пен Түлкиев), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті (Ә.Төлебиев пен А.Рубашев) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., Садыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ Кескіндемесін әлемге таныта білді.[1][2][3][4][5]
Галерея
Мазмұнға өту
Қарындаш
Тұрақты
Помада
Макияж түрлері
Мерекелік
Бет
Достарыңызбен бөлісу: |