2.Азот қышқылы өндірісі мен қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз. Өндірістің технологиялық параметрлерін сипаттаңыз. Азот қышқылы маңызды минералды қышқылдардың бірі. Сусыз азот қышқылы түссіз сұйық, ауада буланады. Өте күшті тотықтырғыш. Өнеркәсіпте азот қышқылы 2 түрде шығарылады: 50-60%-тік сұйытылған азот қышқылы(); 96-98%-тік концентрленген азот қышқылы(жарылғыш заттарды, бояғыштарды, пластмассаларды, нитроланттарды өндіруде қолданылады).Азот қышқылын өндіру әдістері Селитрадан алу (Глаубер әдісі) – XVII ғасырдың ортасынан бастап XX - ғасырдың басына дейін осы әдісті қолданды.NaNO3+H2SO4 ↔NaHSO4+HNO3Бұл әдіс кейбір селитрасы көп жерде қолданылды.Ауадан алу. Азот пен оттек 1200°С-та реакцияласа бастап (электр ұшқынында) 3000°С - та тепе-теңдік оңға қарай ығысады. N2 + О2 ↔ 2NO - 181,4 кДжОсылай түзілген азот оксиді өздігінен оттекті оңай қосып алып, азоттың диоксидіне айналады;2NО + О2 → 2NО2 + 112кДжАзот диоксиді сумен реакцияласып азот қышқылын түзеді.3NО2+ Н2О →2HNО3 + NO + 136кДж Бұл әдіс электр энергиясы арзан болмаса, өте қымбат әдіс болғандықтан, қолданыстан қалып келеді.Өнеркәсіпте азот қышқылының 2 сорты шығарылады:1.Құрамында 50-60% HNO3 бар сұйық азот қышқылы2. 96-98% HNO3 бар концентрленген азот қышқылы Аммиактан сұйытылған азот қышқылын алу•Өндірістік технологиялық үдерісі: •Атмосфералық;Жоғары қысымда;Комбинерленген.•Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен сұйытылған азот қышқылы алынады.Азот қышқылын аммиактан өндіру мына сатылармен жүреді: 1. Аммиакты катализатор қатысуымен азот оксидіне дейін тотықтыру:4NH3 + 5O2 ↔ 4NO +6Н2О + 907кДж 2. Азот оксидін оның диоксидіне дейін тотықтыру2NO + O2 ↔ 2NO2 +112кДж 3. Азот диоксиді сумен абсорбцияланады.3NO2 +Н2O ↔2HNO3 +NO +136 кДж Бөлінген азот оксиді диоксидке дейін тотығып қайтадан абсорбцияланады.Азот қышқылын аммиактан алудың негізін қалаған инженер И. И. Андреев 1914 жылы Донбаста көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып, азот қышқылын алуға болатындығын дəлелдеп, 1917 жылы Донбаста бірінші зауыт салды. Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен сұйытылған азот қышқылы алынады. Сұйытылған азот қышқылын алғанда аммиакты атмосфера қысымында, азот оксидін жоғары қысымда тотықтырады да, түзілген азот диоксидін сол қысымда сумен абсорбциялайды. Аммиактан азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы негізгі алты операциядан тұрады.Медицинада қолданылуы фармакологиялық (тері түзілімдерін кетіруге арналған препараттарға кіреді);дәрі-дәрмек (сүйелдерді және басқа тері түзілімдерін күйдіруге арналған). 1. сүйелдерді және кейбір басқа да тері зақымдануларын күйдіру үшін құрамында 32-33% HNO3 бар таза қышқыл түрінде; 2.висмут тұзы түрінде (висмут гидроксонитрат) және тағы басқа түрінде асқазан-ішек ауруларына тұтқыр және антисептик ретінде: ойық жара және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |